Байланысты: Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығы Оқушыларды сабаққа деген ынтасын арттыру үшін ең алдымен әр балаға жеке көңіл бөлу керек, яғни индивид деп қарау керек. Өйткені, әр баланың зейіні мен білім деңгейі әртүрлі. Сол үшін деңгейлеп оқыту керек. Сонымен қоса сабақты жаңа әдістермен оқыту керек. Мысалы, бұрынғылар сияқты келе салып үй тапсырмасын сұрап, одан соң жаттығулар жаздыртып өткенше, үй тапсырмасын ойын немесе жарыс түрінде сұраса балаларға әлдеқайда қызық болады. Бұл әдіс оқушыларға ұнайды. Сабаққа барлық балаларды тарту керек. Бұрын бізде жақсы оқитын оқушылардан ғана сабақ сұрап, қалғандарына бәрібір білмейсіндер деп сұрамайтын ды. Олардан сұрағанмен бәрібір білмейді, оданша жақсы оқитын оқушылардан сұрай берейік дейтін. Ал ол балалар да отыра береді “сен тимесең мен тимеймін” деп. Тағы бір әдіс – сабақты пікір талас ретінде өткізу. Әр оқушының пікірін тыңдау. Бұдан да басқа әдістерді қолдану үшін ұстаздар әрдайым ізденісте болу керек. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады. Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл – ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс – тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алар нысана деп білеміз. Оқыту барысында баланың ақыл – ойын, қиялын т. б. танымдық үрдістерін дамытып қоймай, баланы әртүрлі әрекеттің субъектісі болып қалыптасуын қамтамасыз етуді алдыңғы қатарға шығарды. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы. Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.
5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мұғалім және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой – өрісінің күрделі үрдісі». Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоғарғы таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсендіруде танымдылық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес – алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т. б. белсенділік түрлері болады. Соңғысы оқушының логикалық ойлау қабілеті мен дербестігін керек етеді.Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін – өзі тәрбиелеу, қызығушылық, шығармашылық т. б. белсенділіктер.
Мұғалімнің шығармашылық ізденісінің ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізетін жаттығу жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сондықтан мұғалім оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда мына қағидаларға сүйенеді:
1. Жаттығу жұмысы пәннің мәніне, тақырыпқа логикалық байланыста болуы керек.
2. Жаттығуларға сұрақтар жүйесі оқушылардың ойлау қабілетін дамытарлықтай болуы тиіс.
3. Жаттығу жұмысы сабақтың барлық кезінде болуы керек. Жаңа сабақты түсіндіруде, бекіту кезінде, білімді тексеруде, сондай – ақ қайталауда да қолданылады.
Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденіс, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқу үрдісі оқушылардың оқу – танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу – танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады. Танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге мәжеленген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың жедел дамыған уақытында ойлампаз тұлғаны қалыптастыру қажеттігі туындап отыр[1]. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – оқушының білімді игеру кезінде ақыл-ой қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу десек онда, білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі бастауыш сынып оқушы тұлғасының ақыл-ой қабілетін дамытудың тиімді тәсілдерін, жолдарын дұрыс қолдана білу болып табылады. Осы кезде тек сауатты болу жеткіліксіз. Тек жан жақты дамыған білімді, ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алады. Білімнің мәнін «Ақыл- тозбас киім, білім-сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтады. Сонымен қатар оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Қазіргі бастауыш мектеп бағдарламасы, барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен, осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет[2]. Л.В. Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекеттер атқара білу. В.В. Давыдов ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді[3].
Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғанықоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; оқушылардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту[4].
Г.Б.Бейсенбекованың «Кіші жастағы оқушы тұлғасының психологиялық-педагогикалық диагностикасы» оқулығында ақыл-ой қабілеті жайлы былай делінген: «Балалардың көпшілігінің ақыл-ойы қалыпты дамыған болып келеді. Алты жасар бала заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттер арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөліп алуды және пайдалануды қажет ететін азды-көпті күрделі міндеттерді шеше алады. Балалардың өз мүмкіндіктерін пайдаланудың оның өмір сүру саласымен байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Алты-жеті жастағы қалыпты дамыған бала атаулы ақыл-ой белсенділігіне; олар айналадағы дүниені өзінің танымдық проблемасы ретінде қабылдай отырып, алдына танымдық міндеттер қояды. «Не үшін?» және «Неліктен?» деген сұрақтар баланың ақыл-ой белсенділігінің көрсеткіші болып табылады. Бұл жаста бала жануарларға, адамдарға, табиғат құбылыстарына мұқият түрде бақылау жүргізе алады. Олар пікір айтып, тұжырымдар жасай алады. Дегенменде бұл жастағы баланың ойлауы белгілі бір проблемалық жағдайларды дұрыс шешімін табуға қажетті білімнің жоқтығына өзіндік ақыл-ой позициясымен ерекшеленеді. Бала өз тәжірибесінде заттардың ұзындық, көлем, салмақ т.б. қасиеттерінің сақталуы туралы мағлұматтарды игере алмайды. Осы кездегі баланың ойлауының негізгі түрі-көрнекі бейнелі ойлау. Бейнелі ойлау - мектепте даярлық тобындағы баланың өмірі мен іс-әрекет жағдайларға, ойын үстінде, сурет салу, ойыншық құрастыру, үлкендермен қарым-қатынас жасау кедерінде туындайтын міндеттерге көп ретте сәйкес келеді. Жүйелі білімнің болмауы, ұғымдардың толық қалыптаспауы баланың ойлауында қабылдау логикасының жетекші роль атқаруына әкеп соғады[5].
В.И.Лениннің адамның ақыл-ойы қандай болуы керек екендігі және қандай адамды ақылды деп айтуға болатындығы жөнінде айтқан мына бір пікірін ескермесек болмайды: «Ақылды адам - дегеніміз қателеспейтін адам емес. Ондай адамдар жоқ болуы да мүмкін емес. Ақылды адам дегеніміз пәлендей мәнді емес қателер жіберіп, ол қателерді оңай, тез түзете білетін адам»[6].
Сондай-ақ ақыл-ой қабілетін дамытуда бірнеше дәйекті кезеңдерден өтеді екен. Оқушы балада ауызша-логикалық немесе түсінікті ойлауы дами бастайды. Оқушы бала өзінің түсінігіне сүйене бастайды(алғашында деректі, уақыт өте келе дерексіз). Бұл құбылыс баланың мектепте алған білімінің толығуынан байланысты болып отырады.
Ақыл-ой қабілетін игеру кезеңдері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы нақтылы келеді. Заттарды қалай айтты солай қабылдайды. Заттардың қасиеттеріне аса мән бере бермейді.(Мысалы, танк-жауынгерлері бар көлік.)
2. Берілген заттың ұғымын, қасиетін біраз түсінеді, бірақ затардың шын мәніндегі қасиеттерін ажырата алмайды.
3. Заттардың белгілерін бейнелей алады, бірақ әлі кең мағынада түсіндіре алмайды.(Мысалы, үшінші сынып оқушысы жалпы жанартау ұғымына дұрыс түсінік береді де,бірақ оған сөнген жанартауды қатыстырмайды)
4. Белгілі бір заттың қасиетін кең мағынада түсіндіріп бере алады.(Мысалы, құс десе баланың ойына лезде қауырсын елестейді).
Бастауыш сынып оқушыларында салыстыру дамиды. Оқушылар заттарды салыстыра бастайды және сол заттардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын тауып алады.(Көбіне оқушылар айырмашылықтарын тауып алады)[7].
Қ Жарықбаевтың «Жалпы психология» оқулығында балалардың ақыл-ой қабілетін дамытуда қолдануға тиіс бірнеше шараларды атап өтіп кеткен[8]. Ол былай деген: «Оқушылардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші рөл атқарады. Бастауыш мектеп жағдайында оқушы бала ойлауы қалайша дамып отыратындығы жоғарыда айтылып кетті. Оқушы ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Осындай ойлау тәрбиесіне қатысты шаралардың кейбірі мынандай: -оқушыларды белгілі ережелер (грамматикалық,математикалық) жөнінде өз беттерінше қорытынды жасай алуға үйрету үшін мұғалім сабақта мүмкіндігінше эвристикалық әдісті жиі пайдаланып отыруы қажет. -оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас өзгешеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндіктер туады. -Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытып отыру олардың ойлауын дамытуға үлкен әсерін тигізеді. -ойлау қабылдаулар мен елестердің негізінде жасалады.Сондықтан оқушының сабақты мүмкіндігінше жақсы қабылдай алуына, елемтердің тиянақты қалыптасуына мұғалім айрықша қамқорлық жасамаса болмайды. -мұғалім оқушыларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс. Бұған оқу процесін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Оқушылардың өз беттерінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, оларды бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағыттап отыру ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жаздыру – бала ойлауын тәрбиелеудің тиімді жолдары.
Ойлауды тәрбиелеу бала психологиясын жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білуге құмарлығын, тану қызығуларын, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Ойын - ойлау процестін дамытуға қолданылатын тиімді тәсіл.
Қорыта келгенде, оқушылардың ақыл -ой қабілетін арттыру мақсатында жұмыстарды ойластырып, оны ұйымдастырмас бұрын оқушыларда ойлаудың 3 түрінің қандай деңгейде екеніне диагностикалау жұмыстары жүргізіледі. Оған төмендегідей әдістемелерді пайдалануға болады:
ü Шытырмандар.
ü Бұл жерде не артық?
ü Топтарға бөл.
ü Равен матрицасы.
ü Лабиринт.
ü Фигураларды кес.
ü Сызықтармен қорша.
ü Рубик кубигі.
Сондай-ақ ақыл-ой қабілетін дамыту жолында төмендегідей оқу тапсырмаларын беру керек:
ü шығармашылық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру өз бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу, белгілі тақырыптарға баяндамаларжазу т.б.
ü салыстыруға байланысты тапсырмалар: логикалық және жинақтай ойлау.
ü ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып — үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т. б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді. Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. Оқушының
танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы — оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу — танымдық іс — әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу-танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін — өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады. Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін — өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу — танымдық белсенділікті қалыптастыру болып
табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай-ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi — рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы — ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Танымдық әрекет — шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл — ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады. Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В.Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат-сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық. Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», — дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми-зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
— психикалық дамуға — оқушының мiнез-құлқының, ерiк-жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
— денелiк дамуға — дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
— рухани дамуға — оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
— әлеументтiк дамуға — өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
— жалпы дамуға — оқушының жан — жақты үйлесiмдi дамуы, — деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми-теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға ойын жұмыстарының тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын — балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым — қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Ойын — оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек — бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Қорыта келгенде тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл
атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
Әдетте бала өзіндік сөйлеу әрекеті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың ( Д. Элласберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге қажет сөздер ойлаптабады. Ол сөздер тек өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады.
Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1,5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 – тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды.
Әрбір жас кезеңдегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады.
Тілдің гамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл – ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой - өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым – қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.
Баланың сөйлеу білуге деген алғашқы талпынысы – оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3,5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.
Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай күйіне байланыстыерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.
«Сөзге» қарағанда, балаға сол зат, белгі, құбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрсету арнайы үйретусіз-ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұғым болғандықтан, бала тез арада өзі қабылдаған сөздерді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды. Баланың өз бетінше меңгеруі алғашқыда әрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арсындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т.б.) сезімдік қабылдауға негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нәрселер мен байланыстарды үлкендер түсіндіреді.Бұларды түсінуге талпыну және тілде қолдану баланың ойлау қабілетін дамытады. Сол секілді үлкендердің сезімдік, эмоциялық күйін білдіретін сөздерде балаға түсінікті бола бастайды да, бала да эстетика, адамгершілік туралы алғашқы түсінік қалыптасады.
Балада алғашқы кезде өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермен, заттармен байлнысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы,ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы және жаман қаситтерді ажырата бастайды.Сөздік қорын дамыту арқылы бала ертегі, өлең тыңдауға, ән салуға, мәнерлі де, мәнді сөйлесуге бейімделе бастайды.
Демек, баланың алғашқы сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау белсенділігі үлкенденрдің жүйелі тәрбиелік жұмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлкен өзгерістер байқалады. Ол өзін қоршаған құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-әрекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда қолдана бастайды.
Дұрыс ұйымдастырылған ойындарда балаларда жақсы дағдылар қалыптаса бастайды, яғни ойын – ойды дұрыс дамытады. Тек баланың ақыл-ой қызметін активтендіру және ұйымдастыру нәтижесінде ғана білімді меңгертуге болады. Н.А.Менчинскаяның пікірінше, «таным, танымның қалыптасуы өзара байланысты екі процестен тұрады: білімді игеру және оны қолдану».
Баланың екінші сигналдық жүйесі ретіндегі сөйлеуі бірінші сигналдарға қарағанда жетекші орында болады, екінші сигналдар оған қызмет етеді. Ал сөздік қоры мен ойлау жүйесі нашар дамыған балалардың сөздік қоры, сөз байланыстары тек белгілі бір ғана бағытта болады да, әр түрлі жағдайдың өзгеруіне қарамай, олардың жауаптары бір жақты болады. Психиклалық процестердің дамуындағы сөйлеудің рөлі жайындағы бұл саладағы зерттеулердің объектісіне жататын көптеген өзекті мәселелерінің туындауына әкеледі.
Балалардың тілінің дамуы мен қалыптасуын зерттеу балалар технологиясы мен психолингвистиканың проблемаларын шешуде ғана емес, сонымен қатар тілдің табиғаты жөніндегі аса маңызды, әсіресе, балалар тілі онтогенезін, оның осы арқылы тілдің лексикалық, грамматикалық категорияларын, оның фонологиялық жүйесін және мәтін тудыру механизмдерін танып-білуді аса маңызды роль атқарады.
ХХI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында балардың сөйлеу тілін зерттеу психологтар мен тілші ғалымдар назарын өзіне аударды, балалар ойлауының, ой-өрісінің деңгейін білдіретін алғашқы жиілік сөздіктер пайда болды.
Оқушылардың сөйлеу әрекеті, оның құрылымдық-типологиялық ерекшеліктері жоғары лингвистикалық шамалар лексикалық, морфологиялық, семантика – синтаксистік ерекшеліктер нәтижесінде қалыптасады.
Элькониннің пікірінше, бала қызметінің барлық жағы мазмұны, формасы бойынша қоғамға байланысты, сондықтан бала өз өмірінің алғашқы ағашқы күндерінен бастап, қоғамдық дене болып табылады. Оның адамзатқа тән мәдениетке жетуі белсенді әрекетіне байланысты болады. Баланың сөздік қоры сыртқы жағдайлармен, динамикалық әрекетпен сипатталады. Баланың жеке іс - әрекеттерінің күшеюіне және өзге балалармен көбірек араласуы оның өз жолдастарынан көргендері мен алған әсерін айту үшін монолог түрінде түсіндіру, айту қажеттілігін тудырады. Бұған қоса әрекеттердің өзара байланысуы, бір нәрсеге баға беру, бұйыру т.б. формасында да сөйлеуі үнемі даму үстінде болады. Мұның барлығы балалардың сөздік құрам мен тілдің грамматикалық құрылысын интенсивті меңгеруіне әкеледі де, олардың сөзі бір-бірімен байланысты, жүйелі бола түседі. Ауызша тілді меңгерудің жүйесіз түрінен мектепте морфология мен лексиканы үйретудің жүйелі тәсілдеріне көшу үшін мектеп оқулықтарындағы мәтіндердің сөздігіне мүмкіндігінше тілімізде жиі және сирек қолданылатын жаңа мәнге ие сөздерді сұрыптап ала білудің айрықша маңызы бар.
Тілдің синтаксисі мен семантикасына квантитативтік әдістер қолдануда көптеген қиындықтар бар: біріншіден, өте үлкен мөлшердегі сөз, сөз тіркестерінің жиыны қажет, екіншіден, мәтіндердегі сөз тіркестерін қарастыруда жекелеген қиындықтар туындамай қоймайды.
Балалар тілін квантитативтік әдіспен зерттеу – олардың лексика – грамматикалық ерекшеліктерін ашуда, сонымен қатар бастауыш білім беру кезінде оларға берілуге тиісті материалдың сандық және сапалық ерекшеліктерін анықтай отырып, алынған зерттеу нәтижелерін көркем әдебиет пен публицистикалық жанрдағы үлгілермен салыстыру арқылы тілді меңгертудің кейбір тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда аса маңызды.
Құрастырылған стандарт негізінде бастауыш білімнің бағдарламлалары жарық көрді. Сауат ашу әліппе мен оқу кітабынан тұрады. Бастауыш сынып пәні бойынша оқушылардың оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәденниетін қалыптастыру; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту; ана тіліне деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, адамгершілікке, ізгілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарын көздейді.
Бастауыш сыныпта оқушылар сөйлеу, сөйлем, сөз дыбыс және олардың шартты белгілерімен танысады. Дауысты, дауыссыз дыбысқа байланысты грамматикалық материалдар талдау әдісімен беріледі. Тіл дамытудың төрт міндеті жүзеге асырылады.
-сөздік қорын дамыту;
-байланыстырып сөйлеуге үйрету;
-грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету;
-сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
йым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Бүгінгі таңда мемлекеттің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу,бағыт бағдар ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап ететіні анық. Кәсіптік колледж құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап ететіне көз жеткіздім.Оқу-педагогикалық үрдістің маңызды мақсаттарының бірі-жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдай жасау [1]. Шығармашылық – бұл адамның ізденуі, өзін-өзі өмір шындығында тануға ұмтылуы.
Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға қалыптастырады. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Адам бойындағы жеке қасиеттерді ескере отыр, шығармашылық ,қызығушылық қасиеттерін бойындағы жетілдіру. Баланы мектеп қабырғасынан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз ісәрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізуі қажет. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды
. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет: - оқу процесінің мазмұнын жетілдіру; - оны ұйымдастыру деңгейін арттыру; - оқытудың тиімді нысандары мен әдістерін енгізу; - оқу үрдісінде заманауи оқыту құралдарын, атап айтқанда электрондық оқу құралдарын кеңінен қолдану. Білім беру мекемелерінің, оның ішінде колледж мекемелерінің міндеті де білім алушылардың шығармашылық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Шығармашылық-бұл қолда бар тәжірибені жүзеге асыру және жаңа комбинацияларды, ұғымдарды, іскерліктер мен өнімдерді қалыптастыру негізінде жаңа нәрсе тудыратын қызмет түрі болып табылады
."Шығармашылық-бұл жаңа құндылықтарды құру процесі". (В. А. Болотин) "...дәл шығармашылық ойлаудың бірегейлігін, жауап беру және қарапайым шешім табу қабілетін білдіреді". (Г. Я. Буш) Техникалық шығармашылық- бұл білім алушыларды техниканың әр түрлі әлемімен таныстыруға, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған қызмет түрі 7 ғана емес, сонымен қатар еңбекке баулу мен арнайы білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі.Тәжірибе көрсеткендей, техникалық шығармашылық субъективті сипатқа ие
. Алайда, шығармашылық еңбектің педагогикалық пайдасы сөзсіз артық , өйткені білім алушыларда проблемалы жағдайларды талдау, олардың салдарын алдын ала болжау, алынған ақпаратты біріктіру және синтездеу қабілеті қалыптасады, қиял дамиды [2]. Колледждердің алдында тұрған міндеттердің бірі бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың маңызды құралы ретінде білім алушылардың шығармашылық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Выгодский айтқандай, әрбір оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет екенін, сонымен қатар шығармашылық танымдық іс-әрекетті жандандырады, саналы тұлғаны белсендіреді және оны қалыптастырады.
Шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін қажетті шарт қолайлы психологиялық атмосфераның қосалқы тәсілі болып табылады, яғни педагог осындай қолайлы орта құруға қабілетті психологиялық-педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді білуі тиіс. Егер оқушыларда білім тануға ұмтылыс және оқылатын материалды меңгеруге шығармашылық көзқарас қалыптасса,егер педагог креативті идеяларға бай болса, онда оқу үрдісі оқу және тәрбие бірлігі ретіндегі мақсатына жете алады. Қазіргі заманауи жағдайда жетекші маман дәстүрлі емес, ерекше шығармашылық міндеттерді шеше білуі, стандартты емес, креативті шешімдер қабылдай білуі тиіс, ал ол үшін абстрактілі ойлауды дамыту қажет. Колледж оқушылары өз бетінше тапсырмаларды қоя білуі, процестерді басқара білуі және өздері қабылдаған шешімдердің ықтимал салдарын есептей білуі тиіс.
Осыған байланысты арнайы пәндер шеңберінде олардың креативтілігін дамыту болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың оңтайлы стратегиясын айқындауды, сондай-ақ креативтілікті дамыту серпінін мониторингілеудің тиімді бағдарламасын әзірлеуді талап етеді.
Креативтілік – бұл адамға тән, мотивациялық, өзін-өзі дамытатын, зияткерлік компоненттерді қамтитын, жеке тұлғалық қасиеттер мен қабілеттердің, психологиялық күйлердің, білімнің, іскерліктің жиынтығын көрсететін, жеке тұлғаның шығармашылық қызметін жүзеге асыру және дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін қажетті нақты тәжірибедегі өзінің шығармашылық күштері мен мүмкіндіктерінің өзектілігі арқасында тұлғалық қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығын көрсететін күрделі интегралдық жекеіс-әрекет сипаттамасы болып табылады [3]. Арнайы пәндер шеңберінде колледж оқушыларының креативтілігін дамытудың жеке педагогикалық тәжірибесін, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиетті жүйелеу және жинақтау,
"Слесарлық ісі негіздері" пәнін меңгеру кезінде жүзеге асырылатын бірнеше практикалық-бағытталған оқыту әдістерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.Негізінде нақты мән-жайлар жатқан проблемалық жағдайларды талдау және белсенді іздеу қызметі процесінде ұсынылған проблеманы шешу шығармашылық қабілеттілікті дамытудың негізгі шарты ретінде әрекет етеді, және ол принципті жаңа ойларды жасауға дайындықпен сипатталады. Оқушылардың күрделі тапсырмаларды орындау нәтижесінде, оларда зерделік, назар аударушылық, көру жады дамиды, ақыл-ой операциялары мен іс-әрекеттер 8 дағдылары, ақпаратты алу мен пайдаланудың бірегей тәсілдерін ашу қабілеті қалыптасады.
Сонымен қатар мен арнай пәндердің тақырыбындағы іскерлік ойындарда, әр түрлі жағдайларды талдай отырып, оқу қызметін қарқындатуға және оларды талдауға, оңтайлы іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.
«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский [4]. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.Оқу материалын игеруді ойын арқылы жеткізу, оқушылардың пән мазмұнына жоғары қызығушылығын сақтауға мүмкіндік береді, өзіндік қызметті белсендіреді,тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады
Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу - қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету».
Әр сабағымызды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Оқу - танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу - танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту - оның мінез - құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т. б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс - әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); оқушы іс - әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу - танымдық іс - әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т. б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып - үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой - сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т. б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу - танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс - әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу - танымдық іс - әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс - тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу - танымдық іс - әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал - тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін арттырып, өзін - өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін - өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу - танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы,мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін - өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу - танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л. В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат - сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық. Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л. С. Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми - зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С. Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу - тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми - зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға - оқушының мiнез - құлқының, ерiк - жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға - оқушының жан - жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми - теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға ойын жұмыстарының тиiмдiлiгiн нақтылайды.