Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


Грамматика және тіл дамыту



бет38/43
Дата31.12.2021
өлшемі433 Kb.
#22657
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Грамматика және тіл дамыту

Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері.

Грамматиканы оқып үйренуде тілдің сан қилы сырларына қанығамыз. Тілдің түрлі құбылыстары тіл ғылымның әр саласында қарастырылады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлық жиынтығы – лексикология саласында, тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында, сөздердің формалары морфология, ал сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады. Қазақ тілі әдістемесі қазақ тілін зерттейтін тіл ғылымы деректеріне сүйенді. Сондықтан тілдің әдістемесі тіл ғылымымен, ғылыми грамматикамен тығыз байланысты.

Оқушылар бастауыш сыныпта грамматика жөнінде қарапайым ғана мағлұматтар алады. Әрине бұл мағлұматтар ғылыми жағынан толық дәлелденген деректер.

Мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыру барысында осы жастағы балалардың дүнитаным ерекшеліктерін де естен шығаруға болмайды. Мысала 1) Грамматикада берілетін түсініктер балалар ұғымына сай келе қоймайды. «Зат, сын, қимыл» т.с.с.с. сөздер олар үшін дерексіз (абстракты) болады. Сондықтан ондай ұғымдарды әлсін-әлсін нақтылап түсіндіріп отырғанда ғана оқушылар ол сөздердің мағынасын меңгере бастайды. Немесе бастауыш сынып оқушыларына «ұйықтау, қайғыру, ойлау» сияқты сөздерді етістіктер деп түсіндіру де оңайға түспейді.

2) Бастауыш сынып балалары сөздердің тек жақты лексикалық мағынасын қабылдайды, ал оның грамматикалық мағынасын мүлде елемейді. Ал грамматикада сөздердің ең әуелі грамматикалық мағынасы ескеріледі.

Грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен грамматикалық формасы бір-бірімен тығыз байланысты, бірлікте болады, Мысалы, жақсылық, адамгершілік деген сөздер заттың сапасын, оған тән белгіні білдіреді. Грамматикалық жағынан алып талдағанда бұл сөздер дерексіз ұғымдарды білдіреді де, зат есімге жатады. Осы сияқты сөздердің өз мағынасы мен грамматикалық мағыналарының арасында кездесетін қайшылықтарды оқыту барысында жойып, бір-біріне нақтылай, саралай, айқындай түсетіндей, әдіс-тәсілдер тауып қолдану қажет. Мұндай әдіс-тәсілдерді және оны қандай жағдайларда, қалайша қолдану жолдарын грамматиканың әдістемесі белгілейді. Мұнда грамматиканың әдістемесі психология ғылымының деректеріне сүйенеді.

2)Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары жазу барысында өздері оқып үйренген ережелерін пайдалана білмейді, олар бір орфографиялық құбылысты екіншісімен шатыстырады. Психологтар бұл фактілерді зерттеу арқылы анықтай отырып, балалардың ақыл-ой әрекетіне үйрету қажеттігі жөнінде мәселе көтеруде. Ақыл-ой әркеті балаларға бір құбылыстан екінші құбылысты ажырата білуге және жалпылай білуге көмектеседі.

Грамматиканың әдістмесі тіл білімі және психология ғылымдарына сүйенумен қатар, педагогика ғылымының принциптерін басшылыққа алады. Совет дидактикасының негізгі принциптері бойынша оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, ұғымына сай болуы керек.

Тілдің жүйелі түрде оқуға енді ғана кірспе бастаған 7-10 жастағы бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін еске алсақ, бұларды тілге үйрету барысында нақтылау жақтарына көбірек көңіл аудару қажеттігі туады. Мұнда көрнекіліктің орасан зор пайда келтіретіні мәлім. Сондықтан дидактикалық көрнекілік принципі негізінде көрнекі құрал іріктеледі.

Дидактика талабының бірі оқытудың саналылығы, яғни оқушылардың сабаққа саналы түрде қарауы, материалды саналы меңгеруі болып табылады. Бұл үшін мұғалім грамматиканы оқыту барысында балаларды қызықтырып, өзін тартып, өз ойының барысын байқауға, бақылауға, салысытруға, бірі мен екіншісінің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға, қорытынды жасауға, жалпылауға үйретуі тиіс.

Оқытудың міндеті жаңа тақырыпты түсіндіруді қамтамасыз етіп қою ғана емес, сонымен қатар негізгі фактілерді, анықтамаларды, ережелерді балалардың есінде берік сақтап, тұрақтандыру дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Егер оқушы тілдің қандай болмасын бір құбылысына немесе жазу заңдылықтарына түсінбесе, онда, ол сол (сәтте) мәселеге арналған анықтаманы не ережені (тіпті болмаса терминді) жаттап оқуға мәжбүр болады.

Дидактика талабы тұрғысынан алғанда оқушыларға тіл үйретуге олардың зейінін қою, есте сақтау, ойлау белсенділігін тудыратын әдістемелік әдіс-тәсілдердің тиімділігі көрсетіледі. Оқушы тек мұғалімнің айтқанын немесе оқулықтағы дайын материалды ғана меңгеріп қоймауы керек, сонымен қатар өз күшімен, өздігінен бақылау арқылы қорытынды ереже шығара алмайтындай, берілген тапсырмаларды өз бетімен орындайтындай болу тиіс.

Дидактиканы күрделі бір шарты – мектептегі оқытудың жүйелілігі мен сабақтастығы, заттар мен құбылыстардың ішінде, солармен байланысты, сабақтас түрде қарастырған жөн.

Грамматика мен емле сабақтары үшін іріктеліп алынатын материалдар оқушыларға тәрбие беру жағынан да маңызды, бағалы болуға тиіс.Ал сабақ жүргізу процесіде қолданылатын әдістемелік әдіс-тәсілдер тақырыпты оқушылар жақсы түсіну үшін жағдай жасап қана қоймайды, оған сәйкес, балалардың жан-жақты дамуына да әсер ететіндей болғаны жөн. Біліктілік пен дағды әрдайым жаттықтыру жұмыстарын талап етеді, мұғалім балардың алдарына белгілі бір мақсат қойып, соған жету жолдарын қарастырады; күрделі жұмысарды бөлшектей отырып, қандай да болмасын бір әрекетті орындаудың тәсілдерін көрсетеді. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындау барысында оның айтқан, көрсеткен тәсілдерін біліктілікпен қолдауға үйретеді, дағдылана түседі.

Грамматикамен жазудың әдістемесінде қазіргі кезде мектепте сабақ беріп жүрген озат мұғалімдердің білікті қолданған әдіс тәсілдері де ескеріледі. Мектепте үлгермеушілікке қарсы күрес күрес барысында көптеген мұғалімдер тиімді әдістемелік жүйе жасады. Бірқатар мұғалімдер қазақ тілін үйрету саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Міне, сондай жұмыс нәтижелері әдістемені дамытуға қосқан үлес болып табылды да, грамматика мен емле әдістемесін жоғары сатыға көтере түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет