Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет50/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
ЖАҚСЫЛЫҚ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ 
Баяғыда бір бала болыпты. Ол сабағын жақсы оқыпты. Үй 
шаруасына да көмектеседі екен. Бірде сабақтан келе жатып, жол 
жиегінде отырған кіп-кішкентай қарлығашты көреді. Қарлығаш 
сынған қанатын сүйретіп, дәрменсіз жорғалайды. 
Бала қарлығашты қатты аяйды. Үйге апарып емдемек болады. 
Сөйтіп, қойнына тығып, үйге алып келеді.
-
Қойнымда не бар, тапшы? – дейді папасына қулана жымиып. 
-
Қайдан білейін, балам, -дейді папасы. – Кәне, өзің көрсете ғой 
не екенін.
-
Міне, қара! Қарлығаш. Көрдің бе, өзі кіп-кішкентай! 
-
Неге ұстадың? Қарлығаш адамның досы ғой. 
-
Мен оны ұстаған жоқпын. Тауып алдым. Көрдің бе? Қанаты 
сынған. Емдейін деп әкелдім. 
-
Онда дұрыс екен, балам! – деп қуанады әкесі. – Жақсылық 
жасайын деген екенсің. Қарлығашты емдеп жаз, ол саған «рақметін» 
айтады. 
Содан бала қарлығашты күтіп, емдей бастайды. Емдеп жемге 
үйретеді. Ақырында қанаты жазылып, үй ішінде ұша бастайды. 
Қарлығаштың балаға үйренгені сондай, иығына келіп қонып


 
- 74 - 
қолынан жем жейтін болады. Содан бала қарлығашты көруге 
асығады екен.
Бір жолы мектептен келген соң қарлығашты дыбыстап 
шақырса, шақырғанына келмейді. Байқаса, терезенің көзі ашық 
қалыпты. Досының ұшып кеткенін біледі. Өзін тастап кеткеніне 
өкпелеп, жылап жібереді. 
- Мен өзім-ақ қоя берейін деп жүр едім. Неге қоштаспай кетті 
екен?! – дейді ол өксігін баса алмай. 
- Жылама, ботам! Қарлығаш енің жақсылығыңды ұмытпайды. 
Бір келуін келеді. Көр де тұр! – дейді әкесі.
Содан әкесінің айтқаны келеді. Бірде барлығы үй ішімен 
дастарқан басында отырғанда, терезенің көзінен зу етіп қарлығаш 
ұшып кіреді де, шиқ-шиқ етіп бөлмені айнала шарлап, қолын соза 
берген баланың иығына келіп қонады. Қарлығаштың аузында тістеп 
алған бір сап-сары дәні бар екенін отырғандар сонда ғана көреді. 
-
Папа, мына аузындағысы не? – дейді бала. 
-
Қауынның дәні. Саған рақмет айтайын деген сыйлығын қабыл 
ал, - деп әкесі күледі.
Қарлығаш лып етіп терезе көзінен ұшып кетеді. Ал әлгі дән 
еденге ұшып түседі.
Содан әкесі ұлына дәнді қыш тостағанға отырғызуға 
көмектеседі. Күн жылынған соң әкесі мен баласы өскінді бақшаға 
апарып отырғызады. Бала өскінді суарып, күтеді. Күз болғанда әлгі 
кіп-кішкентай өскіннен үп-үлкен, жұпар иісі аңқыған, тәп-тәтті 
қауын өсіп шығады.
-
Мұндай тәтті қауын жеп көрген емеспіз! – деп мақтайды жұрт. 
Міне, баланың жақсылығын қарлығаш осылай қайтарған екен.
(328 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет