Бастауыш сынып


2-қосымша Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата06.12.2022
өлшемі3,62 Mb.
#55285
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

41
2-қосымша
Б.Блум таксономиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу 
Оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтау үшін бағалау критерийлері 
құрастырылады, ол Б.Блумның таксономиясы арқылы оқу мақсаттарына 
сәйкес ойлау дағдыларының деңгейі бойынша жіктеледі. 
Блум таксономиясын 1956 жылы америкалық психолог Бенджамин 
Блум когнитивтік ортада педагогикалық оқу мақсаттарын болжайтын алты 
ойлау дағдылары: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау арқылы 
топтастыруды ұсынды.
Белгілі дағдыларды нақты анықтау критериалды бағалаудың маңызды 
аспектісі болып табылады. Ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың 
төңірегінде берілді: 
• білу және түсіну;
• қолдану;
• жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау). 
Бағаланатын дағдылар сипаттамасы
Ойлау 
дағдыларының 
топтары
Сипаты 
Етістіктер 
Білу және түсіну
Нақты деректерді, ақпараттар 
мен сипаттамаларды, есте сақтау 
немесе елестету, меңгерген 
материалды дұрыс жеткізу, болжау 
немесе ақпаратты жеткізу арқылы 
түсіну және түсіндірудегі баға 
қабілеттілігі. 
атайды, назар аударады, 
есте сақтайды, талқылайды, 
анықтайды, айтады, жазады, 
қайталайды, көрсетеді, 
хабарлайды. 
Қолдану 
Бір мәселені нақты жаңа жағдайда 
шешу үшін меңгерген материалды 
қолданудағы баға қабілеттілігі. 
Білімді қолданудың таныстыру 
әдісі тәжірибелік жұмыстар, 
эксперименттер, жоба жұмыстары, 
мәселені шешу және жаңа және/
немесе түрлі нәтижелер жасау 
болып табылады.
қолданады, санайды, өзгертеді, 
таңдайды, топтастырады, 
аяқтайды, қорытындылайды, 
таныстырады, табады, жасайды, 
ықпал етеді, зерттейді,
эксперимент жүргізеді, 
түсіндіреді, сахналайды, 
түрлендіреді, сәйкестендіреді, 
жоспарлайды, көрсетеді, шешеді, 
пайдаланады, құрайды, іске 
асырады. 


42
Талдау, жинақтау 
және бағалау
Баға қабілеттілігі: 
- ақпараттық материалдарды жеке 
бөліктерге бөлу, дәлелді анықтау 
жолымен түрлі пікірлер алу үшін 
ақпараттарды немесе себебін, 
тұжырымын меңгеру, жалпы 
ережелер үшін дәлелдер табу; 
- жаңа мәнмәтінде бөліктерді (идея, 
элементтер) біріктіру, қиыстыру, 
мысалы хабарлама (сөз сөйлеу, 
баяндама оқу), әрекет жоспары, 
қажет мәліметті реттейтін кесте; 
- осы немесе басқа материалдың 
маңызын бағалау (бекітілген көркем 
шығарма, зерттеу мәліметтері).
талдайды, бағалайды, 
топтастырады, есептейді, 
қабылдайды, салыстырады, 
байланыстырады, қарсы 
қояды, сынайды, талқылайды, 
саралайды, ажыратады, бөледі, 
зерттейді, эксперимент жүргізеді, 
түсіндіреді, пікір білдіреді, 
сәйкестендіреді, тексереді.
топтастырады, жинақтайды, 
қосады, үйлестіреді, құрайды, 
құрады, құрастырады, 
жалпылайды, біріктіреді, 
саралайды, ұйымдастырады, 
жоспарлайды, ұсынады, 
орнатады, біріктіреді, аргумент 
келтіреді, негіздейді, келіседі, 
салыстырады.
дәлелдейді, таңдайды, 
салыстырады, қорытынды 
жасайды, сендіреді, негіздейді, 
түсіндіреді, өлшейді, болжайды, 
алдын алады, ұсынады, пікір 
білдіреді, саралайды, бөліп 
көрсетеді, қосады, қолдайды, 
тексереді, бағалайды, талдайды.
Бағалау критерийлерін құрастыру кезінде мұғалім әр ойлау дағдыларының 
деңгейін көрсететін етістіктерді қолдануына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет