Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған


-тарау. «Әліппе» пәнінің мазмұны



бет2/3
Дата13.05.2022
өлшемі30,96 Kb.
#34294
1   2   3
2-тарау. «Әліппе» пәнінің мазмұны

6. «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына


6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.

7. Оқу пәнінің мазмұны:

1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;

2) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);

3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;

4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.

8. «Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең –
12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.

9. «Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.

10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:

1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;

а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;

с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;

2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;

ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) –


24 сағат.

Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі.

11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;

2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;

4) дыбыспен жаттығу: сөзге дыбыстық талдау жасау, сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтау, сөздерді буынға бөлуге дағдыландыру,сөз ішіндегі және екі, үш буынды сөз ішіндегі дыбыстарды айыру, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дыбыстарды, буындарды қосып, сөз айтуға дағдыландыру;

5) жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу);

6) қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру;

7) байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін айқындауда А. Байтұрсынұлының шағын сөзді әдісі, дыбыспен жаттығу әдісі негізге алынды.

Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары


3-тен аспауы керек.

12. Әліппе кезеңінің міндеттері:

1) дыбысты әдіс арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

2) дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;

3) дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;

4) естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;

5) жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

6) дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.

7) оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру;

8) сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

9) көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

10) сөздік қорын байыту;

11) өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі, жазу-оқу әдісі негізге алынды.

Ескерту:

І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант –


3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант –3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

13. «Әліппе»пәнінің базалық білім мазмұны.

Тыңдалым мен айтылым:

1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

3) фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;

4) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

5) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

6) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

7) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау,


рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;

Ескерту: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.

14. Оқылым:

1) сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;

2) дыбыстардың мағына ажыратушы қызметін түсіну;

3) сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

4) сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

5) дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен таңбаланатынын білу, жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;

6) қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш,
ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;

7) сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу;

8) сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;

9) мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

10) сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;

Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында


4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны
2-6-ден аспауы керек.

15. Жазылым:

1) тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) сызбалар арқылы модельдеу;

2) жазу жұмысына дайындық (денені дұрыс ұстау, қолды дұрыс қойып отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты, қаламды дұрыс ұстау); кеңістікте бағдарлау дағдысы (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, босаралық, көлбеу, тік); сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу;

3) бас әріп пен кіші әріптерді талапқа сай көркем жазу; дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап, әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

4) әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

5) көшіріп жазу, есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;

6) сөздерден сөйлем құрау;     

7) қатесіз және көркем жазуға дағдылану;

8) бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

9) сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет