Батыс қазақстан облыстық білім басқармасы білім беруді дамыту орталығЫ



Pdf көрінісі
бет5/142
Дата07.02.2022
өлшемі8,73 Mb.
#24945
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Кіріспе 
 
PISA зерттеуі (Programme for International Student Assessment) 
–  Халықаралық  Экономикалық  Ынтымақтастық  және  Даму 
Ұйымы ЭЫДҰ (OECD -Organisation for Economic Co-operation and 
Development) жүзеге асыратын бағдарлама. Зерттеу барлық білім 
беру ұйымдарындағы  15 жастағы оқушылардың оқу, математика 
және жаратылыстану бағытындағы пәндерден білім жетістіктерін 
анықтауды мақсат етеді. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, 
ол  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік 
жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.  
 
Оқыту  нәтижелерінің  көрсеткіштері  оқу  бағдарламаларын 
игеру дәрежесі емес, жалпылау, ойлау, қорытынды жасау, шешім 
қабылдау  және  нәтижелі  әрекет  етуді  қажет  ететін  жағдайларда 
пәндік білім  мен  дағдыларды  қолдану  қабілеті, яғни сауаттылық 
деп аталатын негізгі құзыреттердің қалыптасуы. 
 
Барлық сауаттылық (олар стандартталған тест тапсырмалары 
арқылы  оқытылады)  қазіргі  әлемде  қолайлы  бейімделудің  жеке 
мүмкіндіктерін  дамыту,  қоғам  өміріне  белсенді  қатысу  үшін 
пәндік  білім  мен  дағдыларды  пайдалану  қабілеті  ретінде 
анықталады.  Олар  әмбебап  ойлау  әрекеттері  мен  операцияларға 
негізделген,  оларды  оқушылардың  ББД-на  сәйкес  келтіруге 
болады. 
 
Жаратылыстану-ғылыми    сауаттылығы-  жаратылыстану 
білімін пайдалану, проблемаларды анықтау, қоршаған әлемді және 
адам  іс-әрекетінің  оған  енгізетін  өзгерістерін  түсіну  және  тиісті 
шешімдер қабылдау үшін қажетті негізделген тұжырымдар жасау 
қабілеті. 
 
Факультатив  бағдарламасына  енгізілген  тапсырмалар 
төмендегі  мақсаттарды қамтиды: 
▪  заттың құрылымы мен қасиеттері (жылу өткізгіштік, электр 
өткізгіштік); 
▪  атмосфералық өзгерістер (сәулелену, қысым беру); 
▪   химиялық және физикалық құбылстар (заттың күйі, реакция 
жылдамдығы, ыдырау); 
▪  энергияны  түрлендіру  (энергияны  сақтау,  энергияны 
шашырату, фотосинтез); 
▪   күштер  мен  қозғалыс  (теңдестірілген  /  теңгерілмеген 
күштер, жылдамдық, үдеу, инерция); 
▪   құрылымы мен қызметі (жасуша, қаңқа, бейімделу); 


 

▪   адам биологиясы (Денсаулық, гигиена, тамақтану); 
▪  физиологиялық 
өзгерістер 
(гормондар, 
нейрондар);биологиялық  әртүрлілік  (түрлері,  гендері, 
эволюциясы); 
▪  экожүйелер (азық-түлік тізбегі, тұрақтылық); 
▪  Жер  және  оның  ғаламдағы  орны  (Күн  жүйесі,  күнделікті 
және маусымдық өзгерістер); 
▪  геологиялық  өзгерістер  (континентальды  ағымдар,  ауа-
райының өзгеруі) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет