Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал Павлодар, 2021 жыл Бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық топ жетекшісі – Солтанова Балжан Мағауияқызы



бет3/11
Дата12.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#106965
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
4-сынып жинақ ПИРЛС 2020-21

2- нұсқа
Т үйелер - шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы.
Түйе ежелден шөлді-тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген. Қос өркешті «шөл кемесі» апталап су ішпей жүре алады. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Түйенің тағы бір ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.
Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сүзбе дайындалса, еті тағамға қолданылады, ал жүнінің 85%-ы таза, өте бағалы түбіт.
Тапсырмалар:

  1. Мәтінге ат қой. __________________________________________________________




  1. Түйенің «шөл кемесі» аталуының себебі:

A) Негізі жүк кемесі сияқты болғандықтан
B) Негізгі мекені шөл болғандықтан
C) Шөлге шыдамды болғандықтан
D) Шөлге жиі барғандықтан
3. Мәтінде айтылмаған мәлімет:
A) Түйе тұзды-кермек суды жақсы ішеді.
B) Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады.
C) Халқымыз түйе малын ерекше қастерлеген.
D) Түйенің мекені жайында
4. Мәтіннің екінші бөлігінде айтылған ой
A) Түйеден алынатын өнімдер
B) Түйенің ерекшеліктері
C) Түйе малының халық өміріндегі маңызы
D) Түйенің жайылымы


3- нұсқа


Колибрилер – әлемдегі ең кішентай құстар. Олар тек Америка құрлықтарында ғана кездеседі. Колибрилердің көбінің түсі ала- құла болып келеді.
Олардың кішкентай мықты денелері және ұзын күрек тәрізді қанаттары болады. Колибрилердің аяқтары өте қысқа болғандықтан, оларға жүру қиынға соғады. Колибрилер Жоғары-төмен ұшу Колибрилер – қанаттарын шеңбер бойымен қаға алатын жалғыз құстар. Олар жоғары қарай, төмен қарай, жанына қарай және айналып та ұша алады. Сонымен қатар, бұл – артқа қарай ұша алатын жалғыз құс.
Колибрилердің 320 түрі белгілі. Олардың көбі Оңтүстік Америкада кездеседі.
Олардың ішіндегі шамамен 16 түрі Америка құрама штаттары мен Канадада жұмыртқа салса, қалғандары Орталық және Оңтүстік Америкада өмір сүріп, көбейеді.
Күзде Орталық, Оңтүстік Америка мен Батыс Үндістанға қысты өткізу үшін орын ауыстырады.
Колибрилер – тағам талғамайтын құстар. Олар гүлдердің шырындары мен сірнелерін, жәндіктер мен өрмекшілерді қорек етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет