41
2-қосымша
Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу
Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері
құрастырылады, ол Б.Блумның таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына
сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі.
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин
Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты
ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы
топтастыруды ұсынды.
Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды
аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың
төңірегінде берілді:
• білу және түсіну;
• қолдану;
• жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).
Достарыңызбен бөлісу: |