Ұшты-ұшты. Ойын бастаушы оған
қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез
ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып
айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын
заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар
ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына
өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен
адамдарды былайша жаңылыстырады:
- Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
- Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
- Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).
Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа
бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан
ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын
бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі
дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды.
Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-
ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге
Ақерке керек!», — деп, бір адамның атын атап
шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен
жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп
кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан
қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол
топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің
адамдары таусылғанша жалғаса береді.
Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те
атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі
жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде
ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10
баладан көп болмаса, ойын қызықты болады.
Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген
арқан әзірленеді. Оның қақ ортасына белгі
ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға
қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына
қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде,
арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста
он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан
таңдап алынып, үлкен адамның алақанының
көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп,
ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай
құлату үшін тартады.
«Тұтқынға алу» - ойыны
Ойынның ережесі: Екі топқа бөлінеміз де бір
бірімізге қарап сызылған сызықтың екі жағында
тұрамыз. Енді қарама - қарсы тұрғандар бір
- бірінің қолынан ұстап, әр бақталас топ өз
жағына қарай тартады. Кімнің тобы мықтырақ,
қай топ өз жағына көп тартып алады, сол топ
жеңіске жетеді.
Тартыс - ұлттық ойын
Ойынның ережесі: Ойыншылар тепе -
тең екі топқа бөлінеді, екі - екіден жұптасып
тұрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі
екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар
бір - біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары
бірін - бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер
арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе,
жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі
жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын
жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ
жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар
бір - бірімен орын ауыстырады.
Асық ойыны - Хан талапай. Ойынның
ережесі: Асықпен ойналатын ойынның бір
түрі - «Хан талапай». Ойынға қатынасушы
балалардың санына шек қойылмайды. Олар
ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер
құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы
асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып
жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары
керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып
есептеледі.
Талап Кузергалиев,
М-С.Бабажанов атындағы
ЖББОМ, Бөкей ордасы ауданы
Дене тәрбиесі, 3-сынып.
Ұ л Т Т Ы Қ
О Й Ы Н Д А Р
8
Жайық ұстазы
19 наурыз, 2015 ж.
МЕНШіК иЕСі:
«Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» акционерлік
қоғамының филиалы Батыс
Қазақстан облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Бас редактор:
АҚМАРЖАН тАуБАЕвА
Жауапты хатшы:
Руфия Афлетонова
Компьютерлік
жұмыстар:
Жанаргүл Біржанова
* Газет айына екі рет шығады
* Редакция оқырман хаттарына
жауап бермейді, хаттар мен қолжазба
қайтарылмайды
* Автор мақалалары редакция көзқарасын
білдірмейді
* Деректердің дәлдігі үшін автор
жауапты
Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат
және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп,
№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.
Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы,
238 үй.
Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru
Жалпы тираж 4000
Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында
басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3.
Тел: 50-51-46
С каждым годом набирает обороты
традиционный фестиваль «Жайық толқыны
- Волны Урала». Вот и в этом, очередном
краеведческом фестивале, организованный
городским центром детского и юношеского
туризма и экологии «Атамекен», участвовало
рекордное количество участников, 160
учащихся из 38 школ города Уральска.
Конкурсанты соревновались по следующим
номинациям - «Юный мастер», «Юный
костюмер», «Юный поэт», «Юный художник»,
«Юные таланты».
Членам жюри, в состав которого вошли
ведущие краеведы и мастера своего дела,
было непросто определить победителей,
настолько возрос общий уровень творческого
мастерства участников. Победителями и
призерами в отдельных номинациях стали
члены туристско-краеведческих кружков
школ №42 А.Кажимова и Ш.Мукан, №34
А.Рахишова, №17 Т.Шевчук, №9 А.Носенко,
№38 А.Хасанова, №6 Н.Митяшина. Они
и выступят на предстоящих областных
соревнованиях «Жайық толқыны».
В
числе
отличившихся
были
представители
Серебряковской
СОШ
А.Мустакапова, Круглоозерновской СОШ
Д.Адилбеккызы. Лучшие произведения и
шедевры юных дарований были переданы
на выставку экспозиции при ГЦДЮТиЭ
«Атамекен». В общекомандном зачете
победителями были признаны СОШ
№№42,34 и 38.
М.Сатканов,
руководитель кружка ГЦДЮТиЭ
«Атамекен».
М.Монтессори педагогикасы немесе
Монтессори жүйесі - XX ғасырдың бірінші
жартысында итальяндық педагог, ғалым әрі
ойшыл М.Монтессори тарапынан ұсынылған,
тәрбие жүйесі. Монтессори әдістері әрбір
тәрбиеленушіге деген дара\ тәсілдемеге
негізделген. Бұған сәйкес, балдырғандар мен
бүлдіршіндер, дидактикалық материалдар мен
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ұзақтығын
әрдайым өздері таңдай отырып,өзіндік ағым
мен ырғақта дамиды.
Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи
мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен
емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу,
«Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді
мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу
бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы
балаларға әр сала жайлы қызықты мағлұмат
береді. М.Монтессори әдістемесі бойынша 3
және 6 ай аралығындағы балалардың дамуына
арналған орта сенсорлық, математикалық
күнделіктері өмір жаттығулары, тілдік
кеңестік аймақтарына бөлінген. Бұл жастың
қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім
қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Қай салада жұмыс жасау бала қалауында:
Зертхана, аспан әлемі, жаратылыстану, асхана,
қолөнер, бейнелеу, сумен т.б. Еркін жұмыс
жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін
де өзі жөндеу –ішкі дүниесін тәртіпке баулып,
жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады.
Пайдаланған заттардың ең басында қалай
тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында
әрбір затты өз орнына апарып қояды.
Қазіргі таңда балабақшамызда “Тәй-тәй”
технологиясының элементтерін кеңінен
қолданып, дамытушы ортамен жұмыс жасай
отырып, саусақ ойындары қойылымдарын
театрландыру
арқылы
балалардың
қызығушылығын ояту, жан-жақты дамыту
мақсатында жаңа технологиялар төңірегінде
жұмыстар кеңінен қолға алынып келеді.
2014 жылдың наурыз айынан бастап
бөбекжайымызда М.Монтессори әдістерін
қолдануға бағытталған бөлме жабдықталды.
Тәрбиеші педагогтар өз қолдарынан бұйым,
құрастырмалы заттар жасап, бөлмені
толықтай
жабдықтауға
өз
үлестерін
қосты. Алдағы уақытта балаларды түзету-
дамыту
жұмыстарында
М.Монтессори
әдістемесін қолдану үлкен маңызға ие
болады деп үміттенеміз, өйткені ата-аналар
бөбекжайға келгенге дейінгі балаларының
мүмкіншіліктерін басқалардан гөрі жақсы
біледі, уақыт өте келе, олар балаларының
бойынан қызығушылықты, өз бетімен жұмыс
істеу қабілетінің артқандығын байқайтын
болады. М.Монтессори жүйесі бойынша
атқарылған жұмыстар әлі қолға алынып,
балаларымыздың жетістіктері алдан көрінері
сөзсіз.
Айгүл Кабирова,
«Жауқазын» бөбекжай-
бақшасының әдіскері,
Жаңақала ауданы
Баланы жан-жақты дамытудағы
заманауи технологиялар
Монтессори педагогикасы
К р а е в е д ч е с к и й
ф е с т и в а л ь
«Жайық толқыны -
волны урала»
Қымбатты Райса Аманғалиқызы!
Сізді бүгінгі мерейлі 58 жас зейнеткерлік
жасқа толу мерейтойыңызбен құттықтаймыз!
Сіз өзіңіз туған аулыңызда, өзіңіз білім алып,
өмірге қанат қақтырған алтын ұяңызда 40
жылға тарта ұстаз боп қызмет атқарып келесіз.
Оң мен солын танымай келген бүлдіршінді өз
балаңыздай баурап, алғаш қалам ұстатып, білім
нәрін құйып, мәуелі бәйтеректей өсірдіңіз.
Бала жанының бағбаны болған 40 жылға тарта
уақытта алдыңыздан қаншама шәкірттеріңіз
қанат қағып, қияға самғап, өмірдің сан тарау
жолдарына түсіп, өздері қалаған еңбекке
араласты. Ұстаздың мерейі шәкіртімен,
соңында қалған ізімен өлшенбек болса, сіз
сол шыңның басына шыққан жансыз. Ұстаз
бақытын сезінген ұстаздардың ұстазысыз.
Сіздің байсалды мінезіңіз, сабырлы қалпыңыз,
әдемі сөзіңіз бен жүректі баурар адамгершілік
қасиеттеріңіз оқушы көкірегіндегі шамшырақ
отын жағып, талайы өзіңіз секілді қасиеттерге
де ие болды. Өмірден адаспай өз жолдарын
тапты. Сіздің ерен еңбегіңіз де еленіп, аудандық,
облыстық, республикалық марапаттарды
иелендіңіз. Сіздің осы еңбегіңізді құрметтеп,
мерейлі зейнеткерлік жасыңызда сізге сол
зейнеткерліктің зейнетін көретіндей мықты
денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз.
Шын ниетпен тілек білдіре отырып, мына бір
жыр жолдарын өзіңізге арнаймыз.
Кеудесі толы білім бұлағындай
Сабағы оның жаққан шырағындай
Мерейлі жанарынан нұр төгілген
Жадырап шыққан күннің шуағындай.
ізгі тілекпен: Бұлдырты
ЖББOМ
“О, туған жер, жыр күтіп далаң менен,
Мен далаңнан нәр алып аман келем.
Екі нәрсе мәңгілік, бірі – өзің де,
Бірі – мендік махаббат саған деген”, -деп
жыр жампозы Қадыр Мырза Әлі мәңгілік
махаббатқа балаған, сұлудың білегіндей
суы бұрала ағып, әсем толқыны бүлкіл
қағып, жағасын сыңсыған орман көмкерген
Ақжайық өңірінде, ақынның туған жерінде
жалынды жыр байқауы өткізілді.
Батыс
Алашорданың
«астанасы»
атанған Жымпитының төрінде дүниеге
келіп, бүгінде «алаштың абызы» деп
ардақталған, Сырымдай сындарлы тарихты
меңгеріп,Абдолладай арыстан ақынның
жырларын өзек қылып,Жаһаншадай қара
қылды қақ жаратын әділдікті сіңіріп, туған
жерінің жанкешті жырауы болған ақын
шығармашылығына арналған ІІІ облыстық
Қадыр оқулары жылдағы ереже бойынша
3 бөлімнен тұрды:
Жыр додасына 12 аудан, қала
мектептерінен барлығы 46 оқушы қатысты.
Қорытындысында,
«Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр
маңда...» Қадыр Мырза Әлі сөздеріне
жазылған әндерді орындаушылардың
байқауында:
Бас жүлде - Сырымбетова Арайлым.
7-сынып. Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов
ат ЖББОМ.
І орын - Жексенгалиева Камила. 6-сынып.
Жаңақала ауданы, Айдархан ЖББОМ
ІІ орын - Әділханова Айназель. 10-
сынып. Тасқала ауданы, Оян ЖББОМ
ІІ орын - Казиоллин Донеділ. 9-сынып.
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру
мектеп-интернаты.
ІІІ орын - Беккалиева Жанерке. 6-сынып.
Зеленов ауданы, Асан ЖББОМ
ІІІ орын - Солнцев Илья. 9-сынып. Орал
қаласы, №9 ЖББОМ
ІІІ орын - Измуханбетов Нұртас.
7-сынып. ДБА ҚТММЛИ
«Қадыр қоғамдық қорының» арнайы
сыйлығы - Каткал Олеся. Шыңғырлау
ауданы, А.Тихоненько атындағы Лубен
ЖББОМ.
«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін...»
жас дарындар конкурсы:
Бас жүлде - Қанатқалиев Тұрар, 7-сынып.
Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34
мектеп-гимназиясы.
І орын - Зариф Алишер, 10-сынып.
М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру
мектеп-интернаты.
ІІ орын - Тілеш Гүлнәр, 10-сынып. Теректі
ауданы, Подстепный қазақ ЖББОМ.
ІІ орын - Қанатқалиева Айзада, 9-сынып.
Бөкейордасы ауданы, Жәңгірхан атындағы
ЖББОМ.
ІІІ орын - Ғилымханова Ақерке, 6-сынып.
Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖББОМ.
ІІІ орын - Ликерова Айбарша,10-сынып.
Шыңғырлау ауданы, Л.Қылышов атындағы
Шилі ЖББОМ.
ІІІ орын - Ізімов Мансур, 7-сынып.
Ақжайық ауданы, Алмалы ЖББОМ.
«Сөздің бәрі құдіретті ...» Қадыр
Мырза Әлі шығармаларын жатқа оқу
байқауы:
Бас жүлде - Меңжанова Айнұр, 6-сынып.
Сырым ауданы, Көгеріс НМ.
Сырым ауданы әкімінің арнайы
сыйлығы - Галиева Венера. 10-сынып.
Зеленов ауданы, Асан ЖББОМ.
І орын - Мұратов Иса, 10-сынып.
Жаңақала ауданы, №3 Қазақ мектебі.
ІІ орын - Аманжолов Есенжан. 7-сынып.
Ақжайық ауданы, О.Исаев атындағы
ЖББОМ.
ІІ орын - Құрманай Зауыр, 10-сынып.
М.Өтемісұлы
атындағы
облыстық
сауықтыру мектеп-интернаты.
ІІІ орын - Бекежанова Аружан, 8-сынып.
Тасқала ауданы, «Сәулет» мектеп-лицейі.
ІІІ орын - Габдуллин Нұргелді, 5-сынып.
Сырым ауданы, Қ.Мырзалиев атындағы
ОМ
ІІІ орын - Тастенова Арна, 11-сынып.
Орал қаласы, Серебряков ЖББОМ.
Ынталандыру сыйлығы - Бирюкова
Алена, 6-сынып. Шыңғырлау ауданы,
А.Тихоненько атындағы Лубен ЖББОМ.
Облыстық шараға БҚМУ-ң доценті,
филология
ғылымының
кандидаты,
Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов
төрағалық еткен қазылар құрамы баға
берді. Аудан орталығындағы мәдениет
үйінде байқаудың ашылу салтанатымен
басталған шара аудандық «Саз мектебі»
мен Қ.Мырзалиев атындағы жалпы
білім беретін орта мектебінің «Қадыр
сыныбында» жалғасын тапты. Аудан
орталығындағы мұражайға саяхат жасаған
сайысқа қатысушылар мен кеш қонақтары
аудандық «Жасөспірімдер және балалар
шығармашылық орталығы» дайындаған
«Шебердің қолы алтын» атты көрмені
қызыға тамашалады.
Қадыр оқуларында ҚР еңбек сіңірген
қайраткері, «Қадыр» қоғамдық қорының
директоры Донеділ Қажымов өзінің
сыйлықтарын тарту етсе, Сырым ауданының
әкімі Шыныбеков Абат Абайұлы да арнайы
қомақты жүлдесін тағайындады.
(Өз тілшіміз).
І І І о бл ы с т ы қ Қ а д ы р о қ ул а р ы
А у Д А Н Д А РД А Н Х А Б А Р -
в Е С т И И З РА й О Н О в