39.Оқушылардың үлгермеушілігі және онымен жұмыс түрлері Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.