- 60 -
Жансая үшін бүгінгі күн есінде жатталып қалды. Әліппені
жақсы оқығаны үшін мектеп директоры мен апайының қолы
қойылған, мөр басылған мақтау грамотасын иеленді.
-
Жансая, алған марапатың құтты болсын! Қуаныштысың ба? –
деді Айсұлу апай.
-
Иә, апай! – деді Жансая қатты қуанып.
Өзінің өте мәз болғанын апайы қалай біледі деп Жансая таңдана
қалды.
-
Үйге келген соң Жансая әліппемен қоштасқан сәттерді атасы
мен әжесіне әлі жеткенше әңгімеледі.
-
Қуанышың қуанышқа жалғассын, -деді атасы.
-
Сауатты болды деген осы, - деп әжесі Жансаяны аймалап,
бауырына қыса түсті.
Көңіл-күйі әбден балқыған. Бақытты балалықтың сәті дүниені
түгел құлпыртқандай. Бұның барлығы оқуға үйреткен, білімге
талпындырған Әліппенің құдіреті болатын.
( 191 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: