Батыс Қазақстан өңіріндегі табиғат ресурстары



бет2/2
Дата18.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#84034
1   2

  • Актөбе облысында хром кенінің (Дөң кенорны) және Кемпірсай кенінде никельдің ауқымды қоры шоғырланған. Бұларға қосымша фосфорит, әктас, мәрмәр, кварц құмы кенорындары кездеседі. Ал Маңғыстау облысында жоғары сапалы құрылыс материалының қоры ұлутас шоғырланған. Ауданның солтүстігіндегі Жалпы сырт қыратында жанғыш тақтатастың жинақталған қабаты кездеседі.

Атырау – мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өндіру, құрылыс материалдарын өндіру жағынан өте дамыған өңір. Атырау қаласы – облыс орталығы. Облыстың Мақат, Доссор, Қосшағыл, Құлсары т.б. мұнай өндірістерін дүние жүзі біледі. Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласының алғашқы қарлығашы. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халықкомиссариатының жоспарлы тапсырмасынегізінде 1943 жылы басталды. 

  • Атырау – мұнай өндіру, балық аулау, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өндіру, құрылыс материалдарын өндіру жағынан өте дамыған өңір. Атырау қаласы – облыс орталығы. Облыстың Мақат, Доссор, Қосшағыл, Құлсары т.б. мұнай өндірістерін дүние жүзі біледі. Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның мұнай өңдеу саласының алғашқы қарлығашы. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халықкомиссариатының жоспарлы тапсырмасынегізінде 1943 жылы басталды. 
  • Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дистиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық нұсқа бойынша дамып,авиациялық және автомобильді бензиндер, әртүрлі моторлық және қазандық отындарын шығарумен айналысты. Батыс аймақтың дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап тасып әкелінетін қымбат дистиллятты қайта жаңғырту жолымен өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарай бастады. Өткен ғасырдың 60-жылдары жаңа технологиялық қондырғылар салу арқылы мұнай өңдеу көлемін арттыру бағыты ұсталды. 1969 жылдан бастап 2006 жылды қоса зауытта мұнайды бастапқы өңдейтін ЭЛОУ-АВТ-3, 1971 жылы ЛГ-35-11/300 каталитикалық риформинг қондырғысы іске қосылды. Ал 1980 + жылы Қазақстанда алғаш рет баяу кокстеу қондырғысы салынды. Оның шикізат бойынша жобалық қуаттылығы 600 мың тоннаны құрайды. Тоғыз жылдан соң, 1989 жылы қондырғылар қатары мұнай коксын қыздырып шынықтыру қондырғысымен толықты. Шикі кокс бойынша қондырғының өнімділігі - жылына 140 мың тонна. 2000 жылы жылдық қуаттылығы 600 текше/сағат техникалық азот шығару қондырғысы пайдалануға берілді. 2006 жылы қуаттылығы 1200 мың текше/сағат екінші техникалық азот шығаратын қондырғы іске қосылды. Мұнай өңдейтін технологиялық қондырғылар қайта жарақталып, соның арқасында жылдық қуаттылық 5 миллион тоннаға жетті.
  • Маңғыстаудағы экологияны ауыз­ға алғанда, Кеңес одағы кезінде «Ұйқылыдағы» уран кенішін игеру салдарынан пайда болған улы көл көлемінің өсуі Одақ тараған соң тоқтаған өндіріспен бірге тоқтады. Жыл сайын көлге өндірістен құйылатын 25 миллион текше метр су тоқтаған соң, көл көлемі тартылып, жан-жағы жалаңаштана бастады. Бұл өз кезегінде топыраққа сіңген, құрғаған улы, зиянды тұнбалардың желмен бірге ұшып, ауаға, ауа арқылы қоршаған ортаға тарауына ұласты. Тек 90-шы жылдардың орта тұсындағы Азот-түк зауытынан әкелінген фосфат қалдығы зиянды топырақтың біраз жерін жауып, жағдайды біраз оңалта түскен. Алайда, зиянды қалдықтардың алдын алмаса арты ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін екенін аңғарған елі­міз көлді залалсыздандыру, тұмшалау жұ­мыстарын қолға алғанына да он­шақты жылдың жүзі болды. Төрт бір­дей бағдарламаны жүзеге асыруды мақсат еткендер алдымен зауыттың қалдықтары жатқан, радиациялық фон аса жоғары болып тұрған 24 гек­­тар жердегі қалдықтарды көміп, сыр­тынан қалыңдығы 25 сантиметр ар­ма­тураланған бетонмен, оның үстінен таза топырақпен 1 метр қалыңдықта жапты. Келесі жылы мұндай жұмыстар тағы да 31 гектар жерге жүргізілді. Екін­ші бағдарламада көлдің суы тар­тылып, жалаңаштанған 2700 гек­тардай жерін рекультивациялау болса, қаланың тұрғын аймағынан шық­қан қалдық суларды тазалап, «Қош­қар ата» көліне айдау шараларын жүргізу үшінші бағдарламаға жүк. Ма­мандар, жылына 8,5 миллион тек­ше метр су айдалып тұрса, көл суы­ның табиғи булануының орнын тол­тырады деп есептейді. Улы көл айна­ласындағы топырақ құрамына ау­қымды мониторинг жүргізу төртінші бағдарламаға міндет болған. 2015 жылдан бастап улы қалдықтар мен ауыр металдардың жан-жаққа тарамауы үшін 8 гектар аумаққа жыңғыл мен сексеуіл егілген


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет