Бастауыш сынып сабақтарында сын тұРҒысынан ойлау технологиясын қолдану



жүктеу 30.14 Kb.

Дата12.03.2017
өлшемі30.14 Kb.

ОӘЖ 373 

 

БАСТАУЫШ



 

СЫНЫП САБАҚТАРЫНДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ 

 

Курмангалиева  Шакура Кабдрахмановна 



Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Абай атындағы мектеп гимназия, мұғалім 

abaia_sh@mail.ru 

 

Бұл  мақалада  оқыту  үшін  инновациялық  технологиялардың  маңызды  екені 

айтылады.  Инновациялық  технологияны  пайдалану  сабақ  сапасын  көтереді,оқушының 

сабаққа  деген  кызығушылығын  арттырып,    ізденушілік,  танымдық  қасиетін 

арттыратыны туралы жазылған. 

 

 

 

 

 

 

 

 

В этой статье говорится о том, что использование инновационых технологий на 

уроке  улучшают  качество  знаний  учащихся,  повышает  интерес  к  предмету,  развивает 

творческую деятельность учащихся. 

 

 

 

 

 

 

 

This  article  is  about  the  importance  of  innovation  technology  in  physics.Using  the 

innovation  technology  in  physics  is  improves  the  quality  of  the  lesson  and  develops  students' 

interest in the subject.  

 

 

 

 

 

 

 Кілттік сөздер: Сын тұрғысынан ойлау, оқушы шығармашылығы, білім сапасы. 

 

            Он жыл алдын ойлаған ел-бау өсіреді, 



Жүз жыл алдын ойлаған ел-жас ұрпақ өсіреді. 

 Конфуций 

 

Қай заман болмасын адамзат алдында тұрған міндет – ұрпаққа саналы білім беру. Білімнің 

жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін заман ағымына орай оқу үрдісіне жаңа технологиялар 

қажетті. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеу үлкен кедергіге әкеледі. 

Сондай  қолданыстағы  жаңа  технологиялардың  бірі  -  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту 

технологиясы.  Жалпы  сыни  ойлау  деген  не?  Сыни  ойлау  сұрақ  қою  мен  шешімін  талап 

ететін проблемалардан тұрады. Мазмұнды сұрақ қою арқылы,мәселені шешуде өзі жолын 

іздеп тауып,шешімді,саналы дәлелдер айтады. 

Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болап 

табылатынең  басты  педагогикалық  түсінік.  Педагогика  ғылымы  еш  нәрсеге  бейімі  жоқ, 

қабілетсіз  адам  болмайды  деп  дәлелдейді.  Тек  қабілетті  кеңінен  өрістетуге  ықпал  етуші 

орта  оқушы  үшін  мектеп  қана  болып  табылады.  Сондықтан  оқушылардыңсыни  тұрғыда 

ойлау  мақсатында  «қалай?қашан?қандай?»деген  сұрақтар  төңірегінде  жұмыс  жүргізу 

жақсы  нәтиже  береді.  Яғни  оқушыларға  тапсырманы  қалай  берем?  Қашан  берем?қандай 

тапсырма  берем  деген  сұрақтар  басты  назарда  болу  керек  деп  ойлаймын.  Сыни  ойлау 

сабағының құрылымы үш кезеңді қамтиды. 

Қызығушылықты ояту. 

Жаңа ақпаратқа қызығушылығын ояту,танымдық процеске жұмылдырады,актуалдау. Бұл 

бөлім – білімнің іргетасы. 

Екінші  кезең  -  мағынаны  тану  оқу  процесін  мазмұнды  түсінудің  кнегізгі  кезеңі.Осы 

кезеңде  мұғалім  шеберлігінің  шыңы  десек  қателеспеспіз  деймін  .Себебі  мұғалім  тиімді 

стратегиялар  арқылы  оқушы  қабылдауын  дамытады.  Салыстырмалы  кестелер,екі  жақты 

күнделік  әдісі,инсерт  әдістері  қолданылады.  Ой  толғау  кезеңінде  оқушы  пікірлері 

маңызды  болады.  Оқушының  сыни  ойлауын  дамыту  мүмкіндік  бар.Жаңа  білімге  өзінде 

бар білім негізінде өтіледі. 

Оқушы  шығармашылығын  арттырудаәр  кезеңге  орай  әдіс-тәсілдер  таңдау,  қолдану  бір 

жүйеде дамытуға жетелейді. 


3-сыныпта  «Адамның  жүйке  жүйесі»  тақырыбында  соңғы  бөлімде  РАФТ  стратегиясы 

арқылы оқушылардың ойлану ұшқырлығы мен қиялын дамытуға ықпал болады. 

Р-РОЛЬ (жер бетіндегі кез-келген адам) 

А-АУДИТОРИЯ (сіз кімге хат жазасыз?) 

Ф-ФОРМА (әңгіме) 

Т-ТАҚЫРЫП (адамның жүйке жүйесі) 

Оқушылар сабақтан алған білімін қолдана отыра әңгіме жазады. Оқушы мәтін мазмұнын 

жетік  түсінуге  тырысады,  ол  үшін  міәтін  мазмұнын  ой  елегінен  өткізеді.  Оқушы  ойын 

қағаз  бетіне  түсіру  арұылы  тілі  дамиды,эссе  жазуға  жетелейді.  Жуан  –жіңішке  сұрақтар 

арқылы оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл 

дегеніміз  оқудың  барлық  әдісін  меңгеру  болып  табылады.  Басқа  балалар  сұрақтарына 

жауап беруге дайын тұрады. Өздері сұрақ құрастырған соң сұрақтарға ілтипат білдіреді. 

Сондай  –ақ  оқушы  танымын  дамытуда  «алты  қалпақ»әдісін  дүниетану  пәнінде 

«өсімдіктердің көптүрлілігі» тақырыбын өткен кезде алты топқа бөліп қолдандым. 

1-топ .Ақ қалпақ. 

 



Сөздік пен карта бойынша өсімдіктерді цифрлар мен фактілер арқылы анықтау 

2-топ .Сары қалпақ 

 

Ойлан! Неге жер бетінде адамдар мен жануарлар өсімдіктерсіз өмір сүре алмайды. 



3-топҚара қалпақ 

 



Дәлелдеу.Егер ауада оттегі болмаса адамдар мен өсімдіктерге не болар еді? 

4-топ Қызыл қалпақ 

 

Ойлан! Айналаңда өсімдіктер солып жатса қандай күйде боласың? 



5-топ Жасыл қалпақ 

 



Жер беті жылдан-жылға жап-жасыл болып көркею үшін не істер едің? 

6-топ Көк қалпақ 

 

Барлық жауаптарды қалай толықтырасың? 



Оқу  үрдісінде  оқушы  шығармашылығын  арттыруда  түрлі  әдіс-тәсілдер  қолдану  мүғалім 

шеберлігіне  байланысты  олардың  ойларын,сенімділігін  арттыруда  мүмкіндік  тудыру 

қажетті. 

«Өсімдіктер»тарауын  талқылаған  кезде  «кластер»  әдісі  өте  тиімді.  Оқушының  кеңірек 

ойлануына септігі көп. 

Ал  «балық  қаңқасы  »әдісі  де  сабақта  қорытындылауда  үйренген  білімдерін  талдауда 

қолданылады. 

Басы-тақырып 

Жоғарғы қаңқалары-себептер 

Төменгі қаңқалары-дәлелдер 

Балықтың құйрығы-қорытынды 

Дәстүрлі бес кезеңдік сабақ жоспарын осы үш кезең бойынша жоспарлау тиімділігіне көз 

жеткіздім. 

Нәтижесінде: 

пікірлесе отырын,ортақ қортындыға келеді; 

тақырыпта сынып түгел қамтылады; 

қорытынды шығарып,өз пікірін дәлелдейді; 

Қорыта  келе,сөзімді  былай  аяқтасам  деймін.Белгілі  орыс  жазушысы   К.Д.  Ушинский: 

«Қызығушылығын  туғызбайтын  оқу  бірте  -  бірте  оқушының  білімге  деген  құмарлығын 

жояды,  ал  тек  қызығушылыққа  негізделген  оқу  оқушының  еркін,  күш  -  жігерін 

тәрбиелемесе мәнін жояды» деген екен. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР     

1.

 

Н.Ж. Құрманова Дамыта оқыту технологиясы. Астана 2007 



2.

 

 Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауы. 



3.

 

«Білімдегі жаңалықтар» журналы, 2003 жыл. 



4.

 

«Бастауыш мектеп» журналы 2010 ж. 



5.

 

«Модульдік  оқыту  технологиясы  оқушыны  дамыту  құралы  ретінде»  М.М.Жанпеисова, 



Алматы, 2002. 

       


 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал