Қорытынды:
Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі кішкене балаларды байланыстра сөйлеуге үйретуде барлық ересектер, яғни, үлкендер үлкен еңбек сіңіруі керек. Ал осылардың ішіндегі ең үлкен ықпал етушілер ата-ана мен балабақша тәрбиешісі болып табылады.Бала тілін байланыстра сөйлеуге дағдаландыруда диалог пен монолог басты рөл атқаратындығы белгілі нәрсе. Сондықтан бала тілін дамыту кез келген уақытта жүзеге асырылды.Баланы жуындыруда, оны ойнату да, киіндіруде де серуендетуде де диалог үлгісін жүргізе аламыз, ал монолог түріндегі сөйлеуге үйрету үшін ата-ана да, тәрбиеші де еріндей еңбек етіп, монолог түріндегі сөйлеуге үйрету үшін арнайы уақыт бөлінгені жөн.Қазіргі кездегі актуальді мәселе ұрпағымыздың аз ана тілінде еркін сөйлей алмауы болмағандықтан бүгінгі тәрбиешілеріміз бала тілінде еркін, жүйелі сөйлей білуі қажет. Сондықтан, тәрбиеші өз ісін білетін, білімді жетік меңгерген, ізденісі мол, шығармашылығы шыңдалған болған абзал. «Баланы бастан деп халқымыз айтқандай болашақ өмір иелері нақты сөйлей алатын білімді болып өссін десек ерінбей еңбек етіп, балабақша жасынан бастап оларды байланыстырып, жүйелі түрде сөйлеуге үйреткеніміз жөн».