1
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің доценті, п.ғ.к Ф.Н.Жұмабекова
Бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеу мәдениетін қалыптастыру
Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы оның кәсиби
мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік мәдениетті
әрқырынан қарастырған ғалымдар: зерттеу мәдениетін педагогикалық
қабілет деп көрсеткен - М.И.Скаткин, зерттеу туралы білімі, білік
дағдысының болуы керек деген - Л.Горбунова, педагогикалық қызметтегі
кәсіби шеберлік ретінде - И.Д.Богаева, зерттеушілік іс-әрекет-Н.В.Кухаров,
А.И.Кочетов, педагогикалық мәдениеттіліктің бір бөлігі-А.А.Молдажанова,
мұғалімнің методологиялық мәдениетінің бір бөлігі - В.А.Сластенин,
В.Э.Тамарин, мұғалімнің кәсіби-зерттеу мәдениеті - З.А.Исаева, зерттеу
еңбегінің құралы - П.Т.Приходько, кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі -
А.К.Маркова, кәсіби мәдениеттілік - В.А.Сластенин, ғылыми қызметкердің
еңбек ету мәдениетінің пайда болуы – К.М.Варшавский, зерттеу қабілеттілігі
- Е.И.Регирер, оқу процесінде зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру -
Т.И.Шамова, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетке іргелі дайындығы –
А.Е.Абылқасымова, З.А.Исаев, М.С.Молдабеков рухани мәдениеттің бір
бөлігі – М.М.Мухамбетова т.б. Түрлі ғалымдар тарапынан сан түрлі бағытта
сипатталған
мұғалімнің
зерттеу
жұмыстары
біздің
ойымызша,
шығармашылық әрекет етуді талап ететін шарттарға негізделіп, мұғалімнің
шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Сондай жағдайда мұғалім
тек қана оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыруда ғана меңгермей,
сонымен қатар ғылымдағы жаңалықтардан қалыс қалмай, ұдайы білімін
жетілдіруге мүмкіндік алады.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамдағы алатын
орны, атқаратын қызметі, сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.
Сондай-ақ
бастауыш
мектеп
мұғалімдерінің
зерттеу
мәдениетін
қалыптастыруы сондай талаптарды қажет етеді.
Мұғалім шығармашылық ізденіс таныта отырып педагогикалық
дағылар мен іскерліктерінің арқасында, ғылыми бағытта жұмыс жасай алуы -
зерттеу іс-әрекетін жүргізе білуі ғылымның қарапайым логикасы мен зерттеу
әдістері арқылы жүзеге асатындығына байланысты басты талаптардың бірі
болып саналады. Мұғалім осы мәселелерді меңгеру мақсатында,
оқушылардың қызығушылықтарын толық қанағаттандыру үшін жан-жақты
білім жинауда ғылыми-зерттеу жұмысымен айналыса алуы керек. Мұғалім
тек осы мүмкіндіктерді игеруі тағы да жеткіліксіз, оған қоса, төмендегідей
тұлғалық қабілеттері болуы шарт: балаларға деген шексіз сүйіспеншілік,
қарым-қатынас жасай алу, ізгілік, талап қоя біліушілік, кеңпейілділік,
әділеттілік, рухани байлық, адалдық, оқушымен тең дәржеде қарым-қатынас
орната алушылық т.б. Осыған байланысты А.И.Савенков педагогтің іс-
әрекеті оң нәтиже беруі үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:
2
осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
оқушылардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
бағалауға асықпаңыз;
олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар
үшін жасамаңыз т.б.
Ал отандық ғалымдар: Ү.Б. Жексенбаева және Б.Қ. Игенбаевалар
оқушының зерттеу іс-әрекеттеріне жетекші төмендегі ережені сақтауы тиіс
дейді:
оқушыны өз бетінше әрекет етуге үйрету;
нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару;
талқылау кезінде баға беруге асықпау.
Бастауыш мектеп мұғалімі оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін
қалыптастыру барысында бұл үдерістің оқыту мен тәрбиелеу үдерісінен
айырмашылығын
түсініп,
қарым-қатынас
жасауда
«субъкт-объект»
бағытында емес, «субъект-субъект» бағытын ұстануы маңызды. Яғни,
оқушыны әріптесі ретінде қабылдап, тікелей нұсқаулар мен бұйрықтар
беруден алшақ бола отырып, оқушының өз ойын, пікірін, жасқанбай,
қысылмай айтуын қадағалау, қарым-қатынаста демократиялық стилді
басшылыққа алу. Мұғалімнің осындай әрекеті оқушылардың бойында
өздеріне деген сенімділік, өздерін-өздері бағалай біліушілік, ойларын еркін
жеткізу, жауапкершілік сияқты сезімдер мен қатар зерттеу жұмыстарына
қызығушылықтарын арттырады. Оқушылармен жүргізілетін кез-келген
жұмыстың табысты болуының 80% қарым-қатынас стиліне тәуелді екендігін
осы уақытқа дейін көптеген педагог-зерттеушілер дәлелдеп келгені белгілі.
Мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының жүзеге
асуының бірнеше жолдары бар. Атап айтатын болсақ: Бірінішіден, кәсіби
білім алу барысында. Екіншіден, өзіндік ізденіс нәтижесінде. Үшіншіден,
озық іс-тәжірибе тарату арқылы зерттеу мәдениетін қалыптастыру мәселесіне
тоқталамыз. Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, жинақтау iсi күрделi
және шығармашылық мәселелердiң бiрi болып табылады. Педагогикалық
тәжiрибе – оқыту мен тәрбиенiң тәжірибесі жан-жақты зерттеу обьектiсi,
факторлар мен ғылыми мәлiметтердi жинақтаудың негiзгi қайнар көздерiнiң
бiрi сондықтан педагогикалық озық iс-тәжiрибе оқу-тәрбие жұмысын үнемi
дамыту мен жетiлдiруде үлкен орын алады. Ол кәсiби бiлiктi ұстаз еңбегi,
яғни нәтижеге негiзделген педагог еңбегi. Педагогика заңдылықтары мен
бiлiм негiздерiн игере отырып, саналы түрде оқыту үдерісіне енгiзу,
тәжiрибеде байқаудан өткiзу. Осыған орай, әрбiр мұғалiм елiмiздегi жаңашыл
ұстаздардың бай тәжiрибесiн, белгiлi педагогтар мен психологтардың
ғылыми еңбектерiн терең зерттеп, өз iсiне шеберлiкпен пайдаланудың
жолдарын қарастырады. Осындай татымды табыстарды шығармашылықпен
қолданудың нәтижесiнде педагогикалық тәжiрибенi зерттеудiң кейбiр нақты
жолдары iске асырыла бастайды. Олар: мұғалiмнiң өз тәжiрибесiн өзi зерттеп
жинақтау, педагогикалық еңбек шеберлерiнiң жұмыс жүйесiн зетрттеу және
жинақтау, жалпы педагогикалық тақырып бойынша бiрнеше мұғалiмнiң iс-
3
тәжiрибесiн жинақтау, жаңашыл мұғалiмдердiң озық тәжiрибелерiн тарату
және оны оқу тәрбие үдерісiне ендiру, педагогикалық ғылыми-зерттеу
ұйымдары басшылығымен оқу тәрбие саласындағы өзекті мәселелердi
зерттеу және жинақтау болып табылады.
Озық iс-тәжiрибе бағытына қарай үш түрлi: ауқымы, көлемi жағынан,
жаңалығы және сапасына байланысты болып бөлiнедi. көлемi арқылы болса
ол бiрыңғай, типтiк, жеке дара, топпен немесе жалпы топпен; жаңалығы
бойынша - жаңашылдық, шығармашылық және репродуктивтiк бағыттар
қарастырылады; сапасы бойынша болса- озық (алдыңғы қатарлы), тиiмдi,
тиiмсiз, өнiмдi, өнiмсiз, жағымды, жағымсыз болып бөлiнедi,
Озық iс-тәжiрибенi оқып үйренудегi негізгі iс-әрекеттің түрлерi:
1.
Озық педагогикалық тәжірибені (ОПТ) ұйымдастыруға дайындық.
2.
Негiзгi мәселенi анықтап алу.
3.
Озық тәжiрибе сипаты мен оның обьектiсiн анықтау.
4.
Педагогикалық озық тәжiрибенi оқып үйренудi жоспарлау.
5.
Теориялық дайындық.
6.
Әдiстемелiк дайындық.
7.
Оқып үйренетiн обьектiнi алдын-ала бақылау жасау.
8.
Тәжiрибенi оқып үйренудiң жұмыс жоспары мен бағдарламасын құру.
9.
Жұмыс бағдарламасы мен жоспарын жүзеге асыру.
10.
Оқып үйренетiн материалды талдау, қорту.
11.
Материалды оқып үйренудi статистикалық және ойша қорту.
12.
Оқыған материалды талдау, тарату.
13.
Әдебиеттер мен дерек көздерiн жинақтау.
14.
Қосымша материалдарын дайындау, пiкiр аллу және таратуға дайындық.
15.
Облыстық, қалалық бiлiм департамаенттерi арқылы iс-тәжiрибенi бекiту.
(ғылыми кеңесте, пеадгогикалық кеңесте, аттестациялық кеңесте).
16.
Іс –тәжiрибенi тарату, тәжiрибеге енгiзу.
17.
Тәжiрибеде байқаудан өткізу, тексеру.
Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi: Аталған жұмыс түрлерiнiң
орындалуын бiрнеше кезеңдермен өткiзуге болады.
1 кезең. шебер ұстаздардың өзiнiң iс-тәжiрибесiне талдау жүргiзуi.
а/ тақырып таңдау, мәселені анықтау, болжамы, көкейкестiлiгi,
ә/ материалдар жинақтау және әдебиеттерге талдау жасау.
б/ таңдап алған тақырып бойынша жұмыс жоспарын дайындау.
в/ материалдарды өңдеу, сұрыптау, талдау.
г/ барлық жинақталған материалдарға талдау жасап, қорытындылау.
Себеп, салдарын, заңдылықтарын, алынған мәлiметтер негiзiнде
тәжiрибелiк нұсқаулар жасау, бiлiм беру үдерісiне мониторинг жүргiзу
жүйесiн зерделеу.
2 кезең. Шебер ұстаздың озық iс-тәжiрибесiн мектепiшiлiк деңгейде оқып,
талдау жасау. Дайындаған материалды қалалық бiлiм басқармасы қарап бiлiм
жетiлдiру институттарында ғылыми әдiстемелiк кеңесте бекiтедi, облыс, қала
көлемiнде iс-тәжiрибенi таратуға құқылы болады.
4
3 кезең. ОПТ–тарату, насихаттау үшiн, аналитикалық сипаттама жасалады,
әдiстемелiк нұсқау дайындалады, оқу әдiстемелiк нұсқау түрiнде безендiрiлiп,
баспадын жарияланады.
4 кезең. ОПТ-тарату, тәжiрибеге енгiзу.
Озық педагогикалық iс-тәжiрибе өлшемдерi.
1.
Тәжiрибенiң ғылыми негiзделуі. (көкейкестiлiгi, мақсаты, зертеу обектiсi,
зерттеу пәнi, зерттеу болжамы, жаңалығы, тәжiрибедегi мәндiлiгi).
2.
Жергiлiктi жердiң аймақтық ерекшелiгi мен өз тәжiрибесiнiң ерекшелiгi
және жетекшi идеясы.
3.
Зерттеу тұрғысынан қаралуы.
4.
Ғылым мен тәжiрибенiң кiрiктiрiлуi.
5.
Оқыту мен тәрбиелеудiң жоғыры нәтижелi көрсеткiшi:
-
оқу үлгерiмiнiң жоғары болуы,
-
бiлiм терең және берiк болуы,
-
оқушының бiлiмдiлiгi мен мәдениеттiлiгi, қол жеткізген жетістіктері.
6.
Көздеген нәтижеге жетудегi мұғалiмнiң үнемдiлiгi, құралдарды тиiмдi
қолдануы т.б.
7.
Оқу-тәрбие жұмысының орнықты, тұрақты, берiк болуы.
8.
Еңбек нәтижесiн шығармашылықпен пайдалануға мүмкiндiктiң болуы
Озық iс-тәжiрибенi тарату әдiстемесi.
Ұйымдастыру: - әдiстемелiк бiрлестiк құру;
-
педагогикалық көкейкестi мәселелерiн оқып үйренетiн шығармашылық топ
құру (ғылыми топ);
-
ғылыми-педагогикалық семинарлар өткiзу (ОПТ-нi талдау)
-
мәселені шешетін зертхана құру (әр түрлi бағыттағы мамандар бiр
мәселенің аясында пiкiр бөлiседi);
-
iс-тәжiрибенi енгiзу бағытынды педагогикалық шеберлiк көрсету;
-
педагогикалық зерттеу мәселесi бойынша арнаулы курс өткiзу;
Тәжiрибенi тарату және оқып үйрену формасы.
Озық iс-тәжiрибенi алуан түрлi формада таратуға немесе насихаттауға
болады. Олар: тәжiрибенi жүзеге асыру мақсатында ашық сабақтар (сабақтар
сериясы немесе сыныпан тыс жұмыстар) өткiзедi. Тәжірибе таратушы
педагогикалық кеңесте, мәжiлiстерде, ғылыми-әдiстемелiк және ғылыми
тәжірибелік конференцияларда, педагогикалық оқуларда, конкурстарда, оқу-
тәрбие жұмыстарда, пiкiр сайыс немесе диспуттарда, семинар сабақтарда,
педагогикалық көкейкесті мәселелерге баяндамалар жасайды. Ұсынылған
тәжiрибенiң сипаттамасы мектептiң оқу әдістемелік кеңесiнде озық iс-
тәжiрибе туралы оқу iсiнiң меңгерушiсi және директорға баяндайды. Педагог
өзiнiң тәжiрибесiнiң негiзгi идеясын панорамалық сабақтар, шығармашылық
есеп беру, шебер сынып сайысы арқылы да көрсете алады. Тәжiрибе
нәтижесiн авторлық еңбектер арқылы: әдiстемелiк нұсқау, бейне көрнiс,
мақала т.б. түрiнде жариялай алады.
ОПТ-оқып үйренудiң әдiстерi. Әдiстердiң бiрiншi тобы: 1. бақылау-зерттеушi
белгiлi бiр нақты фактілер мен материалдарды жинақтау үшiн педагогикалық
құбылысты мақсатқа бағыттай отырып бақылайды.
5
Бақылудың түрлерi: жеке, ұжыммен, үздіксiз, тұтас және жеке бөлiктерi
бойынша, ашық және жабық, жанама және тiкелей, бақылау-iзденiс, өзiн-өзi
бақылау.
Бақылаудың
әдiстерi:
визуалды,
генетикалық,
салыстырмалы,
психологиялық,
Бақылаудың кезеңдерi: бақылаудың мақсаты мен мiндеттерiн анықтау,
бақылау пәнi және обьектiнi таңдау, бақылауда қажеттi ақпараттар жинауға
және бақылайтын обьектiге ықпал етуге байланысты әдiс-тәсiлдердi таңдау,
бақылайтын затты тiркеу әдiстерiн таңдау, алынған ақпаратты талдау.
Бақылау жасауға қойылатын талаптар: мақсатқа бағытталуы, реттiлiгi,
белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзу.
1.
Мектеп құүжаттары мен әдебиеттердi оқып үйрену.
2.
Нақты қажеттi материалдарды жинақтау.
3.
Пiкiртерiм (опрісник), сауалнама, әңгiмелесу, интервью, тестілеу.
4.
Педагогикалық эксперимент. Эксперимент түрлерi: анықтау және
қалыптарстыру, қорытынды.
Әдiстердiң екiншi тобы: педагогикалық талдау және жинақтау, опт-нi тарату,
салыстыру және жiктеу (классификация), индукция және дедукция, аналогия
және моделдеу. Осы аталған әдіс тәсілдерді қолдануға мұғалім дайын болуы
қажет. Ол үшін әрбір педагог өзіне қойылатын адами және кәсіби талаптарды
үнемі есінде сақтап, бүгінгі мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек? деген
сауалға жауап іздеуі қажет. Олар ізденгіш, шебер, жан жақты, психолгог,
зерттеуші т.б. Сонымен қатар төмендегідей дағдыларды зерттеу жұмыстарын
жүргізу барысында өз бойында қалыптастыра білуі шарт.
Зерттеу жүргізе білу дағдысы:
1. Сұрақ қоя білу дағдысын меңгеру. (формулировка вопросов)
Не жайында білгің келеді? Нені зерттеу керектігін анықтауға бағытталу керек.
2. Бақылау. Зерттеуге қатысты барлық мәселелерді анықтауға сезім
мүшелерінің барлығын қатыстыру.
3. Жоспарлау. Іс - әрекет немесе қызметтің барысын жүйелеу, жоспар жазу,
қажетті ақпараттарды жинақтау үшін әдістерді таңдау.
4. Мәліметтер жинақтау. Ақпараттар жинау, алуан түрлі дерек көздерін
қарастыру: философиялық, педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және
нормативтік – құқықтық құжаттарды пайдалану, пікіртерім, зерттеулер,
бақылаулар, анықтамалар, кино, бейне фильмдер, адамдардан сұрау т.б
5. Мәліметтерді жазу. Бақылау нәтижелерін жазу, суреттерін салу, сын –
ескертпелер жасау, сызбалар, сараптау мәліметтері, есеп жазу.
Ойлау дағдыларын қалыптастыру:
1.
Дағдыны қалыптастырудың басталуы . Ерекше фактылармен, идеялармен
танысу, сөздікпен жұмыс, қажетті мәліметтерді есте сақтау.
2.
Түсіну. Материалдарды оқып-танысып, ең маңыздысына баса назар
аудару, оны хабарлай білу.
3.
Қолдану . Бұрынғы алған білімдерін тәжірибеде және жаңа әдіс –
тәсілдерде пайдалана білу.
6
4.
Талдау. (анализ) Идеялар мен білімдерді жеке қарастыру, оны жеке
бөліктерге бөлу, өзара байланысын бақылау жасау, ерекше сипаттамаларды
тану.
5.
Жинақтау. (Синтез) Жеке бөліктерді біртұтас қарау, құрастыру, өнімділігі,
тиімділігіне мән беру.
6.
Бағалау. Анықталған өлшемдерге (критерилерге) сәйкес шешім қабылдау,
стандарттар мен шарттарына қарай пайымдау, қорытындылау.
Өзін - өзі бақылау дағдысы:
1.
Жалпы қимыл-қозғалыс дағдысы. Ірі бұлшық еттердің қатысуымен
қимыл-қозғалыстар жасай білу дағдысы
2.
Жеке қимыл-қозғалыс дағыдылары. Нақты белгілі бір бұлшық еттердің
қимыл-қозғалысы.
3.
Кеңістікті бағдарлау . Белгілі бір обьектінің өзіңе және өзгелерге қатысты
кеңістікті баағдарлай білуі.
4.
Ұйымдастырушылық қабілеті. Жұмысты тиімді жоспарлау және оны
сапалы орындау.
5.
Уақытқа бақылау жасау . Уақытты үнемді және тиімді пайдалана білу.
6.
Қауіпсіздік сақталуы . Мінез – құлқының, зерттеудің нәтижелерінің өзіне
және айналасындағыларға зияны тимейтіндей болуы шарт.
7.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталуы. Өзін күтуі, мәдени
гигиеналық талаптардың сақталуы, нәтижеге жету үшін ақпараттарды таңдау
сәйкестігі, тамақтану, демалыс, дене жаттығуларын жасап тұру.
8.
Мінез-құлық кодексі. Зерттеу тобының білімі және осы зерттеу жұмысына
қатысты ережелерді сақтай және реттей білуі.
9.
Ақпараттық таңдау . Іс әрекеттің барысына және сипатына қарай фактылар
мен пікірлер негізінде таңдау.
Коммуникативтік дағдылар. Тыңдай білу. Нұсқауларды, біреулердің пікірін,
ақпаратттарды тыңдай және қабылдай білуге дағдылану.
Айта білу дағдысы. Нақты, таза сөйлей білу, үлкен немесе шағын топтар
алдында есеп беруде ауызша сөйлей білу, қортынды, тұжырым жасай білуге
дағдылану.
Оқу. Өзіңді қанағаттандыру үшін әр түрлі дерек көздерінен ақпараттарды
оқып танысу, оқығанын түсіну, одан қортынды жасай білу.
Жазу. Ақпараттар мен бақылаулар нәтижелерін жазу, ескертпелар мен
дәйексөздерді, кейбір бөліктерді жазу, конспектілеп жазу, зерттеуге
байланысты жазу журналдарын немес күнделік жүргізу.
Олар оқушылармен зерттеу іс- әрекетін жүргізе білуге дағдалануы керек. Ол
үшін:
1. Оқушыларды өз бетінше әрекет етуге үйрету.
2. Нақты нұсқаулардан гөрі баланың ұсынысына көңіл аудару.
3. Талқылау кезінде балаға баға беруге асықпау.
4. Білім алу барысында балаға көмектесу.
- өз бетінше проблеманы шығару;
- проблеманы өз бетінше шешу дағдыларын қалыптастыру;
- пәндер мен құбылыстар арасындағы байланысты бақылау:
7
- ақпаратты талдау, талқылау, жүйелеу, топтау және жинақтау;
- өзіндік пікірін ешбір қорқынышсыз ұсыну;
5. Оқушыларды өз идеяларын ұсына білуге және қате пікірінен бас тартуға,
шыдамдылық танытуға үйрету;
Оқушылардың зерттеу әрекетін төмендегідей бірізділікте жүргізу көзделеді:
1. Зерттеу мәселесі мен бағытын анықтау.
2. Зерттеу тақырыбын таңдау (зерттеу міндеттерін анықтау)
3. Зерттеу әдістерін анықтау.
4.Зерттеуді жүргізу (ақпараттарды жинау және өңдеу, бақылау, эксперимент).
5. Алынған материалды талдау және тарату (алынған материалды белгілі бір
ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып құру)
6. Қорытындылау. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама
беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама жасау)
7. Презентацияны жариялау (қорғау және сұрақтарға жауап беру)
8. Аяқталған жұмыс қорытындысын талқылау. Рефлексия
Ойымызды қорытындылай келе, бастауыш мектеп мұғалімнің зерттеу
мәденеитін қалыптастыруда: жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге
басшылық ете білуі және жүйелі түрде оны қадағалап отыруы, оқытуды
ұйымдастыруға тұлғалық-бағдарлық және шығармашылық іс-әрекет
тұрғысынан келуді жүзеге асыра алуы, оқытудың қорытынды нәтижелеріне
қол жеткізудің формалары ретінде әр- түрлі оқыту жүйесін пайдалана алуы,
оқушының интелектуалды, жас ерекшеліктерінің дамуына сәйкес оқыту
мазмұнының көлемі мен тиісті әдіс - тәсілдерді анықтай білуі, ақпараттар мен
дерек көздерін өңдеу және диагностикалауды меңгере білуі және сапалық
көрсеткіштерінің: білімінің толықтығы, тереңдігі, зерттеудің жүйелілігін
сақтау, нақтылық, ауқымдылық, жинақылықтың болуы маңызды деп
есептейміз.
8
Кәсіби құзіреттілікті жетілдірудің бағыттарына танымдық-тәрбиелік
құзыреттілік жатады. Мұнда оқушылардың дербес танымдық іс-әрекеті
арнасындағы құзыреттіліктер жиынтығы: қарапайым білім мазмұнын
меңгеру, жоспарлау, талдау, танымдық-тәрбиелік әрекетті өзіндік бағалау
жасай алу зерттеу әдісінде–оқушыларды шығармашылық зерттеу ізденісінің
арқасындағы танымдылық жолы болып табылады. Оның негізгі
құраушылары–проблемаларды айқындау, болжам жасау және қалыптастыру,
бақылау, тәжірибе, эксперимент және осылардың негізінде пайымдау мен
қорытынды жасау. Зерттеу әдісіндегі қиын әдістерді оқыту мен қолдану
ақиқат пен қорытындыға сүйенеді.
Үшінші Кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына жеке тұлғалық өзін-өзі
жетілдіру құзыреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің дене, рухани және
интеллектуалдық өзіндік дамуы, эмоционалдық тұрғыда өзін-өзі реттеу мен
жүзеге асыру тәсілдерін меңгеруіне бағытталады. Ол өз қызығушылығы мен
мүмкіндіктері арқылы өзіндік танымын, қазіргі кезеңдегі қажетті жеке
тұлғалық қасиеттерін дамытып, психологиялық сауаттылығын, ойлау
мәдениеті мен мінез-құлық мәдениетін меңгереді, сондай-ақ, бұған жеке бас
гигиенасы, өз денсаулығы мен экологиялық мәдениеті де кіреді.
Төртінші кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына әлеуметтік-қызмет
құзіреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің қоғамдық ұйымдар шеңберіндегі
(меңгеруші, тәрбиеші, дәрігер, психолог, музыка жетекшісі, ата-ана т.б. рөлін
орындау), әлеуметтік-қызмет аумағында (тұтынушы, сатып алушы, өндіруші),
отбасы қатынастары мен міндеттері көлемінде, экономика және құқық
сұрақтарында, кәсіби бағдар бойынша білімдері мен тәжірибелерін меңгеруін
көрсетеді.
Бесінші кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына құндылық түсінігі
құзіреттілігі жатады. Бұл тәрбиешінің білім мазмұны арқылы балаларға
құндылық бағдар беруі, қоршаған әлемді көре білуі мен түсіну қабілетін
дамытуы, өзінің ондағы рөлін сезінуі, өз іс-әрекетінің мәнділік және
мақсатты ұстанымының болуы, шешім шығара білуі. Бұл құзыреттілікті
меңгерген тәрбиеші оқу-тәрбие жұмысында өз білімі мен біліктерін жүзеге
асыра білу қабілетіне ие болады, нәтижесінде баланың жеке білімдік кеңістігі
және оның өмірлік әрекет бағдарламасы қалыптасады
Алтыншы кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына жалпымәдени
құзыреттілігі жатады. Мұнда тәрбиешінің таным мен жалпы адамзаттық
мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі,
адамзат қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік
түсінігінің болуы қарастырылады. Оған адам өміріндегі ғылым мен білімнің
ролі, әлеуметтік құбылыстар мен дәстүрлер, отбасы мәдениеті, олардың
қоршаған әлемге әсері, балаларға оны игертуі мен мәдени тұтастықты сезінуі.
Жетінші кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына ақпараттық
құзіреттілік жатады. Бұл тәрбиешінің балаларға тәрбиелеу мен білім беру
үдерісі аясында, сондай-ақ қоршаған әлем туралы ақпаратты қолдана білу
дағдылары. Түрлі нысаналар (теледидар, үнтаспа, телефон, компьютер) және
ақпараттық технологиялар (бейне, таспа, электрондық почта, Интернет т.б.)
9
көмегімен ізденімпаздық біліктері қалыптасып, ақпаратты талдау, саралау,
сараптау, сақтау және оны тарата білуге үйренеді. Бұл материалды талдап
қорыту әдісі арқылы жүзеге асырылады .
Сегізінші кәсіби құзіреттілікті жетілдіру бағыттарына коммуникативтік
құзыреттілік жатады. Бұл тәрбиешінің тілдерді білу, айналасындағы
адамдармен сөйлесу, топта жұмыс істей білу дағдысы, түрлі әлуметтік
рольдерді меңгеруі. Баланың айналасындағы адамдармен тез тіл табыса алуы,
өзін таныстыра білуі, сұраққа жауап бере алуы, әңгімеге қатыса білуі,
сипаттап айта алуы, сөйлеу мәдениетін қалыптастыра білуі т.б. керек
.
Достарыңызбен бөлісу: |