Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы оқуға және онымен жұмыс жасауға үйретудің әдіс-тәсілдері



Дата23.10.2023
өлшемі18,47 Kb.
#120715
Байланысты:
Әдебиет сөж 2


Бастауыш сынып оқушыларын көркем шығарманы оқуға және онымен жұмыс жасауға үйретудің әдіс-тәсілдері

Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін зиялы бола бастадым деп санауына болады» деген екен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов.


Казіргі жаңару мен жаһандану, өсу мен өрбу, даму мен ілгерілеу заманында, ақпараттар мен техниканың ғарыштап дамыған заманында көркем әдебиетті оқыту түгіл түсіндірудің өзі бос әурешілік пе деп түсініп қаласың. Өйткені ел экономикасы ғарыштап дамыған компьютерлік заманда саналы ұрпақ интернет арқылы төрткүл дүниені аралап, не керегін алып, жан-жақты ақпараттанып жатқанда сенің «кітап оқы» дегеніңе уақытын зая кетірмесі белгілі. Жоқ. Бұлай деп қол қусыру ертеңгі өсер ұрпақтың тамырына балта сілтеп, өсіру емес, өшіруге, түбірінен қырқуға әкелері хақ. Сондықтан біз мұғалімдер қауымы ата-аналармен, көпшілікпен бірге отырып мұндай апатқа дабыл қаға кірісуіміз керек-ақ. Болашағымыздың көзі-қарақты, көкірегі ояу, рухани санасына сәуле отын жағуға жол таба білуіміз қажет. Баланың рухани байлығын мол етіп тәрбиелеудің сан түрлі жолдары бар. Солардың бірі және бірегейі-баланы кітап оқуға әуестендіру. Көркем шығармаларды оқытудың негізі бастауыш сыныбында ана тілі сабағында қалыптасқанымен, оны әрі қарай дамыту үшін кітапханамен байланыс жасаудың маңызы ерекше зор. Кітапханада өтілетін шаралар жоспарын жүйелі түрде ұйымдастырса, оқушылардың әдеби кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыруға болды.
Алдымен баланы кітап оқуға үйретудің алғы шарттары мыналар: 
Біріншіден, кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек. Талғап оқуға, оған көз қарасын білдіруге қысқаша фабула жазуға үйрету.
екіншіден, оқыған кітаптарының ішінде түсінбеген сөзді немесе мақал-мәтелдерді дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек.
Осындай бағытта жұмыс істеу арқылы оқушының кітап оқуына құмарын арттыруға болатынын байқадық. Кабинетте «Біздің кітапхана» атты бұрыш ұйымдастырылды.. Оған оқушылар өздерінің кітаптарын әкеліп қойып, өздері кітапханашы болып қызмет атқарып, қанша кітап әкеліп, қаншасы қандай кітап оқитыны туралы мәліметтерді жинап отырды. Кітапханаға келген кітаптарды таныстырып отырдық . Оқушылармен бірлесе отырып оқырмандар күнін, жазушы мерейтойларын, ауызша журнал өткізу жұмыстары жүргізіліп отырылды.Ай соңында бір-бірінен есеп алып, сынып сағаттарында кімнің қанша, қандай кітап оқығанынан хабарлама жасап отырылды. Осыдан келіп еңбек етуге құлшыныс туды, зейіні артты, талғамы өсті, көп оқуға тырысты, сөздік қоры молайды.
«Кім көп оқыды?», «Кім жылдам?» атты мәнерлеп оқудан, жатқа айтудан, шығарманы талдап оқудан сайыстар өткізуді дәстүрге айналдырдық. 
Қандайда болмасын оқулыққа енген көркем шығарма мәтіні білім мазмұнының негізі болып табылатындықтан көркем шығарманы талдау жұмысы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысқан соң шығарманы талдау жұмысы басталады. Оқушыларды мәтін табиғатына үңілту, ойландыру, шығармашылық ізденіске баулу арқылы мәтіннің білімдік, танымдық, ақпараттық мазмұнын айқындап түсіндіре білуге жетелеу қажет. Көркем шығарма мәтінін талдаудың сапалы болуы мұғалімнің шеберлігіне, ізденімпаздығына, жаңашылдығына байланысты. Көркем әдебиетті оқытуда оқушының өзімен ғана жұмыс жүргізіп қою біржақтылықты танытады. Ол үшін оқушының жанұясында кітап құмарлар болса, олармен кездесу кештерін, сайыстар өткізуді қолға алу қажет
Кітап оқуды жүзеге асыру жоспары 

Міндеттері

Жұмыс түрі

Мерзімі

Орындаушы

Кітапханамен тығыз байланыс жасау

Кітапханаға саяхат

Үнемі 

Кітапханашы

Кітап оқу дағдысын қалыптастыру

«Кім көп оқыды», «Кім шапшаң» сайыстары

Әр тоқсанда

Мұғалім, оқушылар

Талғап оқуға баулу

Әдеби «Көкпар ойыны»

Ақпан айы

Мұғалім, кітапханашы

Көркем шығарманы оқу арқылы ой-пікірін қалыптастыру

Әр көркем шығармаға фабула жаздыру

Үнемі

Мұғалім, кітапханашы, оқушылар

«Біздің кітапхана» бұрышы

Кітаптар жинақтау

Үнемі

Мұғалім, ата-ана, оқушылар

Бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса одан қандай әсер алды, соны біліп отырдық. Оқып біткен мерзімде мынандай жұмыстар жүргізілді.
Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бердік.
А) өзіне ұнаған бір оқиғаны (эпизод) қысқаша баяндады, сол оқиғаның қысқаша мазмұнын айтты;
Ә) негізгі кейіпкерлер жинақталды. Бір кейіпкерлердің іс-әрекетінен мысалдар келтірілді;
Б) жазбаша сөзжұмбақтар шешкізілді.;
В) сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ-жауап арқылы тексерілді;
Г) бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма берілді, ол– көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру;
Ғ) әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексерілді. Көкпарға ''тартылатын” көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар болды.
Көркем шығарма – әсемдікті, өмірдің шынайы жағын танытар басты құрал. Әрбір мәтін деталі оқушыны ішкі қозғалысқа, сезімталдық сұранысқа әкелуі керек. Әрбір ақын-жазушының өзіндік стиль машығын, зергерлік суреткерлігін, өрнек-айшықтарын таныта білу мұғалімнің шеберлігі. 
Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушы әдеби шығарманы оқып қана қоймай, ол жөнінде ойлануға, оны түсіндірудің ғылыми принциптерімен танысуға мүмкіндік алады. Көркем шығарма – өнердің басқа салалары сияқты шындықты эстетикалық тұрғыда танытуға үйретеді. Ондағы образдық жүйе оқушыны қуандырады, ойландырады, кейіпкер тағдырына ортақтастырады. Сабақта әсемдікті түсіну, адам арасындағы қарым-қаныстарды ұғындыру, шығарманы талдау – бәрі де өмірдің шынайылығымен байланыстырылса, оқушының адмгершілік қасиетін толықтырып, жақсы тәрбие алуына кең мүмкіншілік береді. 
Оқушы күшін ретсіз сарп етпей, саналы жетелей білу мұғалімнен үлкен білімділікті талап етеді. 
Көркем шығарманың көркемдік ерекшеліктеріне, құрылымдық компоненттеріне мән беру көзделеді. Терең білім көркем шығарманы теориялық жағынан талдау барысында келеді. 
Кітап оқу рухани байлықтан нәр алып, дүниенің кілтін ашумен пара-пар. Сондықтан кітап оқып көзімізді ашып, санамызды толықтыра түсейік дегіміз келеді. Бұдан оқушылардың 
1.Оқуға деген қызығушылығы артады .
2.Мазмұндама, шығарма жазу шеберлігі артады.
3. Сөйлеу тілдері,сөйлеу мәнері мен мәдениеті дамиды.
4. Оқу жылдамдығы артады және сөздік қоры молаяды.
5.Ой-өрісі дамып, еліне, жеріне,тіліне деген сүйіспеншіліктері,махаббаттары артады.
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Бастауыш мектепте оқыту, №3. 2010.
2. Бастауыш мектепте оқыту, №2. 2010.
3. Мәнерлеп оқу. Х. Қожахметова. 1999. Алматы
4. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, №4. 2010.
5. Тәрбие құралы, №4. 2005

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет