Дене жаттығуын орындау аяқталғаннан кейін тыныс алудың және жаттығуды орындауға дейінгі қалыпты жағдайдағы жиілігін салыстырыңыз.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін тыныс алуды қалпына келтіру үшін қанша уақыт қажет?
Жаттығуды орындау кезінде тыныс алу жиілігі неліктен жоғарылайды?
Жаттығу кезінде тағы қандай физиологиялық реакциялар ӛзгеріске ұшырады?
Бекітуге арналған сҧрақтар:
Тыныс алуды реттейтін басты бұлшықет қалай аталады?
Миокард
Диафрагма (кӛкет)
Альвеола
Бронхиола
Оттегі қай жерде алмасады?
Кӛкет
Трахея
Бронхы
Альвеола
Ықтиярсыз тыныс алуды мидың қай бӛлігі реттейді?
Мишық
Гипоталамус
Сопақша ми
Үлкен ми сыңырлары
Сарамандық жҧмыс №7: Тағам ӛнімдерінің энергетикалық құндылығы Максаты: тағам ӛнімдерінің үлгілерін ыдырату арқылы жылынатын судың температурасын ӛлшеу және осы ӛнімдердің энергетикалық құрамын салыстыру.
Жҧмыс барысы:
Мәліметер жинау жүйесінде жаңа тәжірибенің басталуы.
Осы экспериментті жасау үшін алдымен оқушыларға кездесетін жаңа терминдер мен түсініктер туралы қысқаша ақпарат берілуі қажет.
Тамақты күйдіргенде судың белгілі мӛлшері жылынады,ал ӛніммен берілетін жылу куатының мӛлшері теориялық түрде сумен алынатын жылу куатының мӛлшеріне тең болады.Келесі теңдеу осы теорияны түсіндіреді; Q=m*c*ΔT
Q мәні жылу энергиясы санын білдіреді;m судын салмағы;c судын үлестік жылу сыймдылығын; алΔТ су температурасының ӛзгеруін.
Судың үлестік жылуы с 4,186 Джоульге тең.Судың үлестік жылуы бір каллорияға тең екендігі белгілі. Бірақ бұл ұғым нақты емес.Тағам ӛнемдерініңорамаларының сыртында калориялардың саны техникалық түрде Каллория сияқты белгіленеді де, үлкен С әріпімен кӛрсетіледі. Сонымен бірге олар килокалориялар не ккал деп аталады. Бір килокаллория 1000 калорияға тең. Калорияның метриялық баламасы 4186 джоуль.
Калория кішкентай с 4,186 джоульге тең. Калория кішкентай с 1 грамм судың температурасын 1 градус Цельсияға кӛтеру ушін қажетті қуаттың санын ұсынады.Бұл теңдікте кӛрсетілген с кДж 1000Дж тағы бір жалпы термин болып табылады,бірақ нақты емес ұғымның пайда болуына жағдай жасауы мүмкін.
Зертханалық жҧмыс алдында проблема қойып бірнеше сҧрақтарды талқылау ҧсынылады:
Адамның тіршілік ету әрекеті энергия алу үшін тағамның күйдіруін талап етеді деген нені түсіндіреді
Тағамдардың қайсысы кӛп қуат ӛндереді; кешью жаңғағы не зефир ме ? 3 Бір ӛнімнің қуат қурамын басқа ӛніммен қалай салыстаруға болады?
Тағам ӛнімінің салмағы оның энергетикалық құрамына әсер етеді ме?
Тағам ӛнімінің жану уақыты оның энергетикалық құрамының ӛзгеруіне әсер етеді ме?