Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет41/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
 


 
- 62 - 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4-
сынып
 
 
АДАМ, МЫСЫҚ, ИТ ЖӘНЕ ТАРАҚАН 
 
Бірде үш бала «Лего» кострукторынан үй салып отырып, 
тарақандар туралы әңгіме бастады. Әр жаңа сұрақтың нәтижесінде 
балалар мынандай шағын әңгіме құрастырды.
«Адам баласы тарақандармен күресуде, бірақ олар сондай 
өлмес жандар болып шықты, себебі адамдар қанша рет бұл тіршілік 
атаулыны құртуға тырысса да олар өмір сүруге талпынды. Мысық 
тышқандарды аулап, адамның баспанасында тұруға және жұмсақ 
жерді паналауға, тамағын тоқ қылуға мүмкіндік алды. 
Ит өзін адамзат баласының досымын деп санап,үйді күзетіп, 
мал бағуға көмектесіп,аулада жасалған күркешікте тұру және 
қарнын тойдыру иүикіндігіне жетті. Кейбір адамдар итті үйінде 
ұстап, ерекше тағамдар беріп, баптайды. Ал кейбірі иттерді 
шынжырлап, үйін күзеттіреді. Қайсыбір иттер көше кезіп, далада 
бос, емін-еркін жүруде. 


 
- 63 - 
Тек тарақандар ғана баспанасыз, дайын асы жоқ. Бірақ мың-
мыңдап үй-үйде, көзден таса жерлерде, шкафтардың асты мен 
артында, қуыс-қуыста, жылы орындарда өмір сүруде. Олар адамның 
көзі ұйқыға кеткенде шығады. Үлкендер олардың көзін құрту үшін 
ұяларына химикаттар құяды, одан кейін жүздеген тарақандар 
өлгенімен, олар адам көзінен тасалап, біраз уақыттан кейінқайтадан 
шығады. Тарақандардың саны азаймайды, керісінше, көбейе түседі. 
Адамдар оларды
құртумен әлек, бірақ қазірше ешқандай нәтижеге келген 
жоқ.Бұл күрестің жеңілген және жеңіліске жеткен жақтары әлі 
көрінбейді. 
Адам сол қалпы мысық пен итті жанына алып, оларды асырап, 
үйінде ұстайды, тек қана тарақандар адам баспанасының сұраусыз 
келген қонақтары болып отыр. 
(205 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет