Батыс
Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі жəне экология
орталығы
«Жас тұлға»
туристік
-өлкетану үйірмесінің
БАҒДАРЛАМАСЫ
Жетекшісі
: Ғайнеден Тоты
қосымша білім беру педагогы.
“Жас тұлға» үйірмесінің жетекшісі
Орал
-2015-2016 жыл
Түсінік
хат
«Жалпақ жұртыңды, игі алашыңды құрметтеу
алдымен
өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын
танудан
, адамдарын ардақтаудан басталады»
Н.Ə.Назарбаев
Жас жеткіншіктерге білім мен сапалы тəлім-тəрбие беруде туристік-өлкетану
үйірмесі мектептен тыс тəрбиелеудің бірден –бір көп тараған түрі. «Қазақстан-
2030» даму стратегиясының экономика секторында 7-ші басым бағыттарының бірі
- туризм делінген. Осыған орай 2007-2011 жылдарға туризмді дамытуға арналған
бағдарламасында балалар-жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың жəне
туристік мəдениетке тəрбиелеудің негізгі факторы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрлымын дамытуға баса көңіл бөлінген.
Балалар туризмі - ол – болашақ мамандар, ол – тарих пен өлкетану, ол – жеке
тұлғаның дұрыс қалыптасуы, ол- тəрбие құралы.
«Жас өлкетанушы» туристік-өлкетану үйірмесінің бағдарламасының
Мақсаты
: Мектеп оқушыларының өзіндік дамуын, өзіндік ойлау қабілетін
қалыптастыруға
жағдай
жасау,
шығармашылық
жəне
интеллектуальдық
мүмкіншілігін арқылы өзін-өзі тəрбиелеу қабілетін ашу. Азаматтық пен
ұлтжандылыққа тəрбиелеу, туған өлкенің тарихи, мəдени, рухани мұраларын
танып білуге, сақтауға тарту, туған жеріміздегі белгілі тарихи қайраткерлердің,
əдебиетшілердің өмірлерін оқып-тану. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
құжаттарды іздестіру жəне жинастыру, ҚР тұратын халықтардың, ұлттардың салт-
дəстүрін, мəдениетін оқу-білу. Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты
өмір салтына қалыптастыруды, туристік шеберлікті меңгерту жəне жетілдіруді
көздейді.
Міндеті:
Əлеуметтік
-педагогикалық (азаматтық көзқарас қалыптастыру, «Кіші Отанына»
деген сүйіспеншілік сезімін арттыруға тəрбиелеу, өз өлкесінің тарихына деген
жауапкершілік пен өзіндік қатысы арқылы мақтаныш түйсігін көбейту, мамандық
таңдауға баулу (жазушы, зерттеуші, өлкетанушы, журналист т.б.)
Білімділік
(өлке өмірімен байланысты жанұяның, қаланың, тарихи тұлғалар
туралы білімін кеңейтуді қамтамасыз ету, іздестіру-зерттеу жұмысының негізін
үйрену жəне өлкетанушы, журналист мамандықтарына баулуға үйрету, өзіндік
қорытынды, түйін жасауға баулу)
Танымдық
(тарихи
дерек
көздерімен,
мемурарлық,
ғылыми-ақпараттық
əдебиеттер мен баспа беттерімен жұмыс жасауды меңгеру);
Дамытушылық
(туған өлке тарихын өз бетімен оқуға деген құлшынысын
дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілетін өз бетінше іздестіру-зерттеу
жұмысына
үйрету
арқылы
туристік
жұмыстардың
дағдыларын
игеру,
архитектуралық жəне мəдени ескерткіштерді оқып-үйрену, туристік жорықтар мен
жарыстарға қатысу арқылы шеберліктерін шыңдау)
Бағдарлама
ерекшелігі.
Бағдарлама туристік -өлкетану қызметі - туған өлке арқылы оқушыларға
еліміздегі рухани байлығымызды білуге, Отанға деген сүйіспеншілікке
тəрбиелеуге, қоршаған əлемді кең көлемде тануға мүмкіндік береді. Өлкетану
адамдарды тек өзінің туған жерін оқытып ғана қоймай өзінің мəдени деңгейін
көтеруге тарих, өнер, əдебиетке деген қызығушылығын көтеруге баулиды.
Турист-өлкетану, экологиялық жорықтар, саяхаттар балаларды оқушыларды
туған өлкенің тарихын оқып-зерттеу жəне іздестіру жұмыстарына тарту
жұмыстары қамтылған «Жас өлкетанушы» үйірмесінің бағдарламасында
Қазақстандық патриотизмге тəрбиелеуде, адамды рухани дамытудағы ең пəрменді
бағыт екенін ескере модульдік технологияға негізделіп құрылған.
Бұл бағдарламада өлкетану туралы терең қамтылған жəне танымдық білім
береді. Жергілікті ресурстар кеңінен пайдаланылған: облыстық өлкетану музейі,
облыстық, аудандық, қалалық кітапханалар, мəдени мекемеле мен тарихи
орындар.Бағдарламаның практикалық бағыты оқушыларға тақырыпты терең
меңгеруге бағытталған. Бағдарламадағы жұмыстарды орындай отырып сабақ
бағдарламасынан бөлек қызғылықты деректер жинақтау, оқулықтағы жоқ
хабарлар табу, оқу бағдарламасын толық жан-жақты қабылдауға мүмкіндік береді.
«Ұлтымыздың ұлы мұралары» тақырыбы бойынша
Тақырыптық
жоспары.
1 оқу жылы
(2012-2013)
№
Бөлімдер
мен тақырыптар
Сағат саны
Барл
.
Теория
Практика
I
бөлім
1.
«Ұлы жол үйінің табалдырығынан
басталады
»
8
4
4
2.
Кіріспе сабақ «Менің алғашқы
қадамым» тақырыбының мақсаты мен
міндеті.
4
4
3.
Туристік саяхаттар, туризмнің даму
тарихы
4
4
Барлығы
:
16
12
4
4.
«Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан
басталады» Менің үйім –мекенім
4
4
5.
«Бабасы еккенді, баласы орады»
Жеті атаңды білесің бе?
4
2
2
6.
Қауіпсіздік ережелері, тəртіп.
4
2
2
7.
«Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар»
Менің ата-анам,ата-əжем,
бауырларым.Туыстық атаулар.
4
2
2
Барлығы
:
16
6
10
8.
«Талабы жоқ жас- қанаты жоқ құс»
Менің көшем, аулам.
8
2
6
9.
«Жаста оқыған оқуың-тасқа
жазғанмен бірдей»
Менің мектебім, сыныбым.
4
4
10.
Туристік құрал-жабдықтар.
4
2
2
Барлығы
:
16
4
12
11.
Туристік гигиена.Алғашқы дəрігерлік
көмек көрсету.
4
2
2
12.
Менің өлкем. «Туған өлкем-бақытым
байлығым..» шығарма
4
4
13.
«Өзін-өзі білген ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.»
«Тəуелсіз Республика Қазақстан»
4
4
4
Барлығы
:
16
6
10
II
Бөлім
«Менің туған қалам»
14.
«Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас»
8
4
4
Орал қаласының өткені мен бүгіні
15.
«Білімді өлсе, қағазда аты қалар.
Ұста өлсе, істеген заты қалар»
Орал қаласының тарихи ескерткіштері
4
2
2
16.
Мұражайларға саяхат.
4
4
Барлығы
:
16
6
10
17.
«Ата өнері –балаға мұра.»
Өлкеміздегі əдебиет қайраткерлері.
4
2
2
18
Жерлес ақын-жазушылардың өмірі,
шығармашылығы
8
4
4
19.
Əдеби карта жасақтау
4
2
2
Барлығы
:
16
8
8
20.
Туристік-өлкетану жорығы
8
2
6
21.
Елдің ерен азаматтары.
Жерлес жазушы, журналистермен
кездесу. Олардың шығармаларынан
оқырман конференциясын өткізу
8
2
6
22.
Туристік жорықтардағы жəне жаттығу
сабақтары кезіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
4
2
2
Барлығы
:
16
6
10
23.
«Сарғайса да газеттің ақ парағы,
Өткен күндер тарих боп сақталады»
қала туралы ескі кітаптар, журналдар,
фото суреттер т.б. жинақтау.
16
4
12
Барлығы
:
16
4
12
24
«Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін, білу парыз.»
Көшелер, алаңдар, кітапханалар, оқу
орындарының атаулары.
4
2
2
25.
Кітапханалар, оқу орындарының
атауы
4
2
2
26.
Туристік-өлкетану жорықтары
4
2
2
27.
Қорытынды
4
2
2
Барлығы
:
16
8
10
144
58
86
«Ұлтымыздың ұлы мұралары»
тақырыбы бойынша бағдарламасының мазмұны.
1-ші оқу жылы
1.I-ші бөлім - «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады»
2.Кіріспе. «Жас өлкетанушы » туристік- өлкетану үйірмесінің мақсаты мен міндеті.
«Менің қалам» тақырыбы бойынша өтілетін тақырыптардың модулі. Орал
қаласының тарихы. Символдық белгілері.Туризм, өлкетану туралы түсінік.
Практикалық
тапсырма: туған қаламыздың тарихы туралы зерттеулер.
3. Туристік саяхаттар, туризмнің даму тарихы. Туризмнің тарихы.Туристік
саяхаттар.Алғашқы
саяхатшылар.
Туризм
мен
өлкетану
қызметінің
ұқсастығы.Практикалық тапсырма: Менің арманымдағы туристік –Орал.
4. «Ұлы жол үйіңнің табалдырығынан басталады» Менің үйім –мекенім.
Оқушылармен жете танысу.Жанұя тəрбиесі. Халқымыздың достық, жолдастық
туралы мақал-мəтелдері. Практикалық тапсырма: «Өз үйім - өлең төсегім» ата-
анасы туралы эссе жазу.
5. «Бабасы еккенді, баласы орады» Жеті атаңды білесің бе? Қазақтардың таным -
түсінігіндегі - Жеті ата – қазақ халқының дəстүрлі салт-санасында адамның ата
жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының
аты - жөнін білуі. Мұны əке-шешесі, ата-əжесі үйретіп, жаттатуы тиіс. «Жеті
атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына
жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақта жеті атаға дейін қыз
алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналатындығын
түсіндіру. Жеті ата: 1. Бала. 2. Əке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек
ата. Практикалық тапсырма: «Шежіре» құрастыру.
6. Қауіпсіздік ережелері, тəртіп. Төмендегідей тəртіпті сақтау :
1. Əзірлік жорығының жұмыстарынан бастап, сен топтың тəртіп пен
жинақтылықты сақтауға тиіссің. Туристік жорықтың тəртібі – ең бірінші бірінші
ұстанатын қауіпсіздік шарасы.
2. Жорық маршрутын жан-жақты зерттеу қажет.Жорық жетекшісі мен
нұсқаушымен бірге, əуелі Сен міндетті түрде белгіленіп отырған маршрут
бойынша барлау жорығын жасауың қажет жəне тек содан кейін ғана топты алып
шығуыңа болады.
3. Жорық мүшелерімен бірге қала көшелерінде жүру ережелерін ережелерін
талқылау керек. Автомобильдер мен темір жол, өзен, көл, балшықты жерлер мен
орман-тау жолдарында жүру ережелерін оқып үйрену қажет.
4. Жорық кезінде шомылатын жерді алдын ала зерттеп алу керек, жорық
мүшелерінің шомылатын уақыт белгіленіп жəне қауіпсіздік кезекшісін сойлау
қажет. Əсіресе, салқын тау суларына жүріп келген бойда, дененің қызып тұрған
уақытында суға түсуге тыйым салу керек.
5. Демалыс кезінде Сен міндетті түрде алауға ас дайындау кезінде ыстықтан
қорғайтын киіммен дайындауын қолға алу.
7. «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар» Оқушының ата-анасы, ата-
əжесі, бауырлары. Туыстық атаулар. Практикалық тапсырма: халқымыздың
сыйластық қағидаларын жаттау, салыстыру, əжелерден сұрап жазу.
8. «Талабы жоқ жас-қанаты жоқ құс» Өлкетанулық зерттеулер туралы алғашқы
түсінік Орал қаласының өзі тұратын көшелердің атауы, тарихы. Практикалық
тапсырма: “Менің көшем, аулам” тақырыбында зерттеу жұмыстары.
9. «Жаста оқыған оқуың-тасқа жазғанмен бірдей» Мектеп тарихымен танысу.
Орал қаласының №34 жалпы орта білім беретін мектептің тарихы зерттеу арқылы
мектеп музейін жасақтау. Практикалық тапсырма: Мектеп тарихы. Алғашқы
түлектер тізімін алу. Алғашқы директор. Соғыс кезіндегі мектеп қызметі.
10. Туристік құрал-жабдықтар. Жорықтың негізгі ережелері жəне құрал-
жабдықтар
. Жорыққа шығар алдында киім ауа-райына сəйкес болуы керек.
Балалардың жорық киімін ашық түстерден (жасыл, қызғыл-сары, қызыл) таңдаған
жөн. Егерде балаға қатер төнген жағдайда оны іздеуге жерден немесе судадан да
тез тауып алуға көмектеседі. Жорыққа киюге ең ыңғайлы аяқ киім – бəтенке.
Бəтенкенің үлкендеу, табаны қатты, тайғанамайтын, ұлтарақ салынған болғаны
дұрыс. Жаяу жорық кезінде тіпті күн ыстық болған жағдайда да балалардың
шалбар жəне ұзын жеңді көйлек кигені абзал, олай дейтініміз аяқ жарақаты мен
қолдың жырылуы жорық қозғалысы кестесінің бұзылуына əкеп соқтырады.
Қозғалыс кестесі жорықтағы ең əлсіз қатысушының жағдайына (бұл ересек адамға
жəне ең кіші балаға немесе ата-анаға оған қоса түрлі заттар мен азық-түлік
артынған адамға қатысты) есептелініп құрылуы тиіс. Ара, балта жəне пышақ т.б.
құрал-саймандарды арнайы қаптарына салып, көзден таса жерде ұстау қажет жəне
де жорыққа шығар алдында балаларға бұл заттарды ұстауға тыйым салыну керек.
Отында дайындау кезінде кішкентай балалардың лагерде болуын, ал, жасөспірім
балалардың өздерімен бірге болғанын талап ету керек. Əртүрлі оқыс жағдайды
ескерте отырып, отын дайындаған кезде қауіпсіздікті сақтау керектігін ұстану.
Өзіңізбен бірге дəрігер қобдишасын жинақтау барысында адамдардың жеке-дара
келісімімен ақылдасыңыз. Бір топқа жалпы дəрігерлік қобдиша жасақталады. Оған
салынатын дəрілерді дəрігер анықтамасының көмегімен, сонымен қатар
жəндіктерден қорғанатын жəне шаққан кезде емдейтін, күнге күюден сақтайтын
жəне жарақаттанғанда қажет болатын дəрілерді алған жөн. Практикалық
тапсырма
: бивуак- шатыр құру, алғашқы алау жағу, тамақ пісіру, бивук
құрылған
жердің тарихын білу. Көпті көрген қариялармен сөйлесу.
11. Туристік гигиена. Алғашқы дəрігерлік көмек көрсету. Жарақат түрлері.
Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған
əртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға
бағытталған iс-əрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен
патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi
алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты. Кез-
келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр
жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат
алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен,
қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда
болады. Қатты сырқырататын жəне қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде
сырқаттың
жалпы
жағдайы
өте
жедел
жəне
күрт
нашарлайды.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының
тұтастығының бұзылуы - бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады
(көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында). Өлкеміздегі халық емі.
Практикалық
тапсырма: Сыныққа, күйген кездегі т.б. алғашқы жəрдем.
12. Менің өлкем. Өлкетану туралы түсінік. Өлкетанудың негізіне, тəлім –
тəрбиелікмəніне, білімдік мазмұнына Қорқыт – ата, М.Қашқари, Əл – Фараби,
Ж.Баласағұни, А.Иассауи, А.Науаи жəне т.б ғұламалардың еңбектерінде ерекше
мəн берілсе, қазақ даласының төл перзенттері, ақын – жазушылар А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Ш.Уəлиханов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов
шығармаларында өлкетану мəселесі кеңінен қарастырылады.Өз өлкесін тану
идеясы мен педагогикалық процесте өлкетану материалдарын қолдану, ұлы
ағартушылар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д. Ушинский, А.Я.Герд жəне
басқалардың еңбектерінде негізі қалыптасқан болатын. Өлкетану ғылымының
негізін салушы К.Д.Ушинский оның туған тілге жəне адамгершілікке тəрбиелеудегі
маңызын көрсетіп, жергілікті өлкені танудың педагогикалық мəнін айқындады.
Ғылымның бұл саласын К.Д.Ушинский «Отантану» деп анықтама берді.
К.Д.Ушинскийдің идеялары мен көзқарастары XIX ғасырдың ІІ - і жартысында
педагог - əдіскерлердің А.Я. Гердтің (ең алғаш практикаға экскурсияны оқыту
əдісі ретінде кіргізді), В.П.Вехтеревтің (балаларды табиғатта белсенді оқытуға
шақырып, олардың өзіндік ғылыми іс - əрекеттерін қалыптастыруды),
Л.С.Севруктің (табиғат туралы ұғымның біртұтастығын негіздеп енгізген)
еңбектерінде
жалғасын
тапты.
Өлкетану ғылымының дамуына көптеген педагог - ғалымдар П.П.Блонский,
Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.П.Пинкевич, С.Т.Щацкий өз үлестерін қосты,
олардың еңбектері барлық даму кезеңдерінде тəрбиелік жəне білім беруде үлкен
маңызы болды. Қазіргі кезде педагогикалық өлкетанудың əртүрлі жақтарына
арналған ғылыми жұмыстар бар. Өлкетануды оқу - тəрбие процесінде қолдану
мəселесін,
əртүрлі
жылдарда
бірқатар
И.И.Бескоровайный,
П.В.Иванов,
Д.В.Коцюба жəне т.б. ғалымдардың назарын аударды. Практикалық тапсырма:
«Туған өлкем-бақытым, байлығым..» шығарма, өлең, əн шығару.
13. «Өзін-өзі білген ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты» Тəуелсіз
Республика Қазақстанның тарихына қысқаша сипаттама. Егемендік жолындағы
халық қозғалыстары. Сырым батыр, Махамбет пен Исатай көтерілісі.Сырттай слайд-
экскурсия. Практикалық тапсырма: «Өзін-өзі білген ер бақытты, өзін-өзі билеген
ел бақытты» слайд жасау.
II бөлім- «Менің туған қалам»
14. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» Орал қаласының өткені
мен бүгіні. Орал / Теке, Жайық/ қаласы -Батыс Қазақстан облысының орталығы,
Қазақстанның солтүстік Батыс аймағында орналасқан. Ресейдің Астрахан,
Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен шекаралас. Қала Жайық
өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан. Орал
қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег жəне
қыпшақ тайпаларының мекен тұрақтары болды. Қала маңында ерте заман
ескерткіші- бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын
қорғандар мен қалалар қазір де кездеседі. Орал қаласы туралы зерттеулерді
салыстыру. Орал қаласының тарихи ескерткіштері, орналасуы, тарихы. Н.А.
Бородин нақты құжаттарға сүйене отырып Жайық қаласы 1622 жылы қаланғаны, *
Н. Карамзиннің 1584 жыл шамасында 600-700 казактар Жайық жағасына
қоныстанып алды..деген жұмыстарын салыстыру. *1613 жылы Орал қаласы пайда
болды деп санайды, өйткені осы жылы Амстердамда Вильгельм Блау
шеберханасында картограф Гессель Герритс «Московия картасын» жарыққа
шығарды. Оған «jaick» қаласы енген. Гессель өз жұмысына Борис Годуновтың ұлы
Мəскеу патшасы Федор Борисовичтің жеке меншік картасын қолданған. Бұл
картада да Жайық қаласы бар еді. /1605ж./ 1846 жылы Орал қаласына айрықша
құқылар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869ж. Орал облысы құрылып,
қала облыс орталығына айналды. Орал қаласы –Қазақстандағы ірі мəдени
орталықтардың бірі. Практикалық тапсырма: «Оралым көрікті əсем қала» слайд
15. «Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар»
Сырым Датұлы бастаған (1773,1775,1783-97) халық көтерілісі, Исатай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы бастауымен үш кезеңде болған қазақ шаруаларының
ұлт азаттық Орал қаласының жəне Жайық өңіріне айтарлықтай із қалдырды.
Қаладағы ірі кəсіпорындар туралы түсінік.«Зенит зауыты», «Омега», «Металист»,
«Орал механикалық зауыты» , «Орал арматуралық зауыты», «Орал полипласт
зауыты», «Аяз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Орал мемлекеттік ауыл
шаруашылық станциясы» бар.Сонымен қатар, Оралда Батыс Қазақстан темір жол
жүк тасымалының Орал филиалы орналасқан. Қала Жайық бойындағы ірі өзен
айлағы болып саналады. 18 ғасырдағы сəулет ескерткіштері сақталған. Кезінде
мұнда А.С.Пушкин болды. Ол 1833 ж. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі
туралы деректер жинай жүріп, Махамбет, Жанкісі жыраулармен кездескен.
Практикалық
тапсырма
:
Оралда
болған
атақты
ақын-жазушылар.
А.С.Пушкиннің зерттеулері. «Козы Көрпеш Баян сұлу» жыры.
16. Мұражайларға саяхат. Музей туралы түсінік. Экскурсия жасаудың
алғашқы
əліппесі. Тарихы. Қаламыздағы мұражайлар. Оларға экскурсия
жасау
. Экскурсия бiз өмiр сүретiн əлемнiң
заттар
жəне
құбылыстарының
таныстыруы процесі болады. «Экскурсия» сөзінің мағынасын ашу. Экскурсия -
жеке
тұлғаның
уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық
мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Тарихы.алғашқы
экскурсиялар.Экскурсия жасаудың əліппесі. Практикалық тапсырма: қаламызға
жаяу экскурсия жасау. «Кім Орал туралы көп біледі?» ойыны.
17. «Ата өнері –балаға мұра» Өлкеміздің өлкетанушылар. Заманында жолы
болмаған, артында жоқтаушысы аз, қайран Салық! Шоқаннан кейінгі өлкетанушы-
Салық
Бабажанұлы,
Шоқан
Уəлиханов
туралы
түсінік.
Зерттеу
жұмыстары.Заңдылықтары. Салыстыру.Талдау.Қорытынды жасау.Ұсыныс.Пікір.
18. Жерлес ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы. Өздері сүйіп
оқитын шығармаларына талдау.Практикалық тапсырма: қаламызда тұратын
ақын жазушылар шығармаларынан сөзжұмбақ құрастыру.
19. Əдеби карта жасақтау. Өлкеміздің ақын - жазушыларының туған жеріне
байланысты əдеби карта. Мысалы- Сырым ауданы Қ.Мырзалиевтың, Теректі –
Х.Есенжановтың т.б. Практикалық тапсырма: əдеби карта құрастыру.
20. Туристік-өлкетану жорығы. Жаяу туризм техникасы техникасы- маршрут
кезінде кездесетін табиғи кедергілерді меңгерудің тəсілдері мен ережелері. Ол
жалпы жəне арнайы дайындықтардан тұрады. Жалпы техникалық дайындыққа –
қозғалу біліктіліктері мен дағдыларын игеруге, ал арнайы дайындық – осы
дағдыларды жетілдіре отырып, туристік шеберліктерін шыңдауға бағытталады.
Жаяу жорықтарда жоғарғы қиындық дəрежесіндегі туристер қазіргі заманғы
жоғарғы талаптарға сай техниканың тиімді түрлерін игеру керек. Алынған
техникалық дағдылар мен тəсілдерді дұрыс пайдалану біліктіліктері жолдағы
техникалық қауіпсіздік қозғалысын бұзбай, техникалық қиын кедергілерді тез жəне
қатесіз меңгеруге көмектеседі. Практикалық тапсырма: Туристік кедергелерден
өту.Жорық кезіндегі өлкетанулық тапсырмаларды орындау.
21. Елдің ерен азаматтары. Жерлес жазушы, журналистермен кездесу. Ж.Ақбай
кездесу. Практикалық тапсырма: өлкетанулық шығармаларын оқу.
22. Туристік жорықтар жəне жаттығу сабақтары. Туристік жорықтың
гигиенасы.Табиғаттың
жас
достарына
кеңес.Шатырды
құру
жəне
бұзу
тəртібі.Күнге,
айға,
жұлдызға
қарап
бағдарлауды
үйрену.Алауға
тамақ
дайындау.Туристік жорық кезіндегі қауіпсіздік шаралары.”Өзіңмен бірге қажет
болатын затты емес, онсыз тұра алмайтын заттарды ал!”, алау жағуды үйрен,
археологиялық ескерткіштерді зерттеу.Туристік компас.Табиғат белгілерін біл.
Практикалық
тапсырма:қазақ халқының табиғат белгілеріне қарап бағдарлауын
тану.Халық көрегендігіне мысалдар келтіру.
23. «Сарғайса да газеттің ақ парағы, өткен күндер тарих боп сақталады» қала
туралы ескі кітаптар, журналдар, фото суреттер т.б. жинақтау.Кітапханада жұмыс
жасау. Мұрағаттар мен мұражайдағы жұмыс түрлері туралы мағұлымат беру.
Практикалық
тапсырма: мұрағатқа экскурсия.
24. «Туған жерді сүю парыз, сүю үшін, білу парыз» Қала туралы өлеңдердер
коллекциясын
жасау
.
А.Бақтыгереева,
Қ.Мырзалиев,
Б.Баймұханова,
Д.Мұштанова
т.б.
шығармаларымен
танысу.
Практикалық
тапсырма
:
кітапханаға экскурсия.
25. Қаланың көшелері, демалыс алаңдары, оқу орындары. Қалаға экскурсия
жасау. Слайд жасау. Қала тарихы туралы деректер жинау. Өлкетанушылар
еңбектерімен танысу. Практикалық тапсырма: қала көшелеріне экскурсия.
26. Қаладағы кітапхана, оқу орындары. Орал қаласының 40 көшесінің аты
өзгеруіне байланысты əр көшенің атауын зерттеу. Жаңадан аты берілген
көшелердің тарихы. Көшеге аты берілген адамдардың өлке тарихына қосқан үлесін
ашу. Практикалық тапсырма: əр оқушы өзі тұратын, туыстары, достары тұратын
көше тарихын, атауын, неліктен атағы берілгендігін білу.
27. Туристік-өлкетану жорығы. Жорыққа шығар алдында, топ басшысы
қатысушыларды қауіпсіздік ережесі нұсқауымен таныстыруға міндетті. Жорықты
өткізу кезіндегі негізгі сақтық жолы, ол – темірдей тəртіп жəне күн тəртібінің
сақталуы. Практикалық тапсырма: жорық болатын ауданның тарихы.
Күтілетін
нəтиже:
- тарихты, өлке тарихын толық сезіп, танып барып өз бетінше оқудың,
зерттеудің қажеттілігін білуі, зерттеуді өз бетінше жалғастыруы;
- танымдық белсенділіктің жоғары деңгейге көтерілуі;
- патриоттық, азаматтық жəне интернационалдық біліктілігінің толиранттық
мəдени қарым-қатынастыққа көтерілуі.
Пайдаланған
əдебиеттер тізімі:
1.. А.А.Остапец-Свешников. Программа туристско-краеведческой деятельности
школьников.
2. Т.К. Жездібаев. Жас туристерге кеңес
3.. А.А. Остапец.Турист- із кесушілер жорықта
4. В.В. Титова. Туристско- краеведческие кружки в школе.
5. Д.А. Белоусов. Литературно- краеведческий кружок в школе.
6. Д.Д.Байдалиев. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына
кəсіби даярлау
7. Жазба жұмыста баспа материалдары, статистика агенттігінің мəліметтері
(əлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер)
8. Туристік қызмет туралы” заң актілерінің жиынтығы
9. Теориялық база ретінде отандық, ресейлік жəне шет елдік зерттеушілер
еңбектері алынды
10. Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы.
11.. Хасанов Қайыржан: Өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. –
Алматы,
12. Емельянов Б.В. Экскурсоведение. Учебное пособие. М., 2002.
Оқуға ұсынылатын əдебиеттер:
13.Х. Досмұхамедовтың қаламынан туған өлке тарихына қатысты шығармалары:
14. «Мұрат ақынның сөздері» (1924 ж);
15.«Қазақтың өткен ақындары туралы» (1924 ж
16. .«Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет»,
17.«Шернияз шешен» (1925 ж
18.«Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» (1925 ж);
19. «Боздақтар» 1-4 том
20. Қазақстан бұқаралық ақпараттық құралдар
Достарыңызбен бөлісу: |