Байланысты: Бастауыш мектеп оқушысын әлеуметтендіру арқылы өзін
1.2 Әлеуметтік аспектісіндегі «мен» тұжырымдамасының дамуы ...
Бағалау әрекетінің мақсаты оқушылардың оқу үлгерімін бақылау және өзін-өзі объективті бағалауын қалыптастыру болып табылады. Оқу тәрбие үрдісінде оқушыда өздерінің мүмкіндіктерін бағалауда шынайылық ұстанымы қажетті.
Оқу-танымдық қызметінің нысанымен сәйкес келетін бағалау әрекетінің нысаны - оқушылардың білімі мен ептілік жүйесі болып табылады. Мұғалімнің оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау қорытындысы бағалау болады, ол қаты-настардың деңгейі мен бейнелену әдісіне қарап эмоциялық күйдің белгісімен және қарқындылығымен, вербалдық нұсқасымен, бағалау пікірімен, бағамен білінеді (Б.Г.Ананьев, Г.И.Щукина, Н.В.Кузьмина).
С.Л.Копотев жасаған теориялық талдаудың көрсетуі бойынша, педагогика-лық бағалау және өзін-өзі бағалау мектептің оқу-тәрбие үрдісінің дербес фено-мены болып қаралмайды, басқа проблемалардың зерттеу шегінде қаралады. Өзін-өзі бағалау проблемасы отандық және шет елдердің психолог, педагог, әдіскерлердің жұмыстарында бейнеленді (С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, В.Джеймс, П.П.Блонский, Н.Ф.Талызина т.б.).
Өзін-өзі бағалау әрекетіне зерттеу қызметіндегі жалпыпсихологиялық оған кіретін құрамдарымен: мотивімен, мақсатымен, жоспарлауымен, ағымдағы ақ-паратты өңдеуімен, шешімді қабылдауымен, іс-әрекетпен, нәтижені тексерумен және іс-әрекетті түзетуімен байланысты.
Н.В.Кузьмина пікірінше, педагогикалық жүйелердің теориясында бағалау-дың құрылымды және функционалды компоненттердің теориялық және эмпи-рикалық құрамы белгіленген және педагогикалық жүйе мен ішінаралық жүйе-лерге педагогикалық әсер етудің субъектісі мен объектісіне, бірлесу қызмет етуінің нысанына, педагогикалық коммуникациясының оқыту мақсаты мен тәсілдеріне байланыстылығы айтылады [15].
Факторлық талдау бойынша өзін-өзі бағалау ретінде мұғалімнің бағалау қызметінің құрылымын жасайтын келесі іс-әрекеттер белгіленеді: бағалау әсе-рін жоспарлау, бағалау шешімдерін қабылдау, өзін-өзі бағалау іс-әрекетін тал-дау, бақылау үрдістері, оқушының тұлғасын зерттеу, олардың тәртібі мен қа-рым-қатынасын; тұлғааралық әрекеттесу, бағалау шешімдерді пайдалану мен жүзеге асыру, оқушылардың тұлғасының дамуына және тәртібіне бағалаудың ықпалын болжау, бағалауды түзету.
Бағалау іс-әрекеттерінің жүзеге асуында мерзімділік және ұзақтылық тән.
А.А.Реан бағалауды ерекше ептіліктер тобына біріктіреді: өзіндік жеке-пси-хологиялық ерекшеліктерді бағалау, өзінің жағдайын бағалау, оқушылардың білімі мен біліктерін бағалау. Бұл дағдылардың құрылымына әлеуметтік-пер-цептивтік, рефлексивтік және интеллектуалдық дағдыларды қосады.
Бағалаудағы элементсіз саналы реттеудің бұл жүйесін ғалымдар мұғалімнің бағалау қызметіндегі жаңашылдықтың пайда болуы ретінде қарайды. Тәжірибе-дегі бағалау үлгісі проблемалық жағдайлардың «модельдері” және олардың ше-шімдері бағалау үрдісін жеңілдетеді.
В.А.Якунин оқыту нәтижелерін бағалауда маңызды педагогикалық біліктер-ді көрсетеді:
-оқу тапсырмаларының орындалуын және қойылған мақсаттардың жүзеге асуын қадағалау;
-оқушыларды бақылау, өзіндік бақылау, бақылаудың әр түрлі әдістерін, түрлерін жасау;
-оқушылардың оқудағы жетістіктерін байқау және оларды объективті баға-лау;
-өзінің қылықтары мен тәртібін қадағалау;
-қиындықтардың себебін айқындау және оларды жою әдістерін табу;
-жетістіктер мен кемшіліктерді бағалау, талдау негізінде өзін-өзі бағалау қызметін жетілдіру.
Психологтар мен педагогтардың бағалау қызметінде мыналар маңызды бо-лып келеді: бағалаудың әр нақты өлшемі бойынша бағалау нысанын белгілеу; оқушының оқу қызметінің барысы мен нәтижелерін үлгі-эталонымен байланыс-тыру; белгілі түрде бағалау нәтижелерін жариялау.
Білім берудің шынайы мақсаты- адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту.Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпы адамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.Балалардың өмірден өз орнын таба білу үшін бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудіңқажеттілігі арта түсуде.
Өзін бағалау ең алдымен, адамға басқалардың беретін бағасына қарай қалыптасады. Адам өзін айналасындағылар қалай бағалайтынына қарай өзін-өзі бағалауға бейім келеді.Өзіндік бағалау тұлғаның өзіне ғана тән жеке құндылығы. Яғни өзіндік бағалау дегеніміз адамның өзін-өзі құрметтеу сезімінің дамуы, жеке құндылығын сезу.Өзін-өзі бағалау ойлауға, еске сақтауға, мінез-құлықтың қалыптасуына , өзге білік пен дағдылардың жетілуіне ықпал етеді. Ол адамның қажетіліктері мен өзіндік санасына, кәсіптік тұрғыда өзін-өзі айқындауына, тәрбие үрдісі мен мақсатарына, оның нәтижелеріне, әлеуметтік және эмоционалдық жағдайында, адамның өз-өзіне және өзге жандарға қатынасына әсер етеді. Өзіндік бағалау өз әрекетін бағалауда маңызды роль атқарады, онсыз өмірде өзін анықтау мүмкін емес. Нақты бағалау адамға рухани қанағат пен адамгершілік қасиеттеріне қолдау көрсетеді.
«Мен-тұжырымдамасы» педагогикалық сөздікке 70-ші жылдары енгізілді.
«Мен-тұжырымдамасы»дегеніміз не?
«Мен-тұжырымдамасы» оқушының өзін-өзі бағалауында қалыптастыруда қандай рол атқарады?
Н егізінде жеке адам өзгелермен қарым-қатынас жасап, өзіне деген көзқарасын қалыптастырады. Адамбойындағы “мендік” қасиет адамның іс-әрекеті мен әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасауы барысында қалыптасады.Өзіндік сана жеке тұлғаның құрлымының маңызды бөлімдерінің бірі ретінде қарастырылады және осыған сәйкес өзіндік сана құрылымның компонентері өзіндік бағалау, өзіндік сана және және өзіндік көңіл күй ажыратылады.Психолог В.С.Мерлин зерттеуі бойынша өзін-өзі бағалау тікелей ықпалын тигізетін өзіндік сана құрлымының 4 компонентерін ажыратып айтқан
1. «Менің» ұғынуы
2. Өзінің басқаларға ұқсастығын және олардан айырмашылығын ұғыну.
3.Өзінің психологиялық қасиеттерін ұғыну.
4. Әлеуметік- адамгершілік тұрғыда өзін –өзі бағалау.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын дамытуда оның жеке тұлға ретінде жан-жақты жетілудің алғы шарттары болып табылады.
Өзін-өзі бағалау дегеніміз өз қабілеттеріне , мүмкіндігіне, мінез –құлқына, ішкі жан – дүниесіне, басқа адамдардың ортасында өз орны бойынша өзіне баға беруі болып табылатын. Адам — анасының құрамдас бөлігі . Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Өзін-өзі бағалау оқушыны сенімділікке, ойлауға , шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Адамның өзн-өзі төмен бағалауы мінез-құлықта күмәнданушылық , қызғану,
іштарлық,көңілсіздік , ешкімге жоламау сияқты сипаттар арқылы көрініс табады. Ал өзін тым асыра бағалау адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау , ашуланшақ, мақтаншақтық сияқты мінез-құлықтарға апарып соғады. Жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауы орташа деңгейде болғаны анағұрлым жақсы.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторлар.
Педагогикалық міндеттерді нәтижелі шешу үшін мұғалім бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторларды ескеруі тиіс;
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастырушы негізгі факторларды
Бағаның ықпалы Құзырлылық сезім Отбасылық Рефлексияның
тәрбиенің ықпалы ықпалы
Бағаның ықпалы
Мектеп бағасы оқушылардың өзін –өзі бағалауының қалыптасуына тікелей ықпал тигізеді.Бастауыш сынып оқушылары мұғалім бағасына оңай бағытталып, өз сыныптастарын үздіктер, екпінділер мен үлгермеушілер деп әр топқа тән сапалық ерекшеліктерді атап көрсете алады.Үздіктер мен оқу жетістігі жоғары оқушылардың өзін-өзі бағалауы жоғары, ал үлгермеушілер немесе бағасы төмен оқушылардың өз мүмкіндігіне, өзіне деген сенімі төмен болады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау динамикасын зерттеу негізінде төмендегі бағыттарды атап көрсетуге болады;
1-2 сыныптарда оқушылар артта қалушылар ұстанымен келіспейді,өзін-өзі жоғары бағалауға тырысады, өздері орындаған тапсырманы нақты бағадан жоғары бағалайды.
Бірінші сыныптан төртінші сыныпқа қарай оқудың басындағымен салыстырғанда өзін-өзі бағалау деңгейі күрт төмендеп ,өз мүмкіндіктері мен қабілетін төмен бағалайтын оқушылардың саны шамамен үш есе артады
Мұндай күрделі оқу жағдайының бастауыш сынып оқушыларына әсері қандай?
Өзін-өзі төмен бағалайтын оқушылардың бойында өзіндік жеткіліксіз сезімі туындап, аталған ұстанымның жағымсыз салдары басым болады.
2. Құзырлылық сезім
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мақсатында оқушылар жұмысына мазмұндық баға берумен қатар, тіпті төмен баға қойылғанның өзінде жағымды эмоционалдық жағдай туғызудың маңызы жоғары. Оқушыны өз жетістігін зерделеуге , оның өз әрекеті мен қызығушылығына сай бағаға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға бағыттау қажет
3. Отбасылық тәрбиенің ықпалы
Бастауыш мектеп оқушысының өзін-өзі бағалауының қалыптасуы үлгерім көрсеткішіне немесе мұғалімнің сыныппен қарым –қатынасына ғана байланысты емес, сонымен қатар отбасында қалыптасқан құндылықтар мен отбасы тәрбиесінің стилі де ерекше рол атқарады.
Бала ата-ананы толғандыратын мәселелерді алдыңғы кезекке қояды-мәртебеге ие болу \ ата-ана әңгімесі «Тағы да кім бестік алды?» деген сұрағының аумағында болады\ немесе шамадан тыс қолдау «Саған бүгін ешкім ұрысқан жоқ па?» т.б
Өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде қалыптасқан оқушылар алған әр төртікке анасымен, не әжесімен бірге қайғырады. Мұндай балалардың өз болашағына сенімділігі жоғары.
4.Рефлексияның ықпалы
Мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін ата- аналарының негізгі ұстамдарымен құндылықтарының маңыздылығы басым болады, кейінірек балалар өз қызметінің нәтижесінде бағытталуды меңгереді. Бастауыш сыныптың аяғына қарай оқушы өз іс-әрекетін қорытуға дағдылана бастайды. Рефлексия жасау арқылы оқушының тұлғалық сапа мен өз жетістіктерін бағалаудың жаңа бағыттары айқындалады.
Нәтижесінде өзін-өзі бағалау ақиқатқа жуықтайды, өзі туралы пікір негізделеді.Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыруда әр оқушының жеке даралық ерекшеліктері ескерілуі тиіс.Өйткені оқушылардың өте төмен немесе өте жоғары бағалау деңгейін өзгерту өте күрделі үрдіс екенін естен шығармау тиіс. А.В.Захарованың зерттеулерінде , оқу және еңбек әрекетінде « балаларды өз бетінше және дәлелдемелі түрде өз мүмкіндіктері мен білігін , тұлғалық қасиеттерін өзіндік пікір ретінде немесе өзгелер көзқарасы тұрғысынан бағалауға дағдыландыру қажет»,- деп санайды.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын қалыптастыру әдістемесін жетілдіру мақсатында төмендегі заңдылықтар сақталуы тиіс:
Әр сабақта оқу міндеттеріне сай оқушылардың материалды өз бетінше игеруге,ізденіс жұмыстарын жүргізуге және проблемалық жағдаяттардың ұйымдастырылуына жағдай жасау.
Бастауыш сынып оқушыларының даярлық деңгейіне сай оқу материалдарын өз бетінше игеру тапсырмаларын мүмкіндігінше күрделендіру, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік зерттеу қызметін жетілдіру, тапсырманы орындауға жіберілетін уақытты нақтылау, қиындықтарды шеше білуге көмектесу.
Оқушылардың өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауы ерекше қадағалауы шарт: а)өзін- өзі бағалауы төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуі керек, себебі кездескен қиындықтар олардың өзіне деген сенімсіздігін туғызады;
ә)өзіндік бағалауы жоғары оқушыларға назар аудару қажет, себебі ақыл –ой еңбегін қажет етпейтін жеңіл тапсырмалар оларды моральдық қанағаттануын туғызбайды. Өзіңді бағала
Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?
Батыр туралы мәлімет алдым
Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз?
жақсы
Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?
Әлі ойымды толық қорыта алғаным жоқ
Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға, және нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырды, және олар жазып жатырғанда өзінің оқушыларды бағалау қағаздарын толтырып отырды. Өйткені мұғалім оқушылар бағаны өздерінің сыни көзқарастарымен бергенін және өздерінің нақтылы ой –пікірлерін бергенін қалады. Енді «жұбыңды бағала» қиындылары тарқатылды.
Жұбыңды бағала
Жұбыңның түсінігін қаншаға бағалар едіңіз?
орташа
Осы бағаны неліктен таңдадыңыз?
Жаңа сабаққа қатысты сұрақтарға толық жауап бере алмады. Тыныш отыра алмады
Өзін — өзі бағалау
Оқушыға және оның ата – анасына қойылған бағасы түсінікті және маңызды болуы үшін, дамыта оқытудың маңызды міндеттерінің бірі болып саналатын өзіндік бақылаумен бағалау тәсілдері оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Менің ойымша, оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет.
Сөйтіп, өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.Өзін — өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу — танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады.
Өзін — өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да.
Өзін -өзі бағалау құндылықтары.
Өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау – өмір талабы. Адамдардың өзін –өзі тәрбиелеу, бағалау дегеніміз- жүйелі түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жету жолында өзінің қабілетін дамыта отырып, кездескен қиыншылықтарды жеңе білу. Әр адам- жеке тұлға. Жасөспірім шақтан бастап, ересек шаққа қарай аяқ басасыңдар . Осыған дейінгі алған тәрбие мен білімге толықтырулар еңгізіп, болашаққа кім және қандай болатындарыңды білулерің керек, Орташа қабілетті, бірақ жігерлі болсақ көп нәрсеге қол жеткіземіз. Ал, қабілетті бірақ жігерсіз болсақ, еш нәрсеге қол жеткізе алмаймызды естен шығармау.Сөзімді қортындылай келе;