Бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын



бет1/4
Дата25.10.2022
өлшемі22,01 Kb.
#45317
  1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама 1


Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады.
Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету, яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік сұраныс талаптарымен сай келу үшін мына сауаттылықтарды қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.

- бастауыш сыныптардан бастап оқушының оқу, жазу сауаттылығын;


- жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығын;
-математикалық сауаттылығын;
- компьютерлік сауаттылығын;
-денсаулық мәселесіндегі сауаттылықты;
-құқықтық сауаттылықты.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеген болатын.
Н.Ә.Назарбаевтың өзінің Жолдауында «Функционалдық сауаттылықты арттыруды» Үкіметке негізгі тапсырма етіп жүктеуінің себебіне тоқталып көрелік.
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.
Қазақстан оқушыларының PISA нәтижелері де өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал 2012 жылға және 2015 жылға қарағанда 2018 жылы қатты құлдырап кеткені байқалады . PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық.
Бұдан шығу үшін дамыған елдердің тәжірибесін қолданумен қатар, балалардың жаппай ғылымға, әдебиетке және мәдениетке бой ұруына қозғау салатын жаңа тәсілдер ойластыру, әсіресе жаңа технологияның ғылым мен әдебиет үйрететін тетіктерін қарастыру да өте маңызды.
«Өз біліміңмен шәкірттеріңді шектеме, олардың туған уақыты бөлек емес пе...» деген еврей халқының даналық сөзін негізге ала отырып, ХХІ ғасыр жеткіншектеріне білім беру үшін кез келген ұстаз шығармашылықпен айналысуы қажет деген көзқарасты қолдаймын. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктейді.
Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру - жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Әсіресе, оқушының ана тілі мен дүниетанымына деген көзқарасын жастайынан қалыптастыруымыз керек.
Жаңаша оқыту орта білім жүйесінің парадигмасын түбе­гейлі өзгертудің негізі болып табылғандықтан да «оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды»,- деп «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» көрсетілгендей, функционалдық сауаттылық - адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы [1.,12].
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б.
Сонымен қатар, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың алғашқысы – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім өз бойына білім алушының алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Сондықтан мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.
Осыған орай Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдері мен ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.
Олар:

  • білім беру мазмұны (стандарттар, оқу бағдарламалары);

  • оқыту формалары мен әдістері;

  • оқудағы жетістіктерді диагностикалау мен бағалау жүйесі;

  • қосымша білім беру бағдарламалары;

  • мектепті басқару моделі;

  • серіктестік принциптеріне негізделген қолайлы білім беру ортасының болуы;

  • балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі ата-аналардың белсенді рөлі.

Сонымен мектеп тәжірибесінде табысты қолдануға ықпал ететін әдістемелік сипаттағы бірқатар жалпы ұсыныстардан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге тоқталсақ,

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  • оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  • оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;

  • оқытудағы басқару және көшбасшылық болып келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет