біріншіден, пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтарына жатады.
–
Достарыңызбен бөлісу: |