«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» Педагогика пәнінің мақсаты мен міндеттері


Оқыту процесінің мәні, оның ерешеліктері мен қызметі



бет5/42
Дата24.05.2023
өлшемі0,79 Mb.
#96328
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
ГОС 1 жауаптарымен (копия)

8 Оқыту процесінің мәні, оның ерешеліктері мен қызметі
Көбіне оқыту деп мұғалім мен оқушының бірлескен, мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекетін айтады. Оның барысында жеке тұлға дамып, білім алады, тәрбиеленеді. Дәстүр бойынша оқыту екі бөліктен тұрады. Оқыту және білім алу. Оқыту -оқыту мазмұнын алу процесі. Дәстүрлі оқытуда білім алуға қарағанда оқыту басым болғандықтан оқу материалын оқытуға баса назар аударылып, оқушылардың іс-әрекетіне назар аударылмайды.
"Оқыту - үйрету және білім алу" деген парадигманың ұзақ тарихы бар. Ол әлі саңталуда. Себебі, мұғалім ұзақ уақыт оқушыға ақпарат беретін негізгі тұлға болып келді. Осы кезге дейін "білім беру", "оқыту" терминдері жиі қолданылады.
Демек, оқыту дегеніміз - оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетінымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы және ынталандыру іс-әрекеті.
Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетін, мұғалім тарапынан оқушы іс-әрекетіне басшылық етуді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, басқаруды талап етеді.
Оқытудық маңызды міндеттері:
• Оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандыру.
• Оқушылардың ғылыми білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруіне керекті оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.
• Ақыл-ойды, ұғымталдықты, қабілетті, дарындылықты дамыту.

  1. Бастауыш сыныптағы тәрбие процесі және оның сипаттамасы

Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.
Тәрбие - мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.
Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет