Табиғат жайында метафизикалық кӛзқарастың дамуы. Римнің құл иеленуіші империясында үкіммен құлдарын аса ауыр еңбегінің арқасында ұсталып тұрді. Біздің эраның басында мажуси (пұтқа табыну) дінінің орнын христиан діні басты. Бастапқы кезде бұл дінді езілген еріксіз адамдар – құлдар қабылдады. Ол дәуірде дін заңнан тыс тұратын. Діни адамдар ақыретте жұмақтың тӛріне шығып рахат кӛреміз деген сеніммен ӛлімге бас бұрды, қатал азаптарға да кӛнді. Құлдықтағы, бақыттың дәмін татпаған адамдар, осы күнәкәр Жерде дін үшін ӛкінішті азапқа кӛніп, кейін жұмақта мәңгі ӛмір сүреміз деп дәмеленді. Бұл жаңа діннің психологиясы осындай еді. Ӛзінің бостандығы және тұрмысы үшін күресте құлдардың басын қосып топтастырудың орнына, дін олардың жігерін қайтарып, амалсыз, тағдырға кӛнуді талап етті. Шынында, бұл жаңа дін құл иеленуішілерге тиімді болып жер бетінде олардың правосын қорғап оны баянды етті. Таңданарлықсыз-ақ, кейінірек христиан діні Римде ресми дінге айналды.
410 жылы Рим империясы құлаған жылдары христиан дініне еркін құлшылық ету тәртібі енді, бұл шіркеу беделін одан әрі кӛтеріп, оның мемлекеттік ролін күшейтеді. Кейінірек бұған Европада монах ордерінің шығуы себеп болды. Салынып жатқан монастырьлар діннің орталығына айналып, оған кӛп халық ағылып келіп жатты. Оларды бұған тартқан бір жағынан діни сенім болса, ал екінші жағынан жеке адамдардың қара
басының экономикалық мүддесі болды. Кедейлердің монастырьға тартқан ақыреттің рахатына сену, ал байлар үшін монастырьларға арқа сүйей отырып ӛздерінің байлықтарын сақтау, сонымен бірге шіркеудің қоғамдық тұрмысқа тигізіп отырған ықпалын пайдаланып ӛздерінің үстемдігін баянды ету болды.
Діни адамдар мен дворяндардың әл-ауқаты кедей шаруаларына қанаумен байланысты болды, сондықтан бұлардың арасында қайшылықтар бірте-бірте күшейе түсіп, Х ғасырдан ХІІ ғасырдың аяғына дейін шіркеу ӛкімет билігін ӛз қолына алу үшін күресті күшейтіп отырды.
Бұл жағдайдан шығу жолы – крест жорықтар болды. Қылышпен жарақатталған, католик шіркеуінің кресін таққан сері жауынгерлер баю үшін Шығысқа аттанды. Кӛптеген қан тӛгіліп, мыңдаған кінәсыз қаза тапты. Мектепте табиғаттану сабақтарына тыйым салынды, бүкіл пән аласталынды. Табиғатқа табынудың орынан аруаққа табыну, кереметке сену уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптары мадақталды.
ХІІ – ХІІІ ғасырларда қол ӛнері мен сауда дамып, қалалар пайда болуымен байланысты, Орта ғасырда қоғамдық тұрмысқа елеулі ӛзгерістер енеді. Ірі қалаларының орталығында (Париж, Рим, Лиссабон т.б.) тұңғыш университеттер ұйымдастырылды. Ол алғашқы университеттердің құрлысын кӛре аламыз. Онда тӛрт факультет: 1) діни, 2) заң, 3) медицина және 4) (ерікті ӛнер» (философияның) факультеттері болды. Мұның алдыңғы екеуі шіркеу мен дворяндардың мүддесін қорғайтын адамдарды дайындауға тиіс болды. Сонымен қатар медицина мен «ерікті ӛнер» факультеті католик шіркеуінің идеология саласындағы ықпалының үстемдігіне күшті қатер туғызды. Сондықтан шіркеу ӛзінің беделін сақтап қалу үшін басқаша әдістер қолдана бастайды. ХІІІ ғасырда католик шіркеуі инквизиция деген ат беріп, ерекше діни құрды, оның алдында «дінсіздер» мен күресу міндеті қойылады.
«Әулиинквизиция бес ғасыр билік жүргізеді. Осы кезде тек бір Испанияда ғана 35 мыңдай адам ӛртеліп, 300 мыңдай адамға азап жазалары беріледі. Испан инквизициясының бұйрығы бойынша жазылған соңғы от 1826 жылы ғана сӛнді. Сондықтан университеттердің бастапқы дәуірлерінде жаратылыс саласындағы айқын ойлар қиыншылықпен әрең жол тауып отырғандықтан таңырқауға болмайды.
Энгельс «Табиғат диалектикасы» деген еңбегінде бүкіл жаңа тарих сияқты қазіргі табиғаттағы зерттеудің басы қайта ӛркендеу дәуірін ХV ғасырдың орта кезінен басталады деп кӛрсетеді. Осы кезде король ӛкіметі, қала халқына сүйеніп дворяндық феодалды әлсіретті. Ірі монархия құрды, бұдан осы кездегі Европа мемлекеттері және осы кездегі буржуазиялық қоғамы дамып шықты.
Сауда капиталының және сауданың дамуы жаңа рынок, жаңа сауда объектілерін қажет етеді. Әсіресе, Шығыста адам айтқысыз байлықтарымен ертегілі Индия қызықтырды. ХV ғасырда Индия құрлық (Афанасий Никиитин) және теңіз жолы (Васко да Гама) ашылды. Осы
ғасырдың аяғында Индияға жаңа жол іздеп жүріп Христофор Колумб Антил аралын ашады. Соның артынан Америго Веспуччи Оңтүстік Американың жағалауларын зерттейді. 1519 – 1522 жылдары Фернан Магеллан саяхат жасап тұңғыш рет жер шарын айналып шығады. ХVІ ғасырда жер жүзінің картасын дұрыс жасау жұмысы қатты қолға алынады, ең ақырында 1770 – 1771 жылдары Джеймс Куктің саяхаты кезінде, сол кезге дейінгі белгісіз болып келген жер шарының бір бӛлігі – Австралияның нұсқасы анықтала бастайды. Сӛйтіп жер шарының қазіргі картасы жасалады.