«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет191/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196
Бизнестегі мақсаттар – бұл мақсаттардың қалыптасуы мен оларды ең үнемді 
(үнемді) құралдарымен іске асыру (жетістік) бойынша адамның өз әрекетін 
практикалық түсінуі.


241
Гант диаграммасы (англ. Gantt chart, сондай-ақ таспа диаграммасы, Гант кес-
тесікүнтізбелік кесте) – жоспардың, қандай да бір жоба бойынша жұмыстың 
кестесін суреттеу үшін пайдаланылатын бағаналы диаграммалардың (гисто-
грамм) танымал түрі.
Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім
бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орын-
дауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге 
келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан 
Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нор-
мативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде 
көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық 
мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.
«Жалған кәсіпкерлік» – бұл жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз несие алу немесе 
салықтан жалтару үшін қандай да бір кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру 
ниетінсіз құру.
Жануарлар карантині – диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық емдеуді 
жүргізу мақсатында қайта әкелінген, әкелінген, сатып алынған, әкетілетін, тасы-
малданатын жануарларды оқшаулау.
Жанама шығындар – өз ісіңізді жүргізу барысындағы тікелей шығындардан басқа 
барлық басқа шығындар. Жанама шығындар, әдетте, белгілі бір өніммен не-
месе қызметпен тікелей байланысты емес. Мысалы, тауарлар өндіруде немесе 
қызметтерді көрсетуде тікелей қатысы жоқ қызметкерлерге немесе иелеріне 
жалақы төлеуге кететін шығындар жанама болып табылады. Бұларды жанама 
еңбек шығындары деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет