Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет42/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
ЖЕТІҚАРАҚШЫ 
Түнгі аспанда шөміш тәрізді келген жеті жұлдыз Жетіқарақшы 
деп аталады. Ол бір тәулікте Темірқазықты бір айналып шығады. 
Аңыз бойынша жеті ұры – қарақшылар өмір сүріпті. Олар 
күндіз ұрлықпен айналысып, түнде сол жасаған әрекеттері үшін 
ұялыпты. Ақыры қарғысқа ұшырап, қайтыс болыпты. Ұрылардың 
жандары жұлдызға айналып, аспанға ұшып кетіпті. Бірде олар 
Үркердің Үлпілдек деген қызын ұрлайды. Жетіқарақшының бас 
жағында жарқырап тұрған жұлдыз – ұрылардың басшысы Қыран 
қарақшы. Ал оның қасында әлсіреп көрінетін – тұтқында отырған 
Үлпілдек қыз. Үркер өзінің қызын қайтарып алу үшін түнімен 
Жетіқарақшыны қуып жүреді екен. 
Жетіқарақшы туралы мынадай ертегі де сақталған: «Ертеде бір 
байдың жылқының басындай алтыны болыпты. Ол алтынды жерге 
көміп тығып тастаған екен. Сол заманда елге атағы шыққан жеті ұры 
байдың алтынын ұрлап кетеді. Бірақ, тастай қатты алтынды бөле 
алмайды. Сонда Қырын қарақшы: «Бөлуді бір білсе, оның иесі 
біледі» деп байға келеді. Бай оны қонақ қылып, барын алдына 
тосыпты. Ата дәстүр бойынша ет піскенше қонақ үй иесіне әңгіме, 
ертегі айтуға тиіс. Қарақшы осыны сылтау етіп әңгіме бастайды: 


 
- 64 - 
«Бір байдың ат басындай алтынын жеті ұры ұрлапты, бірақ олар 
алтынды бөлуді білмейді екен». Бай: «Ол үшін алтынды биенің 
қазыға алынатын майына орап, қайнату керек. Сонда алтын жібиді» 
депті. 
Қыран қарақшы жолдастарына келіп, алтынды қазының 
майына орап, қайнатыпты. Жібіген алтынды оп-оңай пышақпен 
жетіге бөліп, өзара бөлісіп алыпты. 
(206 сөз) 
 
ЖЕТІ ҚАЗЫНАНЫҢ БІРІ
Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты 
шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. 
Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін 
білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аңдар жинала 
қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соі түлкі алға шығып: 
-
О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, 
ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп 
сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті. Барлық аңдар өз 
пікірлерін айтыпарыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, 
ақылды деп лепіртеді. Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан 
бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырапжатқан итті байқайды. 
Дереу гүрілдеп итке төне түседі: 
-
Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын естіп 
отырсың ба өзі? Неге сен үн қатпайсың? – дейді. 
Ит салмақты қалпын бұзбастан: 
- Ә, сен бе едің... Сонша неге орманды басыңа көтересің? Менің 
де сені мақтап бас ұруым керек па? – деп, басын көтерместен 
тәкәппарлана қарсы сөйлейді. 
-
Ал сонда, - дейді арыстан, дүниеде ең қайратты, ең ақылды, 
әділ әрі епті кім? 
-
Мен үшін дүниеде ең қайратты әрі ақылды тек-адамзат. 
Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа: 
-
Ит иттігін жасап, адамды мадақтады. Біздің арамызда оған 
бұдан былай орын болмауға тиіс.Дереу арамыздан аластатыңдар! – 
депті күндей күркіреп... 
Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан бір 
жолата ат құйрығын үзіп кете барған екен. 


 
- 65 - 
Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе 
 « Ит – жеті қазынаның бірі»
деген қанатты сөз қалыптасыпты. 
(221 сөз) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет