- 78 -
алмайсың ғой. Же алдыңдағы етті, сасып кетпесін, - деп жауап
қайырады.
Бүркіт
пен
қаршыға
бір-бірімен
қатты
ұрысып
қалады. Екеуінің шуын естіп қалған барлық құстар жиналады.
Құстар Құстандың занын сайлауды ойластырады. Сол хан ұрысты
шешіп беруі керек болады.
Құстар шықылдап, шулап кетеді. Барлығының хан болғысы
келеді. Сол кезде Бүркіт алға шығып:
- Мен сендерге хан болу керекпін. Менен де биікте самғап
ұшатын ешкім жоқ, - дейді. Бірақ оған құстар келіспей: “Жоқ, керек
емес! Сен өте тәкәппарсың. Сол себептен де биік құзда өмір сүресің”,
- деп қарсы болады.
Жарқанат шығып:
- Менің хан болғым келеді. Менің қанатым сендердікіндей
жүннен емес, теріден. Алыстағыны естіп қоямын, - дейді. Бұған
көкек келіспей қояды:
- Жарқанаттың хан болуы мүмкін емес. Құстарға ҚҰСПЫН
дейді, аңдарға АҢМЫН дейді. Оның үстіне түні бойы ұйықтамай
ұшып жүреді де, бізге ұйқы бермейді. Сендер үшін менен жақсы хан
болмайды. Менің салған әніммен бүкіл жер беті және жасыл желек
құлпырады.
Көкектің де сөзіне құстар келіспей қояды да, былай дейді:
“Көкек бізге хан болмайды. Ол өзінің балапандарына қарамай тастап
кетеді”.
Осы кезде құстар арасында үлкен айтыс-тартыс туды. Әрбір құс
өзін хан қылып сайлауды ұсынды. Құстар қатты шулап кетеді. Мұны
естіп жоғарыда талдың басында сиқыршы қара қарға отырады. Ол:
- Ақыры бір-біріңмен тіл табыса алмайды екенсіңдер, онда
сөйлемей-ақ қойыңдар. Барлығының хан болғысы келеді, - дейді.
Сол кезден бастап құстар адам сияқты сөйлеуден қалады.
Міне, құстардың ауызбіршілігі болмағандықтан, барлығы
бірдей сөйлей алмай қалыпты.
(389сөз)
Достарыңызбен бөлісу: