Бастауыш сынып оқушыларының



Pdf көрінісі
бет8/54
Дата24.09.2024
өлшемі0,69 Mb.
#145349
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер

 
ТАСБАҚА МЕН БҮРКІТ 
Тасбақа бүркітке өзінің ұшқысы келетінін айтты. Бүркіт оған 
ұша алмайтындығын түсіндіріп, ол жайлы ойламауға кеңес берсе де, 
тасбақа одан әрі жалынып, аспанға алып ұшуын өтінеді. Бүркіт оны 
тырнағына іліп, жоғары ұшып барып, босатып жібереді. Тасбақа 
тастардың үстіне түсіп, быт-шыт болады. 
Л. Толстой 
( 41 сөз)
 
 
ИНЕЛІК ПЕН ҚҰМЫРСҚАЛАР 
 
Күзде құмырсқалардың жинаған бидайлары су болып қалады. 
Олар оны кептіреді. Аш инелік құмырсқалардан тамақ сұрайды 
Құмырсқалар одан: «Жазда неге азық жинамадың?»-деп сұрайды.
Сонда инелік былай депті: «Қол тимеді, ән шыцрқаумен болдым». 
Құмырсқалар таң қалып: « Жазда ән шырқасаң, қыста би биле»,-деп 
жауап береді. 
(44 сөз) 
 
ШАЛ МЕН БАЛАЛАР 
 
Бір жарлы шал есегіне мініп жол жүріп келе жатса, есегінің 
бақырған даусын естіп, бір топ бала алдынан жүгіріп шығады. Олар 
шалды ажуа, мазақ еткілері келіп: 


 
- 17 - 
-
Ата, сіз неге есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз, - дейді. Сонда 
шал балаларға: 
-
Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң, 
қуанғанынан бақырады, - депті.
(47 сөз) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-
сынып І жарты жылдық 
 
ТАЗЫ МЕН ЕЛІК
Күндердің күнінде бір тазы жайылып жүрген елікті көріп, қуа 
жөнеледі. Тазыдан қашып келе жатқан елік: 
-
Тазым, әуре болма. Сен маған ешқашан жете алмайсың! – дейді. 
-
Неге? – деп тазы ентіге еліктен сұрайды. 
Елік: 
- Себебі мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келемін. Ал сен өзіңнің 
иеңе жағыну үшін қуып келесің! – деген екен.
(49 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет