65
Мәселен, «Наубайхана» бизнесі үшін тауашаны таңдап алдыңыз.
Сонымен
наубайхананы таңдап алдыңыз, себебі (себеп/уәждеме қажет):
1) тамақ әзірлеуді ұнатасыз;
2) бала кезіңізде ата-анаңызға нан жабуға көмектескенсіз және оның дәмді
екенін
әлі ұмытпадыңыз;
3) «нан бар жерде ән бар», тамақты үнемі тұтыну өнімге деген тұрақты сұра-
нымды тудырады, нан алуға дүкенге күнде барасыз;
4) халық саны (10 мың адам немесе 2 500 үй) елді мекенде бар-жоғы 3 нау-
байхана бар. Дүкендер наубайханадан нан сатып алғанда нан өнімдеріне деген
сұранысты 100% қанағаттандырмайды және нанды қалалардан немесе басқа
ауылдан сатып алуға мәжбүр.
4) наубайханалар нан ғана сатады, бұл жерде тоқаштар, жұқпа нандар мен ла-
ваштар сатылмайды, торттар
мен бәліштер жоқ;
5) қолыңыздан келеді деп есептейсіз!
4.2. НАРЫҚТЫ СЕГМЕНТТЕУ
Сегментация дегеніміз өзіңіз үшін белгілі бір күрделі заттарды біршама
ұсақтарға бөлу процесі, ал олар міндеттерді біртіндеп, қадам-қадаммен орындау-
ға мүмкіндік береді. Маркетингіде сегментация дегеніміз
сатып алушыларыңыз-
дың ұнататын заттарын оларға ұсына алатын өнімдер түрлері бойынша топтасты-
руыңыз.
Терминдердің аңықтамасы:
Сегмент – қажеттіліктері, ниеттері мен мүмкіндіктері ұқсас сатып алушылар
тобы. Нарықтың түрлі сегменттерге бөлінуі және оларды кейін зерттеп-білу компа-
ниялардың назарын табыстылық тұрғысынан біршама перспективалы сегменттер-
ге (яғни мақсаттық сегменттерге) жұмылдыруына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: