«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік



Pdf көрінісі
бет23/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   196
Байланысты:
edu kk

3 000 000 (үш миллион) теңгеден
аспауы керек. 
Грант алуға конкурстық іріктеуге қатысу үшін Бағдарламаның шеңберінде өз 
қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер құжаттарды толық ұсынған жағдайда қаты-
суы мүмкін. Әрбір кәсіпкер грант алу мақсатында бір бизнес-жоба бойынша кон-
курстық іріктеудің қатысушысы бола алады.
Бизнес-жобаның міндетті шарттары: жобаның инновациялығы, бизнес-жоба-
ның бәсекеге қабілеттілігі мен дайындығы, сондай-ақ кәсіпкердің грант көлемінің 
кем дегенде 10% мөлшерінде өз қаражатымен қатысуы, оның ішінде жылжымалы 
және жылжымайтын жеке мүлікті, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға жұм-
саған шығындарын бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асыру.
Кәсіпкерлер грант қаражатын келесі мақсаттарда пайдалануы тиіс:
1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу; 
2) материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4) франшизаға құқықтарды сатып алу;
5) зерттеуге және/немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты 
шығындар.
Кәсіпкерлерге гранттар берілмейді, келесі жағдайларда:
1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттылық кезеңінде, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылған 
қызмет түрлеріне;
2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 
бойынша берешектің болуы;
3) негізгі қызметі жалға жылжымайтын мүлікті беру болып табылады.
Грант қаражатын жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін сатып алу үшін және 
жалдау ақысын төлеу үшін пайдалануға болмайды.
Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекіткен Бағдарламаның шеңберінде Ережемен реттеледі.
Мемлекеттік гранттарды алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1. Заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің 
көшірмесі;
2. Салықтар, алымдар, жарналар бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-
күйі туралы ақпарат;
3. Кәсіпкерлердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы 
банк шотынан үзінді немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің 
бағалау құнын растайтын құжаттар;
4. Өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны тура-
лы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса) расталған 
анықтама;
5. Кәсіпкердің ҰКП-ның «Бастау Бизнес» немесе «Бизнес Кеңесші» қысқа 
мерзімді оқыту курсынан өткендігін растайтын сертификаттың көшірмесі;
6. Бизнес-жоспар;


32
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
7. Өкілге сенімхат (қажет болған жағдайда);
8. ЖШС үшін Жарғысының көшірмесі;
9. Лицензияның көшірмесі, егер кәсіпкерлік қызмет түрі лицензиялануға жата-
тын болса.
Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) мемлекеттік гранттары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет