65
4 -тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
• Ғылыми білім саласы: Тірі жүйелер
• Құзіреттілік: ғылыми-жаратылыстану зерттеуінің негізгі
ерекшеліктерін түсіндіру
• Мәнмәтін (контекст): жеке
• Танымдық деңгейі: орташа
• Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
•
Жауап формасы: толық
жауап
Балалар тәжірибе жүргізуді шешті. Олар асқабақты екі
жолмен өсіруге болатынын білді. Бірінші әдіс – көшеттер өсіру,
бұл үшін тұқымдар жоспарланған асқабақ отырғызудан 1-1, 5 ай
бұрын ыдыстарға отырғызылады. Көктемде, отырғызу уақыты
келгенде өсірілген көшеттер отырғызылды. Екінші әдіс-бұл
асқабақ тұқымын суға отырғызар алдында жылы суға малу, солан
кейін ісінген тұқымдарды жерге отырғызылады. Санжар
асқабақты бірінші жолмен, ал Әнел екінші әдіспен
өсіруді шешті
Тапсырма: Балалар жүргізген эксперименттің мақсаты қандай
болды? Өз жауабыңызды жазыңыз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
Қай отырғызу тәсілі тұқымның өнуіне жақсы
мүмкіндік беретінін анықтау мақсаты
екендігі айтылады.
0
Басқа жауаптар