Бастауыш сынып


•  шешімнің  сыни  нұсқаларын



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата25.03.2022
өлшемі3,62 Mb.
#28845
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

•  шешімнің  сыни  нұсқаларын  қарастыру,  яғни,  мәселені  шешудің 

жоспарлылығын,  баламалылығын  (альтернативтілігін),  жетістігін, 

кемшілігін, жақсы және нашар жақтарын талдау;

•  мәселені  шешу,  кемшілікті  жою  үшін  өз  тәжірибесін  нақты  қалай 

өзгертуге болатыны туралы іс-әрекеттің толық жоспарын құрастыру;

•  талдау нәтижелерін тіркеуде қысқа, түсінікті стильді ұстану (күнделік, 

портфолио, мақала, таныстырылымдар және т.б.);

•  ұжымда өз әрекеті нәтижелерімен бөлісу;

•  ұжымға көмектесу, білім алушылардың қажеттілігіне бағыттай отырып, 

сабақтастықты сақтай отырып жүйелі талдау жүргізу ұсынылады.    




20

4.2 Жиынтық бағалау үдерісі 

Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын меңгеру деңгейін тіркеу, анықтау үшін жүргізіледі. Тіркеу үдерісі 

кезінде оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімін, 

дағдысын  көрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге  асырылады.  Жиынтық 

бағалау  тоқсан  барысында  (бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық 

бағалау),  тоқсан  соңында  (тоқсандық  жиынтық  бағалау)  және  білім  беру 

деңгейін аяқтағанда (негізгі орта, жалпы орта) жүргізіледі.   

Жиынтық  бағалау  бойынша  балл/деңгей/баға  туралы  шешімді  мұғалім 

бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім 

алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар 

немесе балл қою кестелері көмектеседі. 

Аталған  ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау, 

түзету,  оқу  үдерісіне  талдау  жасау  үшін  қолданылады.  Сонымен  бірге 

мұғалімге әр білім алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы 

үшін дескрипторлар немесе балл қою кестелері көмектеседі. 

Аталған  ақпарат  қалыптастырушы  бағалаудағы  сияқты  жоспарлау, 

түзету, оқу үдерісіне талдау жасау үшін қолданылады. 

Пән бойынша әдістемелік бірлестіктерге жиынтық бағалаудың барлық 

түрлері  бойынша  бақылау  тапсырмаларын,  әдістерін,  кезеңдерін  көрсетіп, 

оқу  жылына  жиынтық  бағалаудың  жоспарын  құрастыру  ұсынылады 

(4-қосымша).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет