Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасы


§2. Практиканың мақсаттары мен міндеттеріндегі сәйкестік пен үйлесімділік



бет2/5
Дата16.02.2022
өлшемі16,53 Mb.
#25688
1   2   3   4   5
§2. Практиканың мақсаттары мен міндеттеріндегі сәйкестік пен үйлесімділік
6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасында 2 апталық оқу практикасы жоспарланған. Оқу практикасы оқу жоспарында Бастауыш білім педагогикасы деп аталатын пәнге бағытталады, Бастауышта оқыту әдістемесі кафедраларына тиесілі дәрісханаларда, оқу орынының кітапханалары мен оқу залдарында ұйымдастырылады.

Оқу практикасы студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді, шынайы маман ретіндегі тұлғалық және педагогтік қырларын тануға ықпал жасайды, студенттердің даярлығы мен мамандыққа сәйкестілігін нақты бағалауға мүмкіндік туғызады. Практиканың негізінде кәсіби қызметке кезеңдік жүйе бойынша ену принципі жатыр. Оқу практикалық қызмет барысында студенттердің тұлғалық және кәсіптік шеберлігі қалыптаса бастайды.

Қазіргі бастауыш мектеп мұғаліміне қажетті білім көлемі өсуде және оған деген сұраныс та жоғары. Ол үшін әр мұғалімге өмір бойы өзінің кәсіби дайындығының деңгейін көтеріп, білімін жетілдіріп отыруы қажет. Студент білім алу барысында өз бетінше білімін жетілдіру әдісін игеру керек, сын тұрғысынан ойлауды және кәсіби міндеттерді шешудің қалыптасқан тәсілдерін табуды меңгерулері тиіс. Осындай кәсіби шеберлікті қалыптастыруда оқу практикасының маңызы орасан.

Мақсаты- адамдардың өмір іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, педагогикалық процесті ұйымдастыруда тұлғаның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.

Міндеті:

-мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;

-болашақ кәсіптің обьектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық құрлымымен, басқару жүйелерімен танысу;

-студенттерде тұтас педагогикалық процесс жөнінде педагогикалық білімдер жүйесін қалыптастыру;

-білім беру жүйесінің дамуын, тәрбие мен оқытудың мазмұнын ғылыми негіздеу;

-педагогикалық тұрғыдан ойлауын қалыптастыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет