«бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік


Паблик-рилейшенз, public relations



Pdf көрінісі
бет56/196
Дата12.12.2022
өлшемі9,76 Mb.
#56604
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   196
Байланысты:
edu kk

Паблик-рилейшенз, public relations, қысқартып айтсақ PR, ол сіздің имиджіңізді 
қалыптастырады және оны нақтылайды. Тура осы жерде түсінбеушілік туындай-
ды. Кейде «Имиджілік жарнамалау» деп айтылады көп жерде. Бірақ маркетологтің 
көзқарасы бойынша имиджілік жарнамалау болмайды. Бұл көбіне қатардағы өтіп 
жатқан акция РR, яғни теледидардағы ролик немесе қолдаушы жарнама ретінде 
болады.
Мерчендайзинг дегеніміз сату орнында тауарларды өткізу жүйесі. Бұл жүйеге 
дүкен ішіндегі ахуал, сауда сөрелерінің орналасуы, дүкен ішіндегі ақпарат, тауар-
лардың жайғасуы және сатушының жүріс-тұрысы кіреді.
Төртінші «P»-place – өткізу каналы. Өткізу каналы дегеніміз тауарды өндіруші-
ден тұтынушыға дейінгі жылжыту жолы. 
Маркетинг стратегиясы дегеніміз не?
Кез келген бизнес идеядан туындайды. Бизнесті адамдардың белгілі бір өнімді, 
жұмысты немесе қызметті сатып алғысы келетінін көрген ер адамдар мен әйел-
дер бастайды. Бизнестегі жаңа мүмкіндік туралы идея пайда болғаннан кейін оны 
стратегияға дамыту керек. Маркетинг стратегиясы негізгі операциялардың қысқа 
да нұсқа сипаттамасы болып келеді. Жақсы стратегия төрт маңызды сұраққа жауап 
береді:
• 
Қандай өнімді немесе қызметті сатпақшысыз?
• Оларды 
кімге сатасыз?
Өнімдер мен қызметтерді 
қалай сатасыз?
• Клиенттердің 
қандай қажеттілігін қанағаттандырмақшысыз?


64
«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ БОЙЫНША ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Классикалық әдебиетте авторлар маркетинг үшін маңызды деп санайтын сан 
түрлі сұрақтарды табасыз, бірақ аталмыш курс аясында тек қана тәжірибелік зат-
тар туралы ғана айтамыз.
• Қандай?
Сіздің бизнес қандай өнімді, жұмысты немесе қызметті сатады? Маркетин-
гіңіздің стратегиясы сіздің қолыңыздан бәрі де келеді дегенге негізделуі тиіс. Қан-
дай тауарды, жұмысты немесе қызметті сата алатыныңызды дұрыс түсіну үшін екі 
нәрсе қажет: 
Біріншісі, сіздің ұнататын дүниелеріңіз, дағдыларыңыз немесе тілек-ниетіңіз. 
Бұрын меңгерген белгілі бір хобби, қызықты кәсіп немесе дағдыңыз бар шығар 
(дәмді тамақ істеуді ұнатасыз, аяқ киім немесе үй техникасын жөндейсіз, т.б.). 
Екіншісі, сату және бизнесті ашу үшін қалайда таңдап алған өнімге, жұмысқа 
немесе қызметке сұраныс пен ұсынысты бағалау. Қанша адам тауарыңызды сатып 
алады, қандай бәсекелестеріңіз бар, өніміңіздің қандай артықшылықтары бар? 
• Кімге?
Сіздің өніміңізді, жұмысыңыз немесе қызметіңізді кім сатып алады? Сіздің кли-
енттеріңіз жеке тұлғалар не басқа кәсіпорындар (тіпті мемлекеттік) болуы мүмкін. 
Олар шағын мекенді немесе үлкен аумақты, болмаса күллі елді танытуы мүмкін. 
Клиенттердің белгілі бір тобына ғана, не бәріне бірдей сатасыз ба? Кімге сататы-
ныңыз жайлы анық түсінігіңіз болғаны аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет