Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі


Сын жұмысын бағалау мөлшері



бет3/4
Дата03.02.2023
өлшемі21,53 Kb.
#64916
1   2   3   4
Байланысты:
Дәптерге талап 2021-22

Сын жұмысын бағалау мөлшері
Жазба жұмыстарының критерийлері мен дескрипторларына сәйкес 10 балдық жүйемен қойылады. Мысалы: Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен) жаздыру кезінде 6 критерий болса, сөздерді жазу барысында орфографиялық нормалардың түрлеріне қарай 10 балға дейін толықтыруға болады. Яғни, сын жұмыстарын орындату барысында пән ерекшелігіне сай оқу мақсаттары мен міндеттері ескеріледі.

Жұмыс түрлері

Критерийлер/дескрипторлар

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

  • мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;

  • әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;

  • грамматикалық тапсырмаларды орындайды;

  • оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;

  • жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;

  • сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

Қателер деп есептелмейтін жағдайлар:
- Сын жұмысы алынғанға дейін оқылмаған ережелерге сәйкес сөздер, тыныс белгілері;
- Келесі сөйлем бас әріппен жазылып, бірақ нүкте қойылмаса;
- Мәтін мазмұны бұзылмайтындай етіп басқа сөзбен ауыстыру жағдайы бір рет кездескенде;
- Тасымалдауда алдыңғы жолда сөздің бір бөлшегі келесі жолда қайталанып жазылса;
- Бір сөзді қайталап жазып қойса.
Ескерту: бақылау сын жұмыстарын алғанда мұғалім бір орында тұрып оқу, жазғызу қажет. Әрі-бері жүріп, оқушылардың зейінін шашыратуға болмайды. Сөздерді артық қайталай беру де оқушының сауатты жазуына кері әсер етеді. Барлық жұмысты әдістемесін дұрыс сақтай отырып жазғызған тиімді.
Жазылатын сөздің мағынасын, мәнін анықтау. Мұғалім көшіруге ұсынған немесе оқып айту арқылы жаздыратын сөздерінің, сөйлемінің, текстің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.
Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе жазып ал, тыңда, зейін аудар, т/б.
Мектептің бастауыш сатысында шығармашылық жұмыстар үйретушілік сипатта болады. Сондықтан қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда ол оқушылармен мұғалім жеке жұмыстар жасауға міндетті. Өте төмен баға журналға қойылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет