Екінші тоқсан
Зат есім
Аю және бөрене
Қалың орманды аралап келе жатқан бір аю бал арасының ұясына кез болыпты. Ағаш басындағы ұядағы балды жегісі келді. Аю ағаш басын өрмелеп, жақындағанда, оған бөрене кедергі жасады. Ұядағы балды алам деп ұмтылғанда, бөренені итеріп жіберді. Қатты серпілген ауыр бөрене аюдың басына сарт ете қалды. Қара күшке сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)
1.Зат есімдерді теріп жаз. 30
Тары
Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа.
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |