Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет38/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
 
 
БАЛАНЫҢ ТАПҚЫРЛЫҒЫ 
Ерте, ерте, ертеде ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер 
тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш 
қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке туырлық екеш туырлықты 
да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы 
шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді қарбаласқа 
түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты. Шегіртке 
әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті.
Патша әзірлерінен ақыл сұраса, бірі : 
-
Дәрімен құрту керек, - десе, енді бірі: 
-
Отпен құрту керек екен, - дейді екен. Енді біреуі: 
-
Оның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, - десе, тағы 
біреуі: 
-
Қыста барлығы үсіп өлмей ме? – деп бас қатырыпты. Шегіртке 
мәселесіне қатысты бірнеше уәзір орнынан кетіп, бірнеше шабарман 
зорығып өліпті. Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, 
ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сөзіне ешкім нанбапты. 
Әуелі уәзірлері келеке етіпті. Амалы таусылған бала ақыры 
қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен 
дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден 
тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, 
тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта 
шегіртке аулауға аттанады екен.
Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың 
еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер өздерінің 
надандығынан ұялып, «Ақыл жастан, асыл тастан» деген екен-ау 
депті. 
(Жәди Шәкен)
(182 сөз) 


 
- 58 - 
ҮРКЕР 
Үркер – шығыстан батысқа қарай бір топ жұлдыздар шоғыры. 
Ертеде адамдар осы жұлдызға қарап жылдың қай мезгілі екенін, 
уақыттың қанша болғанын шамалап білген. Ел арасындағы Үркер 
туралы аңыздардың бірінде бұл бір сұлу қыз екен. Оның Ай мен Күн 
деген екі апасы болыпты. Үркердің ажары апаларынан асып түсіпті. 
Сіңлілерінің сұлулығын көре алмаған Ай мен Күн Үркердің бетін 
тырнап алыпты. Содан бері оның беті қотыр болып қалған екен. 
Келесі бір аңызда Үркер қазақша «үркек» деген сөзден шыққан 
делінген. Баяғы замандарда жер бетінде тек үнемі қыс болып 
тұрыпты. Осы кезде Үркер шоқжұлдызын құрайтын шағын он екі 
жұлдыздар жерде ұйықтап жатады екен. Бірде бір данышпан 
суықтап әбден қажыған жануарларға: «Егер осы шоқжұлдыздарды 
түгелімен қырып салсаңдар, жаймашуақ жазға кенелесіңдер» деген 
өсиет айтады. Сонымен түйе, жылқы, сиыр үшеуі жиналып Үркердің 
көзін жоймақ болып келіседі. 
Әулі жылқы төрт жұлдызшаны, түйе тағы екеуін табанына 
салып таптапты. Алты жұлдызша сиырдың еншісіне тиіпті. Бірақ 
жұлдызшалар оның аша тұяғының арасынан сытылып шығып, Көкке 
ұшып кетіпті. Содан бері жерде алты ай суық және алты ай жылы 
болады екен. 
Жануарлар сиырға өкпелепті. Оларға суықтан қорықпайтын 
сиыр: «Қыста сықырлатып қар басып жүрген жаман ба? Ыстықтан 
дымымыз құтылып қаталағанымыз жетер» деп жауап беріпті. 
(188 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет