Осылайша, сана үшін «сырт», «тысқарылық» Гуссерль феноменологиясында басқаша қойылады. Сана әрдайым мазмұнды -оның ерекшелігі де, табиғаты да осында. Сана мазмұнсыз тіршілік етпейді, сана әрдайым пәнді. Сананың мұндай режимдегі әрекетіне Гуссерль схолостика кезеңінен белгілі «интенционалдылық» ұғымын қолданады. Сана әрдайым бірдеңеге бағыттаулы және бұл бағыттауда сана: алдымен өз алдына пайда болып, тіршілік етіп, содан кейін ғана басқа объектіге бағытталып, көрсетуді қажет ететін нәрсе емес.
Сана табиғатының ерекшелігі - оның әрдайым, үздіксіз, тоқтаусыз әрекетінде -бағытталуында «интенционалдануында». Гуссерль бұл жерде кейінірек Хайдеггер дамытатын ойды дөп басады. Сана және сана бағытталған нәрсе арасындағы өзара байланыстың терең негіздерінің болуы.