- 31 -
Суретші аспанмен астасқан
Алатаудың көк-жасыл шыршасы
сіресе өскен жайпақ қапталдың етегіне өрлеп барып тоқтады.
Айналасындағы әсем көріністерге сұқтана қарап біраз тұрды. Таза
ауамен кеудесін кере тыныс ауған суретші керме тақтайын қарсы
алдына жайды. Қобдишасынан бояуларын, қыл қаламдарын алды.
Суретші
назарына сылқым қайың, сылаң қарағай көмкерген сұлу
таудың ғажайып келбеті бірден ілінді.
Әсемдікті айнытпай сызудың жүйесін тапқан ол жұмысына
құлшына кірісті. Ақ жібек жейдесінің тамақ түймелерін ағытып,
кеудесін ашып тастады. Жұмысына бүкіл
зейінін салып, алаңсыз,
ынтамен құштарлана кірісті.
Жаратылыстың ең ізгі асыл қасиеттері, тау –тастың сұлу
келбеті болжымай қағаз бетіне түсіп жатты.
(92 сөз)
ТҮЛКІНІ АЛДАҒАН ҚАЗ
Түлкі жайылып жүрген бір қазды ұстап алады. Оны біраз
мазақтайын деп ойлайды. Қазды алдыңғы екі
аяғымен басып тұрады
да, мұртынан күліп:
- Е, қаз, сенің қолыңа мен түссем, не істер едің? - деп сұрайды.
Қаз сәл ойланып тұрып:
- Сені тісіммен тістеп тұрып, екі аяғымды кеудеме қоямын да,
көзімді жұмып: «Құдай, бергеніңе шүкір!» деп жеп қояр едім, - дейді.
- Мынауың дұрыс екен. Мен де сені өзің айтқандай етіп жейін, -
дейді түлкі.
Ол қазды тістеп , алдыңғы
екі аяғын қусырып, көзін жұмып:
- Е, құдай! –дей бергенде, қаз қанатын қағып-қағып ұша жөнеледі.
Түлкі аузын ашып, шоңқиып қала береді.
(92 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: