17.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары. «Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту сы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |