Батыр апаларға тағзым! ұ с т а з ы



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата10.01.2017
өлшемі2,39 Mb.
#1612
1   2   3   4   5

Жаңа  материалды  бекіту. 

Шығармашылық 

жұмыс 

«Адасқан әріптер» (дұрыс сөзді 



табу)

Ал-калас – ла-Скала

Полиметротен – 

Метрополитен

Кенүл – Үлкен

Наве – Вена



Үйге  тапсырма.  Ұрмалы 

аспаптардың 

бір 

түріне 


сипаттама беріп, суретін салып 

келу.


Бағалау.  Сабаққа  белсене 

қатысқан оқушыларды бағалау.



Қорытынды.

Оқушының қызметі.

-Жақсы, дайынбыз. Құралдарын шығарып, 

сабаққа кіріседі.

«Мен  жақсы  оқушымын,  мен  әдемімін! 

Мен жақсы оқушымын, мен әдемімін!»

Чайковский  Петр  Ильич  –  Ресей 

композиторы, 

дирижер, 

педагог, 

дүниежүзілік  классикалық  музыканың  аса 

ірі өкілі. 1852 жылы Чайковскийдің отбасы 

Санкт-Петербург  қаласына  қоныс  аударды. 

Алғашында  Құқықтану  училищесінде 

(1850-1859)  оқып,  оны  бітіргеннен  кейін 

Заң  министрлігінде  (1859-1863)  лауазымды 

қызмет атқарды. Бірақ музыкаға деген шексіз 

ынтызарлық  оны  орыс  музыка  қоғамының 

музыка  класына  (1861-1862),  одан  кейін 

Санкт-Петербург консерваториясына (1862-

1865) алып келді.

Консерваторияны 

үздік 


бітірген 

Чайковский  аталмыш  оқу  орнында  комп. 

А.Г.Рубинштейннен  тәлім  алды.  1866  ж. 

Мәскеу қаласына қоныс аударған ол ұстаздық 

етіп,  консерваторияның  професоры  ретінде 

көп  еңбектенді.  Осы  кезде  1-симфониясын 

(«Қысқы  ойлар»,  1866)  және  «Воевода» 

операсын (1868) жазды әрі музыка сыншысы 

ретінде  (1868  жылдан)  танылды.  Ол  – 

Ресейде  гармония  туралы  туңғыш  оқулық 

жазды.

-Үлкен театр



-1825  ж.  Қаңтарда  А.Н.Верстовский  мен 

А.А.Алябьевтің  «Музалар  салтанаты»  атты 

прологымен ашылды.

-П.И.Чайковскийдің  «Аққу  көлі»  (1877), 

«Евгений Онегин» (1881), «Мазепа» (1884), 

«Қарғаның  мәткесі»  (1891),  «Иоланта» 

(1893), «Ұйқыдағы ару» (1899)

-(Жұбанов пен Хамиди, «Абай», Төлебаев, 

«Біржан  -  Сара»,  Е.Г.Брусиловский, 

«Дударай»,  Ғ.А.Жұбанова,  «Еңлік-Кебек», 

А.Серкебаев, «Ақсақ құлан»)

Ребусты шешкенде «Вена» сөзі шығады.

Әйгілі  Вена  опералық  театры.  Жаңа 

материалды тыңдайды. Қосымша материалды 

оқып  танысады,  өз  білімдерін  кеңейтеді. 

Әйгілі Вена операсының елордада гастролі 

өтеді,  ал  Австрияда  қазақстандық  «Астана 

опера» театрының қойылымы болады. Вена 

театры  –  әлемдегі  беделді  сахналардың 

бірі.  Осы  жоспарлардың  жүзеге  асырылуы 

2  мәдени  сарай  жетекшілерінің  Венадағы 

кездесуі  барысында  талқыланды.  Сахнада 

Дж.Пуччинидің 

«Мадам 


Баттерфляй» 

операсы  басталды.  Ал  оның  дирижеры 

Пласидо  Доминго.  Билеттердің  барлығы 

алдын ала сатылған. Зал көрерменге лық толы 

болады  деп  күтілуде.  Сахнада  қойылымға 

дайындық 

жұмыстары 

жүргізілуде. 

Декорациялар қойылмаған. Вена мемлекеттік 

операсының 

директоры 

қазақстандық 

әріптесі  Төлеген  Мұхамеджановқа  ғимарат 

ішін  көрсетуде.  Вена  опера  театрының 

репертуары  2018  жылға  дейін  белгіленіп 

қойған.  Бір  маусымда  350-ден  астам 

опералық және балет қойылымы көрсетіледі. 

Мұнда әртістер тынымсыз еңбек етеді. Вена 

опера  театрының  тарихы  1869  жылдан 

бастау алды. Ол кезде мәдениет ордасы Вена 

императорының сарай операсы деп аталған. 

Театр шымылдығы Моцарттың «Дон Жуан» 

қойылымымен  ашылды.  Сондықтан  жыл 

сайын  Венаға  әлемнің  түкпір-түкпірінен 

келетін миллиондаған саяхатшы осы театрға 

келуге тырысады.

-Вена  опера  театрымен  ынтымақтастық 

жас  театрымыз  үшін  өте  маңызды.  2015-

2016  жылдары  Астана  театрының  Вена 

сахнасында  өнер  көрсету  мәселесін 

талқыладық. 

Австрия 


операсының 

майталмандары  Еуразия  жүрегі  Астанада 

ашылған жаңа театрға үлкен қызығушылық 

танытты. 

Еуропа 

театрлары 



үшін 

тәжірибе  алмасуға  мүмкіндік  беретін  бұл 

ынтымақтастық  өте  маңызды.  Олар  биыл 

көктемде  біздің  әртістердің  шеберлігін 

Қазақстанның Австриядағы мәдени күндері 

аясында  байқаған  болатын.  Нота  ұзақтығы 

туралы  түсініктері  қалыптасады.  Бүгін 

нота  саналу  реті  О  (1-ге,  2-ге,  3-ке,  4-ке) 

Жартылық  нота-саналу  реті  о(1-ге,  2-ге 

Төрттік нота-саналу реті о/ -(1-ге)

Берілген тапсырманы мұқият орындайды.

Әріптерді  орнына  қою  арқылы  әлемдегі 

әйгілі театрлардың аттарын табады.

Үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне 

жазып алады.

Күнделіктеріне баға қойғызады.

Марапатталады.

-Сау болыңыз!



Күтілетін нәтиже.

Қарым-қатынас орнайды.

Оқушылар зейінін сабаққа 

аударады.

Сабаққа деген қызығу-

шылықтары артады.

Үй тапсырмасына 

дайындық деңгейлері 

анықталады.

Чайковскийдің өмірбаяны 

туралы өздері қарап келген 

мәліметтерін айтады.

Өздері ізденіп келген 

мәліметті айту барысында 

басқа оқушылардың 

білімдері кеңейіп, түсініктері 

молаяды.

Ой толықтырады, 

білімдерін дәлелдейді, 

тапсырмаларды орындай 

отырып, жаңа сабаққа 

жақындайды.

Мұғалімнің қойған 

сұрақтарына жауап бере 

отырып, өткен тақырып 

толығымен қайталанады, 

оқушылар естеріне түсіреді.

Маңызды мәліметтер 

естеріңде сақталады.

Жаңа тақырып бойынша 

мәлімет жинақтайды, 

білімдерін кеңейтеді.

Алғашқы театрлардың 

салынуы жайлы мәлімет 

беріледі. Оқушылар 

қосымша материалдарды 

өз беттерімен оқу арқылы 

өз білімдерін, түсініктерін 

кеңейтеді.

Аты алты құрлыққа 

жайылған танымал театрлар 

туралы айтылып өтіледі.

Солардың бірі әйгілі Вена 

опералық театры туралы 

мәлімет беріледі.

Вена операсымен 

Қазақстан операсының 

арасындағы байланыс 

туралы ақпарат жинайды.

Оқушыларға әйгілі Вена 

опералық театры суреті 

көрсетіледі.

Оқушылардың музыка өнері 

жайында көзқарасы кеңейіп, 

музыкалық құбылыстарға 

деген қызығушылығы дамиды.

Көркемдік талғамдары 

қалыптасты.

Нота ұзақтығы туралы 

түсініктері қалыптасты. 

«Жан анам» әнін 

дәптерлеріне жазып, 

ән айтып, дауыстарын 

жаттықтырады. Ән мазмұны 

бойынша талданады. Өлең 

шумақтарында кездесетін 

күрделі сөздердің мағынасы 

ашылып, оқушылар ұғынды. 

Көңілдері көтеріліп, сабаққа 

деген ынтасы артады.

Сұрақтарға жауап 

беріп, бүгінгі жаңа 

сабақты қаншалықты 

түсінгендіктерін көрсетеді.

Шығармашылық 

қабілеттерін арттырады.

Өз беттерімен жұмыс 

істеуге дағдыландыру.

Сабақ қорытындыланады.

Асқар Көбеев,

Ұзынкөл ЖББОМ 

музыка пәні мұғалімі,

Теректі ауданы


Сабақтың 

мақсаты: 

Білімділік: 

Тігін  машинасы  туралы  ақпарат  беру,  тігін 

машинасында  орындалатын      қауіпсіздік 

ережесіне  түсінік  беру.  Дамытушылық: 

Оқушылардың  ой-өрісін,  білімдерін  іс  жүзінде 

жүргізуге  ықпал  ету,    жұмысты  орындаудағы  

ептілігін    дамыту,  ойлау  қабілеттерін  дамыту; 

Тәрбиелілік:  Еңбек  мәдениетіне,  іскерлікке, 

ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, шеберлікке, 

төзімділікке  тәрбиелеу,  әсемдікке 

баулу.


С а б а қ т ы ң 

көрнекілігі: 

к а р т о ч к а л а р , 

логикалық 

ойлау 


сұрақтары, дайын бұйым.

Сабақтың 

түрі: 

теориялық, 

сарамандық  

Сабақтың әдісі: ауызекі баяндау, ой қозғау

Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі: 

Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру. 



Өткен сабақты қайталау:

- қандай тігіс түрлерін білесіңдер?

-  біріккен  тігістер  қандай  жағдайларда 

қолданылады?

- шеттік тігістерді не үшін қолданады?

- әрлеу тігістерін не үшін қолданады?

-  біріккен  тігістерде  бөлшектер  қалай 

орналасады?

-  шеттік  тігістерде  бөлшектер  қалай 

орналасады? 



Жаңа  тақырып:  Тігін  машинасы  -  адам 

еңбегін жеңілдететін машиналардың бірі. Үйде, 

ательеде,  фабрикада  тігін  машинасымен  киім 

тігеді. Киімді қолмен тігетін де кез болған.

Машинаны жұмысқа дайындау:

Бұған: а. Аяқты берілісті дайындау; 

б. Жіптерді өткізу; 

в. Ірі тігістерге келтіру жатады.

Бұл жұмыстар сатылап игеріледі.

І. Қызығушылығын ояту. 

«Қайта жаңғырту» (Қауіпсіздік ережелері)

Пайдалы кеңестер:

•  ине  сақтайтын  қораптың  түбіне  магнит 

салып 


қойсаңыз, 

инелеріңіз 

ешқашан 

шашылмайды.

•  ине  тот  баспас  үшын  оны  сабынға  тығып 

қою керек.

• егер үтіктің астына синтетикалық талшықтар 

жабысса, оны ацетонмен сүрту керек.

• киім тіккенде жіпті киім түсінен күреңдеу 

етіп таңдаңыз, себебі катушкада оралған жіп өз 

түсінен әлдеқайда күреңдеу болып көрінеді.

•  қалың  матаны  тігу  оңайырақ  болу  үшін 

инеге сабын жағыңыз

• Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол 

жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады. 

•  Тұрмыстық  тігін  машинасы  өзінің 

құрылымы, техникалық мүмкіндігі 

және  сыртқы  көрінісі 

бойынша  түрліше 

б о л ы п 

келеді.  Бірақ 

олардың  құрылысы, 

реттеуі 

және 


пайдалану 

ережелерінің көпшілігі ортақ.

Машинада дұрыс отыру тәсілдері:

-  жұмыс  орнына  жарық  сол  жақтан  немесе 

алдыңғы жақтан түсіп тұру қажет.

-отыратын орындық пен тігін машинасының 

ара қашықтығы 10-15 см болуы керек.

- құрал – жабдықтар арнайы қорапта тұруы 

керек.

-тігін машинасының айналатын бөлшектеріне 



жақындауға болмайды.

Машинада    тігу  кезінде  орындалу  керек 

техникалық талаптар:

1.Бөлшектерді  сырып  тігу  үшін  тігіске 

арналған  қосымшалар  иненің  оң  жағында,  ал 

бөлшектер сол жағында орналасады.

2.Барлық  ішкі  тігімдер  үстіңгі  матаның 

түсімен түстес болады.

3.Жіп  нөмірі,  машина  инесінің  нөмірі 

және  тігімдегі  инешаншымдар  жиілігі  мата 

қалыңдығына,  орындалатын  операция  түріне 

сәйкес алынады.

4.Жібек және жүннен тігілген бұйымдардың 

барлық  сыртқы  тігімдерін,  түймеліктер  мен 

бекітпелерді  жібек  немесе  синтетикалық 

жіптермен тігеді.

5.Әрлеу  тігімдерінде  үстіңгі  жіптің  ұшын 

терістеме жағына шығарып түйеді.

6.Сырып тігетін машиналарда орындалатын 

барлық  ішкі  тігімдерді  (бүйір,  иық  қиықтарын, 

жең  бөлшектерін)  екі  рет  ұзындығы  7-10  мм 

болатындай қайтарымды тігімдермен бекітеді.

7.Тұйық сызықтар бойымен тігім түсіргенде 

(мысалы, жеңді қондырып,)



Мұғалім  қорытындысы:      Тігін 

машинасымен жұмыс кезінде еңбек қабілеттілігі 

мен денсаулықты сақтайтын талаптарды орындау 

керек.  Олардың  ішінде  –  жұмыс  орнының 

жарықтануы.  Егер  осы  талаптарды  орындаса, 

адам  шаршамайды,  шапшаң  және  өте  жақсы 

тігеді.

Үй  тапсырмасы:  Тігін  машинасының 

құрылысын  оқып  келу,  машиналары  барлар 

машинамен  жұмыс істеп үйрену.

Бағалау. 

 

Жанна Ғұсманова,



Ақсуат ЖББОМ,

Теректі ауданы

7

Жайық ұстазы

19 наурыз, 2015 ж.

Математика, 1-сынып.

тігін м

ашина

сымен

 жұмы

с 

істеген к

ездегі қа

уіпсіздік ере

жесі

П с и х о л о г   -   а д а м 

ж а н ы н ы ң   б а ғ б а н ы

ӘРіпТЕС ТуРАлЫ СЫР

Мектептегі психологтың орны ерекше. Біздің 

№12  жалпы  орта  білім  беретін    мектебіміздің  

педагог-психологы 

Балымжан 

Байырқызы 

Ахметжан  өз  қызметін  2001  жылдан  бері 

атқарып келеді. Мектептің үнін, әр баланың тәтті 

қылығы мен күлкісін жүрегіне алау етіп жағып, 

көпшіліктің көз айымына айналған, әр кісінің жан 

дүниесіндегі жағдайларға жүрек түпкіріне үңіле 

білетін  жан.  Педагогикалық  шеберлікпен  қоса 

алғанда,  сақтық,  аңғарымпаздық,  әр  кісіге  ден 

қоюды басты ереже етіп алған.  Әрбір баланың, 

ұстаздар қауымы мен ата-аналардың сырқатына 

ем  болып,  адал  ниеттің  арамдықпен  өлмеуіне, 

мінезінің  мөлдір,  ашық,  жарқын  болуына,  

көпшілікпен  бірге  жұмыс  жасауға,    ұжымды 

бірлікке жұмылдыруға шын жүрегімен тырысады. 

Оқушының қызығушылығы, бейім-қабілеті және 

басқа  да  психологиялық  ерекшеліктерін  үнемі 

басты  орында  ұстайды.  Күнделікті  жұмысы 

арқылы  баланың  психологиясын  зерделей 

отырып, олардың жат қылықтың жетегіне ермеуі 

үшін алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Зерделеу, 

зерттеу  жұмыстарының  нәтижесімен  оларды 

түзетіп,  кеңестер  беріп,  мәдени  ақпараттармен 

жүйелі  таныстырып  отырады.  Қазір  мектептегі 

оқушылардың 

ата-аналары 

психологпен 

кеңесуге келеді. Мектеп ұстаздары да шәкірттері 

туралы немесе  өз мәселелері жөнінде  пікірлесіп 

отырады.    Тіптен  ауыл  адамдары  мен  кала 

мектептеріндегі  әріптестері    де    кеңес  сұрап 

жатады.  Балымжан  Байырқызы  еңбек  еткен  аз 

уақытта  шәкірттерінің  жүректерінен  өзіндік 

орын  алған.  Әрбір  оқушының  педагогикалық-

психологиялық  картасын  жинақтап,  барлық 

сыныптар  үшін  диагностикалық  бағытта 

сауалнама, тест, тренинг жұмыстарын жүргізеді. 

Қала  көлемінде  өткен  «Балғын  психологтар», 

«Болашақ»  тобы  «Білімпаз»  номинациясымен, 

«Алғыс  хатпен»  марапатталды.  2013  жылы 

қалалық  білім  жүйесіндегі  педагогикалық 

шеберлігі, шығармашылық ізденісі және өскелең 

ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін 

ұстаз  «Құрмет  грамотасымен»  марапатталды. 

2014  жылы    Жас  ұрпаққа  білім  беру  мен 

тәрбиелеуге қосқан зор  үлесі үшін және 8 наурыз 

Халықаралық  әйелдер  күні  мерекесіне  орай 

Құрмет  грамотасымен  марапатталды.  Ғылыми 

–әдістемелік «Ұстаз» журналының «Жан сыры» 

қосымшасына «Адамға өмір бір-ақ рет беріледі» 

деген  қала деңгейінде өткізілген ашық семинар 

сабағы басылып шықты. Мектебімізге келген жас 

мұғалімдермен  «Мамандығым  -  мақтанышым» 

атты тренинг,сауалнама жұмыстары жүргізілді.

Мектептегі  әрбір  ұстаздың  ұжымға  деген 

көзқарасын анықтау мақсатында «Педагогикалық 

қызметтің  едәуір  маңызды  тұстарын  анықтау» 

сауалнамасы жүргізілді.11сынып оқушыларымен 

ҰБТ-ға байланысты қала мектептерінің педагог-

психологтарының  қатысуымен  «Мен  таңдаған 

жол»  тақырыбында  ашық  психологиялық 

тренинг  өткізді.  Сондықтан  да  Балымжан 

Байырқызының мамандыққа деген сүйіспеншілігі 

оған  қызметінің  ащы  балын  татып,  тәттісімен 

өз  ісінің  шебері  болуға  көмектеседі.  Қашанда 

тәжірибесі  мол  ұстаздар,  психологтардан  дәріс 

алып, үйреніп, әріптестерімен тығыз байланыста 

болып, тәжірибе алмасуға даяр тұрады. Мектеп 

психологы  оқушылардың  қызығушылығын  

одан  әрі  арттырып,  олардың  осы  мамандықты 

таңдауына жол ашты.

Біздің 


мектебімізден 

түлеп 


ұшқан 

оқушыларымыздың 

ішінде 

мектептерде 



педагог-психолог  маманы  болып,  Атырау 

қаласында  А.Машаева,  Новеньки    ауылында 

О.Таржманова  еңбек етіп жүрсе, ал студенттер 

Р.Забекова,  А.Батыршинова,  Ұ.Есенболатова. 

БҚМУ  педагогика  –психология  бөлімінде  білім 

алуда.Биылғы  оқу  жылында  болашақ  түлектер 

11а  сынып  оқушысы  Құрманғалиева  Назерке  

педагогика  –психология  мамандығын  таңдап 

отыр.  Болашақта  да  осы  ең  алдымен  адамның 

ішкі жан дүниесін зерттейтін ғажап мамандығы 

арқылы  жабырқаған  көңілге  қуаныш  сыйлап, 

олардын  жүрек  түкпірінде  жатқан  бүкпесіз 

сырларын  тыңдап,  шәкірттеріне  өз  болашағына 

сеніммен қарауына  ықпал ете біледі.

Қазақстанның  болашағы  –  жас  ұрпақ 

десек,  олардың  еш  алаңсыз    жеке  тұлға  болып 

қалыптасуы  үшін    Балымжан  Байырқызының 

да  мол  үлес  қосқандығын  мақтанышпен  айта 

аламыз. 

Гүлсім Мерғалиева,

№12 ЖББОМ директорының оқу 

ісі жөніндегі орынбасары

Мақсаты:1. Білімділігі:  Оқушыларға 9 саны 

туралы   түсінік беру. Ертегі  бойынша  есептер 

шығаруға    машықтандыру.    Дамытушылығы:  

Оқушылардың 

ойлау 

қабілеттерін. 



Ой-

өрісін  дамыту,  жазу  дағдысын  қалыптастыру. 



Тәрбиелігі:    Оқушыларды    ұйымшылдыққа, 

тиянақтылыққа, әдемі жазуға тәрбиелеу.



Типі: жаңа сабақты түсіндіру 

Түрі: топпен жұмыс, ертегі желісімен                 

Көрнекілігі: 

проектор, 

дидактикалық 

материал, кеспе сандар, слайд.



пәнаралық 

байланыс: 

дүниетану, 

әдебиеттік оқу 

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі – амандасу,  сыныпты 

түгендеу, оқушылардың назарын  сабаққа  аудару. 

Психологиялық дайындық. 

- Балалар, ертегіні жақсы көресіңдер ме? 

- Қандай ертегіні білесіңдер? 

Дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.  

II. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс  9  санының  

құрамына мысалдар жазу. 

8+1,    7+2,    6+3,    5+4 

Назарларын проекторға аудару. 

- Мына ертегі сендерге таныс па? 

- Қандай ертегі деп ойлайсыңдар? 

- Жақсы. 

-  "Бауырсақ"    ертегісінің  желісімен 

тапсырмалар 

сіздердің 

көмектеріңмен 

орындалады. 

І.  Ертегіні  еске  түсірейік,  кім  көмектеседі 

маған. (топтан сұрау) 

№ 1 Тақтамен жұмыс.    1. Қоянға кездеседі.  

(тапсырмасы)  "Қандай сандар жазылмаған?"

1      4       7      10

10        6        3       0  

№  2      Қасқырға  кездеседі.  (тапсырма)  

"Әр  бөлімнен  қосуға  2  өрнек,  азайтуға  2  өрнек 

құрастыр" оқушылар топпен орындайды 

6+3             9-2

7+2             9-5

№  3    Аюға  кездеседі.(тапсырма)  Сурет 

бойынша өрнек құрастыру. Дәптермен жұмыс 

ІІІ. Сергіту сәті. (музыкалық әуенмен) 

№  4  Түлкіге  кездеседі    (тапсырма)  Есепте 

(ауызша)  

ІV.  Қорытынды.    Үйге  тапсырма  №  5, 

оқулықтың 138б.  

V. Мадақтау. 

 - Сабақ аяқталды

Жайнагүл Кабулова, 

Тихонов мектеп-балабақша кешені,

Бөрлі ауданы



санын қосу және азайт

у

ТЕХНОлОГия

Сабақтың мақсаты: а) теориялық 

ойын  түрлерін,  мазмұнын,  ережелерін, 

ерекшелігін  меңгерту.  ә)  жетілдіру, 

өз  алдына  шұғылдануға  қажеттілігі 

мен  қабілеттілігін  жетілдіру.  б)  Ойындардың 

тәрбиелік мәніне назар аудару.



Сабақтың 

типі: 

Жаңа 


білімді 

қалыптастыру



Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс 

жасау, жан – жақты түсіндіру.



Құрал  –  жабдықтар:  Ысқырық,  доптар, 

сақина, арқан, т.б.



Сабақтың  барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі: 

Сапқа  тұрғызу;  Оқушы  мәліметін  қабылдау. 

Сәлемдесу.  Сабақтың  мақсатын  түсіндіру. 

Саптағы  «Солға»!  «Оңға»!  «Кері  айнал»! 

жаттығуларын орындау.

Жүру бағытында орындалатын жаттығулар 

жасату. Көңілді старттар және ұлттық ойындар:

Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. 

Ортаға  орамалмен  көзі  байланған  адамды  – 

«соқыртекені»  шығарады.  Шеңбер  бойынша 

тұрған  ойынға  қатысушылар  «соқыртекені» 

түрткілейді.  Ол  сол  кезде  түрткен  ойыншыны 

ұстап  алып,  атын  айтуға  тиіс.  «Соқыртекенің» 

тыныш  тұрған  ойыншыны  да  ұстап  алуына 

болады. 


Ұсталынып 

қалған 


ойыншы 

«соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. 



Түйе мен бота. Ойын көгалды жерде немесе 

спорт  залда  өтеді.  Балалардың  санына  шек 

қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-

тышқан»  ойынына  ұқсас.  Басқарушының 

нұсқауымен  бір  бала  түйе  болады,  екіншісі 

ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар 

өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға 

тұрады.  Түйе  шеңбердің  сыртында,  ал  ботасы 

ішінде қалады.

Түйе шеңбердің сыртында жүріп, ботасына 

үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. 

Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал 

бота  шеңбер  бойымен  айнала  қашады.  Ойын 

шарты  бойынша  бота  шеңбердің  ішіне  кіріп-

шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені 

аса  еркіне  жібермей,  кей  кездерде  шеңбердін 

ішіне  еркін  кіріп-шығуына  әртүрлі  кедергілер 

жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар 

қысып  қалады.  Ақырында  түйе  алдап  жүріп 

ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе 

жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында 

тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- 

«шөк,  шөк»  деп,  түйені  шөгеруге  тырысады. 

Түйе оған көнгісі келмегенімен, көпшілік болып 

шөгереді, яғни жүресінен отырады.

Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-

тесіп, шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре 

бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен 

екі  колын  жерге  тіреп  отырады  да,  үстінен 

секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана 

ұстай  алады.  Осы  кезде  түйе  үстінен  секірген 

ойыншылардын  кайсысын  бірінщі  ұстаса,  сол 

түйенің  ролін  ойнайды  да,  екінші  ұстағаны 

ботаның  ролін  ойнайды.  Осылайша  ойынды 

қайта жалғастыруға болады.

Түйенің  үстінен  секірген  ойыншы  оған 

колымен,  болмаса  аяғымен  тиюіне  болмайды. 

Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша 

алысқа түсуге тырысады. [5]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет