Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет22/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
 
 
АЮ ЖӘНЕ БӨРЕНЕ 
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез 
болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі 
шұбырып, оны жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға 
жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. 
Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр 
бөрене өз салмағымен қайта оралғанда, аюдың басына сарт ете 
қалады. Қара күшке сенген ожар
1
аю ашуланып, бөренені одан бетер 
қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына 
тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған 
ызаланған аю бар күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, 
қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырып, ағаштан ұшырып 
түсіреді.
(100сөз)
1
Ожар – одыр, ұрда-жық. 


 
- 36 - 
4-
сынып І жарты жылдық 
 
ТҮЛКІ МЕН ҚҰМЫРА
Егін ора келген шаруа сүт құйып алып шыққан құмырасын 
шөптің арасына тығып, өзі алқапты аралап кетеді. Бұны сол маңда 
жортып жүрген түлкі көріп қояды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, 
бұғынып келеді де, құмыраның ішіне басын тығып жіберіп, сүтті түк 
қалдырмай ішіп алады. Енді басын шығарайын десе, басы кептеліп 
қалыпты. Ол құмыраны түсіре алмай, әбден әуреге түседі. Дегбірі 
кеткен түлкі: 
-
Әй, құмыра, біраз ойнадың, жетер енді, жібер менің басымды,- 
деп жалына бастайды. 
Жұлқынса да, жалынса да басы шықпайды. Сонда ол 
ашуланып: «Қап, бәлем, тұра тұр! Жақсылықпен жібермесең, суға 
батырамын» деп жүгіріп келіп, өзенге күмп беріпті. Сөйтіп ашқарақ 
түлкі құмырамен бірге суға батып кетіпті. 
(100 сөз) 

 
ҚОС КӨГЕРШІН 
Былтыр Дәуренбекке жолдасы қос көгершін берді. "Жырақта 
жүргенде бұлар саған серік болуға жарайды", - деді ол. Бірі – ақ, бірі 
– көк. Екеуінің сұлу сымбаты кімді болса да қызықтырардай.
Дәуренбек қашан үйреніп кеткенше, көгершіндерін темір торда 
бақты. Бір күні екеуін далаға алып шықты. 
Кенет алай-дүлей жел тұрып, шаң-тозаңды аспанға көтерді. Қос 
көгершінді де ұршытай үйіріп ала жөнелді. Көгершіндер көкала 
шаңмен бірге кетті. Дәренбек көгілдір аспанға көз тігіп
көгершіндерін күтумен болды. 
Көп ұзамай ашық аспанда қатар самғап ұшып келе жатқан ақ 
көгершін мен көк көгершіннің қарасы көрінді. Олар үйдің шатырына 
қонды. "Жарайсыңдар, қанатты достарым!" – деді қуанып Дәуренбек 
көгершіндеріне қолын созып. 
Олар өздерінің иесінің қолына, иығына қонды. 
(104 сөз) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет