Байланысты: Бастауыш сыныпта оқушының сөйлеу тілін дамыту
Бұл тапсырмалар баланың ойлауына, ойлау қабілетінің артуына, сөздік қорының байуына, шығармашылығына жол ашары анық. Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады.Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс,дәл және мәнерлі жеткізе алады».
Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау.Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын,қабілеттілігін,бейімділігін көрсете алады.
Қорыта айтқанда,оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты түрлендіре жүргізілетін жұмыс – оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін тудырып,шығармашылық ізденіске бейімделушілігін молайтады,тіл байлығын арттырады. Тіл дамыту жұмыстарында дамыта оқыту жүйесі іске асып әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.Бала жұмысына сын көзбен қарап, бағалауға,ойын еркін,дұрыс, ашық айта білуге үйренеді.Оқушыға берілген тапсырманы біртіндеп күрделендіре түсіп, шәкірт бойындағы шығармашыл ізденісті тереңдете түсу менің және барлық ұстаздар қауымының негізгі мақсаттарының бірі болмақ деп есептеймін.