«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет118/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   196
Байланысты:
edu kk

Бизнес-жоспар деген не?
Бизнес-жоспар дегеніміз – кәсіпорынның мақсаттары жазылған, оларға негіз-
демесі берілетін құжат. Онда қаражатты іске асыру үшін және жұмыстардың түпкі 
қаржылық көрсеткіштеріне қол жеткізу жолдары айқындалады. Әдетте, жылдарға 
бөліне отырып, бірнеше жылға (көбінесе үш-бес жылға) жасалады. Бұл ретте бірін-
ші жылы деректер айларға бөлініп беріледі, ал кейінгі жылдарға жылдық есептеу-
мен беріледі. Әрекет етуші кәсіпорындардың жоспарын құрғанда өзгермелі гра-
фик қолданылады, осы бойынша жыл сайын әрбір келесі жылға егжей-тегжейлі 
жоспар әзірленеді, нақтыланады және тағы бір жылға созылады. 
Бизнес-жоспардың міндеті – бизнес-идеяларды іске асырудың мүмкіндіктерін 
көрсету. Бұл мүмкіндіктер мен тәуекелдердің шынайы бағасын береді әрі қосымша 
инвестицияларды тарту (немесе оның жоқтығын), несие желілерін ашудың қажет-
тігін көрсетеді. Негізінде, бизнес-жоспар алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу 
үшін кәсіпорынды басқарудың табыстылығын және дамыту жолдарын көрсетеді. 
Бизнес-жоспарды қолданушылардың екі тобы бар – ішкі (бизнес-идеялардың 
бастамашысы, фирманың құрылтайшылары мен қызметкерлері) және сыртқы 
(әлеуетті инвесторлар, несие беруші ұйымдар, серіктестер).
Бизнес-жоспар негізгі үш мақсатқа қызмет етеді:
• инвесторға осы инвестициялық жобаға қаражат салғаны дұрыс па, бұрыс па 
деген сұраққа жауап береді; 
• Жобаны тікелей іске асыратын тұлғалар үшін ақпарат көзі қызметін атқарады; 
• Несие беруші ұйымдар несие беру туралы шешім қабылдаған кезде, қарыз 
алушының әрекеттегі бизнесі туралы және несие алғаннан кейінгі дамуы туралы 
толықтай ақпарат алады.
Бизнес-жоспар мынадай негізгі міндеттерді шешуге көмектеседі:
• Кәсіпорын мақсаттарын анық белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық 
көрсеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;
• Фирма қызметінің нақты бағыттарын анықтау;


143
• Мақсатты нарықтар және осы нарықтардағы фирманың орны;
• Фирманың ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттарын, оларға қол жеткі-
зу стратегиясы мен тактикасын белгілеу, оларды іске асырудың нақты сандық көр-
сеткіштерін және қол жеткізу мерзімдерін анықтау;
• Стратегияны іске асыру үшін жауапты тұлғаларды анықтау; фирманың тұты-
нушыларға ұсынатын тауарлары мен қызметтерінің құрамын таңдау және көрсет-
кіштерін анықтау;
• Оларды құру және іске асыру бойынша өндірістік және сауда шығындарын 
бағалау;
• Фирманың бар кадрларының сәйкестігін, олардың еңбектерін алға қойылған 
мақсаттарға жету үшін қажет етілетін талаптарға мотивациялау шарттарын анықтау;
• Нарықты зерделеу бойынша, жарнама, сатуды ынталандыру, баға құру, өткізу 
каналдары және т.б. бойынша фирманың маркетингілік іс-шараларының құрамын 
анықтау;
• Фирманың қаржылық жағдайын және алға қойған мақсаттарға жету үшін 
қолда бар қаржылық және материалдық ресурстардың сәйкестігін бағалау; биз-
нес-жоспарды іс жүзінде орындауға кедергі келтіруі мүмкін «су астындағы тастар-
ды», қиыншылықтарды алдын ала білу; 
• Жобаны іске асыру барысына бақылау жүйесін ұйымдастыру. 
Бизнес-жоспарлар төмендегідей түрлерге бөлінеді: 
• инвестициялардың бизнес-жоспары – әлеуетті серіктес немесе инвесторға 
маркетингілік зерттеулердің нәтижелерін, нарықты игеру стратегиясының, бол-
жанған нәтижелер негіздемесін баяндау;
• компанияны немесе фирманы дамытудың бизнес-жоспары – алдағы жоспар-
лы кезеңге ұйымның даму жоспары
• кәсіпорынның жеке бөлімшесін дамытудың (құрудың) бизнес-жоспары;
• банктен несие алуға немесе тендерге қатысуға арналған бизнес-жоспар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет