Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары



Дата28.09.2024
өлшемі3,65 Mb.
#146077
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды.
Мектептегі оқу үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі.
Саут ашу жұмысының мақсаты-балаға хат таныту, яғни оған оқумен жазуды үйрету. Сауат ашу–аса жауапты да күрделі жұмыс. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға бәрін алдын-ала өзі дайындап бермеуі тиіс, оқушы өзі ізденуі қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған басшылық жасауы қажет.
Бастауыш сыныптан-ақ негізі қалануы тиіс маңызды міндеттің бірі-оқушылардың оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру.

Дағды дегеніміз – ол автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, көп рет қайталау жолымен қалыптасады, оқыту процесінде, әсіресе жалпы оқу дағдыларын қалыптастыру керек. Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет.
Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру мынадай талаптардан туындайды:
  • Оқу техникасы (дұрыс, тез қабылдау және сөздерді дыбыстау).
  • Мәтін мазмұнын түсіну (негізгі ойды, мазмұнын ажырату).

  • Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені, оқу техникасын жетілдірмей – түсіну, дұрыс оқу жүзеге аспайды.
  • оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;
  • көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;
  • шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуіне, сезімталдықпен қабылдауына қол жеткізу;
  • мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
  • ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;
  • өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
  • оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Бастауыш сынып мұғалімдері үшін мынандай міндеттер туындайды:
Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы түрде түсініп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушымен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. 
01
02
Дауыстап оқу – оның кідіріссіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады.
Іштей оқу – көзбен оқудан тұрады.
Оқушыларды дыбыстарды ажыратуға, одан кейін дыбыстарды біріктіріп дауыстап оқуға үйрету керек. Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін – дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет. 
Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек.
Дұрыс оқу
Түсініп оқу
Мәнерлеп оқу
Шапшаң оқу
Дұрыс оқудың негіздері алғашқы мектепке келген кезінде оқу-жазуды үйрену кезенінде басталады. Дұрыс оқудың екі түрі бар: дауыстап және іштен оқу. Оқудың бұл екі түрі де бастауьш сыныпта қолданылады. Себебі, сауат ашу кезенінде дауыстап оқытпай іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Яғни, дауыстатып оқыту арқылы ғана оның оқу сапасының қай деңгейде екенін білуге болады.

Әліппеден кейінгі кезеңнен бастап дағдыландырамыз. Өйткені бала дауыстап оқыса қалған балаларға зиянын тигізеді, әрі оның оқу шапшандығы да дамымай қалады. Міне сондықтан баланы іштей оқутыға бейімдеуге тырысамыз. Ол үшін жеңіл мәтіндер беріп, оны іштен оқытып, сұрақ-жауап арқылы қаншалықты меңгергенін тексереміз.

1-сыныптың аяғы мен 2- сыныптың басынан бастап окушылардың мәтінді түсініп, саналы оқу дағдысы мен мәнерлеп оқу дағдысына көп көңіл бөлінеді. Оған себеп, оқушылар мәтіннің мазмұнын саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқып барып меңгереді. Түсініп оқу бұл баланың оқыған мәтінінің мазмұнын толық меңгеруі. уғынуы болып табылады. Түсініп окуда балалардың назары мәтіннің мазмұнына аударылады.
Шапшаң оқу дегеніміз-мәтіндегі сөздерді қалай болса солай, тездетіп оқу емес, ол оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу болып табылады. Бастауыш сыныпта оқушыларға шапшаң оқудағдысын қалыптастырудың орны бөлек. Өйткені, мәтінді тым баяу оқыса мазмұнын түсінбек түгілі, бір сөйлемде не айтылғанын ұмытып қалады. Әдебиеттік оқу бағдарламасында әр сынып бойынша шапшаң оқудың мөлшері көрсетіледі. Мысалы: 1-сыныпта жыл аяғында минутына 15-20 сөз, 2-сыныпта 25-30 сөз, 3-сыныпта 60-75 сөз, ал 4-сыныпта 80-90 сөз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет