- 51 -
Темірқазық – аспанның солтүстік жиегіне орналасқан, кіші аю
шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Бүкіл жұлдыздардың ішінде
тұрған орнынан ауып кетпегендіктен ол осылай аталған.
Қазақ халқы қараңғы түнде адасып кетпеу үшін Темірқазыққа
қарап бағытын анықтап отырған. Ал қалғын жұлдыздардың барлығы
таңға дейін өздерінің орындарынан жылжып, біреуі жоғары
көтерілсе, енді біреулері төмен түсіп батып кетеді екен.
Темірқазыққа жақын орналасқын екі жұлдыз бар. Олар түнімен
Темрқазықты төңіректеп кетпейді. Халық бұл жұлдыздарды Ақ боз
ат пен Көк боз ат деп атаған.
Аңыз бойынша Ақ боз ат пен Көк боз ат темір қазыққа
арқандалып байланған. Олар түнімен қазықты айнала оттап,
жайылып жүреді екен. Зер сала қараған жанға екеуінің шұбатылған
арқандары көрінеді делінген.
Жеті қарақшы осы Ақ боз ат пен Көк боз атты ұрлап кетпек
болып Темірқазық маңайын үнемі торуылдап жататын көрінеді.
Ұрылардың ойы – осы аттарды қалайда қолға түсіру. Ал таң
атысымен Жеті қарақшы көзден тайып, тасаланады.
(140 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: