Байланысты: Задачи международного исследования PISA. Задачи по физике по темам
1.3. Кешенді тапсырма «Құм мен саз» (4 тапсырма). Мәтінді оқып, 1-4 тапсырмаларды орындаңдар.
Топырақ ғаламшарымыздың өсімдіктердің өсуі мен дамуын
қамтамасыз ететін ең маңызды бөлігі болып табылады. Құмды
топырақтар сазды топырақпен салыстырғанда жеңіл, жақсы
қызады және оларда судың тұрып қалуы болмайды. Өсімдікті
отырғызбас бұрын аумақтың топырағын білу керек.
Көктемде Аружан сыныбымен бірге мектеп гүлзарына гүл
отырғызды. Гүлзар топырағы құмды болды. Келесі күні Аружан
ата-анасымен бірге мектепке жақын орналасқан саяжайларына
барды. Аружан өз саяжайларына да дәл мектеп гүлзарындағыдай
гүлдерді отырғызғысы келген еді, бірақ ата-анасы саяжайдағы
топырақ сазды болғандықтан гүлдерді күн жылығасын отырғызған
дұрыс екенін айтты.