Бастауыш білім беру мұғалімі жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктерін зерттеу, бақылау



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі44 Kb.
#13395
1   2   3   4   5   6   7
біріншіден, пән мазмұнының  спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек­шеліктері:

оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;

әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;

жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады, спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді, оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қол­дануға жетелеу спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары­на жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет