Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет27/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

ҚАСИЕТТІ АДЫРАСПАН, 
СІЗДІ БІЗГЕ БЕРДІ ӘЗІРЕТ ОСПАН
Адыраспан жаз айларында, далалы жерлерде өсетін өсімдік. 
Бұл өсімдіктің қасиеттілігі сондай, адамды тіл-көзден сақтап, үйді 
зиянды қуаттан арылтады. Сондықтан да адыраспанды атам қазақ 
киелі санап, үйдің кіре берісіне іліп қояды. Адыраспанды тек жұма 
күндері ғана жұлады. Жұлар алдында «Қасиетті адыраспан, сізді 
бізге берді Әзірет Оспан» деп айту керек. Себебі, Мұхаммед 
пайғамбардың төрт сенімді серіктерінің бірі Оспанды бір қатерден 
алып қалған екен. Оспан жолдастарымен бір жиында отырғанда
жаулары байлаулы тұрған аттарын босатып жіберген, сонда
олардың жан-жаққа бытырап, жоғалып кетпеуіне осы адыраспан 
себеп болыпты. Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға 
оратылып қалыпты. Басқа аттар сол араға келіп, жиналып тұрған. 
Сонда Мұхаммед пайғамбар Оспанға : «Сенің құрметің үшін осы 
шөпке киелі қасиет дарыды», - деген екен. Содан бері адыраспан 
өсімдігі киелі саналады. 
(120 сөз) 
КЕПТЕР МЕН ҚАРҒА
Бір кептер үлкен қайыңның бұтағындағы қалың жапырақтың 
арасында бейқам отыр еді. Жоғары жағындағы бұтаққа жалпылдап 
кеп қара қарға қонады. Сонан соң мойнын бір жоғары, бір төмен 
созады. Өңешін қырнап, қарқылдай бастайды. 
Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітеді. Басы 
зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. 


 
- 43 - 
Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі түршігіп, 
берекесі кеткен кептер: 
- Оу, қарға! Таң атқалы балапандарыма жем тасып шаршадым. Мына 
қайыңның саясында аздап дем алайын деп отыр едім. Мүмкін болса, 
қоя тұршы, мазаны алмай, - деп өтінеді. 
Өзінің әніне кептердің түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп 
кетеді. Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды да: 
- Ей, шаршап отырғаныңда көңіліңді көтерейін деп, әдейі сайрап 
отырған жоқпын ба? – дейді. 
Кертер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да, әрі 
ұшып кетеді. 
(120 сөз)
БАЯНАУЫЛ 
Бұрынғы өткен заманда байлығы мен аты әлемге жайылған 
Қарабай деген бай болыпты. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар 
Баян деген сұлу қызы болған екен. 
Әсемдігі, көріктілігі алты алашқа толық тараған Баянды 
айттырып алғысы келетіндердің саны күн санап көбейе түскен екен. 
Бірақ күйеу болғысы келген жігіттерді менсінбей, қайтара беріпті.
Абыр-сабырдан мазасы кеткен Қарабай осындай істі өткізудің 
басқаша жолын қарастырады. Сөйтіп өзінің Аякөзден Түменге 
дейінгі аралықты алып жатқан жайлауының орта тұсы деп, тамаша 
жер жаннаты тәрізді өлкеге Баянның ауылын қоныстандырады. 
Сөйтіп ендігі келушілер осы ауылға ат басын тірейтін болған. 
Күнде ойын-сауық, қызық думан өткізіліп тұрыпты. 
Баянды көргісі келген бозбала жігіттер сол ауылды сұрастырып 
іздегенде: «Баянның ауылы қайда? Баянауыл қайда?» - деп 
сұрасыпты. Сөйтіп, осы бір табиғаты көркем өлке Баянауыл атанып 
кетіпті дейді. 
(123 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет