Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет32/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
- 49 - 
 
ӘЖЕ СЫРЫ
Кішкентай Әлима әжесінің сөзін тыңдауда. 
-
Біздің заманда қант тапшы болатын. Бір кесек қантты жап-жас 
кезімізде тілімізбен кезек-кезек жалап алатынбыз. Жоқшылықтың 
арқасы да, - деп өткен уақыттан сыр шертеді. 
-
Кешегі соғыстан кейін де адамдардың тұрмысы оңалған жоқ. 
Ойнап жүріп, қарнымыз ашады. Баламыз. Анамыздан нан сұраймыз. 
«Нанды ретсіз жей бергені несі?» деген ұрыс естиміз. Бұл да 
жетіспеушіліктің нышаны да, тәйірі, - дейді Әлиманың әжесі. 
-
Әже, бүгінгі күн жақсы ма?
-
Шүкіршілік. «Қанағат – қарын тойдырады» деген. Кәмпиттің 
де, нанның да, киімнің де түр-түрі көп. Не ішемін, не киемін 
демейсің. Тек ұзағынан сүйсіндірсін. Көрмейсің бе? Өрік те, кәмпит 
те, қант та үйдегі сөрелерде самсап тұрғанын. Бұрынғы кезде 
олардың бәрін сандыққа тығып, қадірлі қонақтың алдына қою үшін 
сары майдай сақтап жүретінбіз. Соның бәрі – жоқшылықтан, 
жетіспеушіліктен, шырағым, - деді Әлиманың ақ бантигін сипалап. 
Әже әңгімесінен Әлима өткен заманнан едәуір сыр ұқты. 
Нұрғали Қадырбаев 
(134 сөз) 
4-
сынып ІІ жарты жылдық 
 
 
ЖҮЗ АЛТЫН МЕН ЖҮЗ ДҮРЕ
Ел аузынан 
Баяғыда өнер сүйгіш бір патша болыпты. Оған дүние жүзінен 
алуан түрлі өнерпаз адамдар келіп, өнерлерін көрсетеді екен. Патша 
олардың өнерлерін бағалап, қошеметтеп, сыйлық үлестіреді екен. 
Бір күні патшаға бейтаныс жиһангер келіпті Оның ептілігі сонша, 
он қадам қашықтықта тұрып, иненің көзіне жіпті лақтырып өткізе 
алатын болыпты. Өнерді тамашалаған барша халық аң-таң болып, 
бұдан асқан өнер болмайтын шығар деп ойлапты. Содан патша 
тұрып жиһангерден бұл өнерді қанша уақытта үйренгенін сұрапты. 
Жиһангердің бұл дәрежеге он жылда жеткенін естігенде, патша: 


 
- 50 - 
«Жиһангерге жүз алтын беріп, жүз дүре соғыңдар», -деп жарлық 
беріпті. Жиһангер таң қалып: «Уа, тақсыр! Жүз алтын беріп, жүз 
дүре ұрғаныңыз не?» - дегенде, патша былай жауап қайтарыпты: 
«Жүз алтынды сенің өнеріңе бердім, ал жүз дүре болса сенің сонша 
уақытты ысырап қылып, ешкімге пайдасыз, жарамсыз бос өнерді 
үйренуге өткізгенің үшін» - депті. 
Содан кейін патшаның алдына бос өнер көрсететіндер 
келмейтін болыпты.
(136 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет